Бәсекеге қабілетті оқушы тәрбиелеу

  Қызылорда қаласы №1 мектеп-гимназияның  жоғары санатты экономика пәні мұғалімі Ахметова Бану Бекішқызы

Бүгінгі таңда жаңа қоғамға лайықты  жан- жақты жетілген  жеке тұлғаны қалыптастыру үшін экономика пәнінің сабақ болып енгізіліп, оқушыларға  экономикалық білім мен тәрбие берілуінің маңызы зор.

Мектеп қабырғасынан экономикалық біліммен  сусындап өскен оқушы ұқыпты, үнемшіл, іскер,икемді болып өсетіні  және жауапкершілікті сезіне білетін ерекше  дамыған қоғам мүшесі болып тәрбиеленетіні белгілі.«Жасыңда алған білімің жазып қойған хатпен тең»  дегендей  жас құрақтай өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың бойында қалыптасқан экономикалық білім, біліктілік өмірлеріне азық болар деген ойдамын.

Бәсекеге қабілетті оқушы тәрбиелеудегі  экономика пәнін оқытудың өзекті мәселелері

Бүгінгі таңда экономикалық білімсіз сапалы да тұрақты  білім алу  мүмкін   емес.Экономика қоғам өміріне ықпал ететін басты ғылымдардың бірі.Оқушылардың экономикалық білімдері мектеп табалдырығынан  басталса,  еліміздің сауатты азаматтары  мен  жауапты мамандары мол болып, жаңа дамып келе жатқан  еліміздің экономикасы үшін  тиімді болар еді.Бәсекеге қабілетті, дамыған елдер қатарына ену мүмкіндігі жақындай түсер еді

Әлемдік жаһандану шеңберінде Қазақстан үшін бір уақытта үш талапты бірдей сақтау басты бағыт болып табылады. Әлемдік экономикаға бірігу, халықаралық аренада бәсекелестікті сақтау және ел ішінде осы үрдістердің маңызды және елеулі өзгерістерге әкелуін қамтамасыз ету.

ekonomika-pani-mugalimi-ahmetova-banuТәуелсіздік алғалы бері еліміздің көптеген түбегейлі экономикалық, саяси-әлеуметтік реформалары жүргізіліп, білім беру саласы да қамтылуда. Қазақстан Республикасы өз егемендігін алған кезеңнен бастап нарықтық экономиканы бастан өткеріп отыр.  Нарық экономикасының басты қозғаушы күші – тауар өндірушілердің   тауарлар мен қызметті тұтынушылар үшін күресі ретінде көрінеді.  Оқушылар нарық заңдылықтарын ерте бастан зерттеп, зерделеп үйрене отырып өмір сүрудің әлеуметтік  тәжірибесін  қалыптастырады. Оқыту бағдарламасымен  қатар мектепте оқушылар  оқу және еңбек қызметтері кезінде қалыптасатын тұлға аралық қарым-қатынастардың бағдарламасын меңгереді. Оқушылардың кәсіби бағыттағы мәселелерді қамтитын, ересек өмірге ену дайындығын дағдыландыруда, адам белсенділігінің негізгі көзі мен тұлғаның қажеттіліктерінің дамуы үлкен маңызға ие болады.

Нарықтық қатынастардың өріс алуы жеке меншіктің әр түрінің, кәсіпкерліктің пайда болуына байланысты болып жатқан Қазақстандағы әлеуметтік –экономикалық реформалар білім беру жүйесіне, мектепте оқыту процесіне қойылатын талаптарды орындай отырып, оқушыларды өздерін қоршаған әлем, табиғи және адамдар дүниесі ретінде, олардың қажеттілігін қағаттандыру тәсілдерін таныстырады. Экономиканы үйрене отырып, оқушы адамның үш түрлі рольді ойнайтынын түсінеді: жеке тұлға , қызметкер, тұтынушы. Осы рольдердің әрқайсысын табысты  орындау үшін мақсатты дұрыс қойып, қажетті шешімдерді қабылдай білуге және экономикалық дүниетанымды қалыптастыруға мүмкіндік алады.

Қазақстандық қоғамның дамуындағы экономикалық –әлеуметтік, саяси өзгерістер мектеп алдына жаңа міндеттер жүктеуде. Мектепте жеке тұлғаны рухани қалыптастыру үшін  белгілі бір білім, іскерлік пен дағдыларды үйрететін экономикалық білім беру қажет етіледі.Оқушылардың белсенділігін оятатын экономика пәнінің өзекті мәселерін сөз ету  маңызды  құндылық  болып табылады.

Экономика пәнін оқытып игертуде  оқытушыға мынадай талаптар қойылады:

  1. Оқытушы оқушылармен бірге іскерлік ойындарды ойнауға белсене кіріседі тез және  оқушыларды дұрыс шешімдер қабылдауға үйретеді.
  2. Ол өзінің әрбір оқушысына экономиканы не мақсатпен оқуы керек екенін ұғындыра білуі керек.Өмірден нақты мысалдар келтіріп, өзі үлгі көрсетеді.Оқушылардың өз Отанын, оның экономикасын қастерлеп, сүйе білуіне үйретеді.
  3. Мұғалім әрқашан білім мен біліктілігін жаңғыртып толықтырып отыруы керек.Үнемі ізденіс үстінде болып, оқушылардың қызығушылықтарын арттыра беруі тиіс.
  4. Оқушылардың шығармашылық еңбектерін дамытуына өз үлесін қосады.Оқушыларға бағыт- бағдар беріп отырады. Балаларға еліміздің экономикалық даму жолдарын түсіндірудің, еңбекке, адамгершілікке, парасаттылыққа, инабаттылықа тәрбиелеп, Отанымыздың болашақ кәсіпкері, фермері, ел қорғаушысы, экономиканы жоғары көтеретін азаматы болуға үйретудің маңызы зор. Әрбір адам көп қырлы экономикалық қатынас арқылы басқалармен байланыста болады. Еліміздің экономикасын алға апаратын нағыз экономистер даярлау ел алдындағы шешуін күтіп тұрған мәселелердің бірі болып табылады. Мектепте экономикалық білім негіздерін оқытудың мақсаты-оқушыларды экономикалық мәдениетпен таныстыру, жеке тұлғаның дамуы , қалыптасуы негізінде материалдық құндылықтарды өндіріс мақсатына , еңбек ете білуге, экономикалық түсініктердің мағыналарына терең үңілуіне көмектеседі.

Экономикалық білім берудің деңгейлері:

  1. Оқушыларды экономикалық іс-әрекетке әлеуметтік- психологиялық жағынан дайындау. Мақсаты- жалпы даму.өмірмен, өзімен танысу, араласу мәдениеті. Нәтижесі- нарық жағдайына әлеуметтік- психологиялық жағынан дайындау.
  2. Экономикалық- теориялық дайындық. Мақсаты- өмірге белсенді арласу үшін жаңа білім саласын меңгеру. Нәтижесі- экономикалық процестерді ұғыну, практикалық тапсырмалар орындай білу.
  3. Кәсіпкерлік іс-әректке дайындық. Мақсаты- нарық талаптарына сәйкес кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру. Нәтижесі-өз ісін ұйымдастырып, жүргізе білу.Жеке тұлғаның еңбексүйгіштік, жауапкершілік, үнемшілдік, орындаушылық, белсенділік, іскерлік,тәртіптілік қабілеттері дамиды.

Жалпы бәсекелестік қатынастар туралы айтылса, онда бәсекелестік қатынастар  мен экономикалық субьекті арасындағы қатынастар кез келген экономикалық жүйеге тән. Олар ресурстардың шектеулілігінің болмай қоймайтын салдарлары болып табылады. Ресурстар шектеулі болғандықтан, шаруашылық жүргізуші субьектілер оларға ие болу үшін күресуге мәжбүр болады.Оқушылар экономикалық білім ала отырып, ресурстардың шектеулілігін ескереді, ұқыптылық пен үнемшілдікке , ысырап етпеуге дағдыланады.

Кез келген өркениетті елдің рухани бостандығының нышаны білімнің биік байрағы екендігі рас. Тәуелсіздік тұғырына табан тіреген сәттен бастап еліміз еңсесін тіктеп, әлемдік өркениет көшіне жеке  қосылды. Қазақ елдігінің көсегесін көркейтудін кілті, парасат пайымы биік, саналы жас ұрпақ тәрбелеу деп білетін Елбасымыздың көреген саясатының арқасында біздің ел өз азаматтарының келешегі, өзінің болашағы үшін барын жасауда.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік экономикалық жағдай макро және микро экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруымен, индустриалдық- инновациялық даму стратегиясын  іске асыру шегінде сапалы жаңа кезеңге өтуімен, әлеуметтік мұқтаждықтарға, кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік шығыстардың өсуімен , халықтың тұрмыс деңгейінің артуымен, әлеуметтік экономикалық қоғамдастыққа одан әрі біріктіруімен сипатталады.

Экономика саласында экономикалық ақпаратты автоматтындырып өңдеу технологиялары даму үстінде. Қоғамды ақпараттандыру- кез келген ақпарат көзіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін өзара байланысты саяси, әлеуметтік-экономикалық ғылыми факторлардың жиынтығы. Ақпараттандыру қызметтің барлық саласында ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануды, ғаламдандыруды білдіреді.

Бұл күндері телекомуникация адамдардың пікір алмасу құралына айналды. Әлемдік ғаламтор-интернет пайда болды. Күн сайын жаңа технологиямен жабдықталған сапалы өнімдер мен түрлі  жағымды жаңалықтардың болуы қуантады.

Мысалы,  «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқушылар квотаны конкурстар арқылы жеңіп алып, білімдерін жетілдіру үшін Ұлыбритания, АҚШ, Германия сияқты әлемнің бәсекеге қабілетті елдеріне барады. Сонда біздің  оқушылардың білімдері солардың қойған талаптарына сай болуы керек .Әсіресе экономикалық білімдерінің тереңдігі салыстырылады, білім бәсекесінде оқушылар сынға түседі.

Израиль мемлекеті әлемдегі жоғары білімді тұрғындар саны бойынша АҚШ-тан кейінгі 2-ші орында (тұрғындардың 20%) және инженер саны бойынша 1-ші орында.Бұл мемлекет Оңтүстік Батыс Азияда сауаттылығы жағынан ең жоғары деңгейде.  Су ресурстары мардымсыз Израиль өз елінде шығарылған дамыған тамшымен суғару технологиясына ие.

Қазақстандық экономиканың да әлемдік деңгейге көтеріліп келе жатқаныа, экономикасының тұрақталып,жас мемлекет болса да әлемге танылуына Астана қаласының бой көтеруі лайықты  мысал бола алады.

Қазіргі заман талаптарының өзгермелі әрі ұшқырлығы соншалықты, кез келген қызметті сапалы әрі толық қанды атқару үшін бір кездері алған білім-білігің аздық ете бастайды. Әсіресе қоғам дамуының қазіргідей күрделі де өтпелі дәуірінде бұл мәселе күн тәртібінен түсер емес. Сондықтан бәсекеге қабілетін арттыру үшін кейбір жастар шетелге барып білім алуды жөн санайды. Өз мемлекетіміз де жапондық және басқа да дамыған өркениетті елдердің білім экономикасының сапалылығына мән беріп, білімді ұрпақ тәрбиелеуді басты назарда ұстап отыр.

Нарықтық қатынастар бүгінгі таңда кез келген саладағы маманнан қатаң бәсекелестік жағдайында тез жол таба білуді сонымен қатар шапшаң болып жататын жаңа да күрделі өзгерістерге, күтпеген ақуалдарға тез бейімделе білетін кәсіби шебер мамандардың болуын қажет етеді. Жас кезде алған білімнің   адам өміріне азық болатынын, еліміздің еңсесін биікке көтеретін жас ұрпақ екенін оқушыға түсіндіру,ұғындыру экономика пәні мұғалімдеріне  үлкен жауапкершілік жүктейді.

Ұзын сөздің қысқасы, түйінін келтірсек,.мақалада бәсекеге қабілетті мектеп оқушыларын тәрбелеудегі экономикалық білімнің қажеттілігіне талдау жасалынған. Экономикалық білімнің маңыздылығы дәлелденген.

Пікірлер3
  1. Айжан

    Бәсекеге қабілетті оқушыны дайындау, ұстаздың шеберлігі мен білімділігін қажет етеді.

  2. Бекпенбетов Жаркынбек

    Бәсекеге қабілетті оқушы тәрбиелеудегі экономика пәнін оқытудың өзекті мәселелері жайлы және өмірге қабілетті оқушы дайындаудың теориялық негіздемесін өз тәжірибесімен ұштастыра жазған.

  3. Балнұр

    Ой-өріс қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушыларға мектептегі оқу кезіндегі қарқындылық тән. Кейбіреулерінің ақыл-ойы табанды түрде дамиды да өз қатарластарын басып озады. Олардың ақыл-ойының кемеңгерлігі сонша, оларды байқамау мүмкін емес. Мұндай балалар 3-4 жастан оқуды, жазуды, сызуды үйренеді де, өсе келе белгілі бір ғылым түрлерімен шұғылданады.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ