Әже….немесе сағыныш

«Тіршілік» деген үлкен ұғымдағы қара мен ақтың ,күн мен түннің қатар жүруі сияқты фәни мен бақидың да үздіксіз өз жұмысын орындауы мүмкін біреулер үшін қалыпты нәрсе болуы мүмкін ал мен үшін бұл жолғы орындалысы көңіліме көлеңкесін ,көбірек түсірді.

Қазақ халқының қарты барды бар үйді қадірлейтін сан ғасырлық ұстанымы бойынша ма әлде өзіңнің бойыңдағы ұрпағыңа деген деген мейір шуағың ба әлденедей тылсым күш әсерінен мен өзіңе қатты бауыр басып өстім.

Менің бойымдағы саған деген махаббатым ба әлде өздерінен алыстатып саған деген сый құрметі ме әке -шешемде көп өздеріне мені тартпайтын еді.

Сен өмірден өткен соң жақынды жоғалту бар нәрсенің мүлдем жоғалуы деген әр нәрсені уақытында бағалау деген ұғымдарға мүлдем басқа түсінікпен қарайтын болдым.

Әже Әжетайым…..

Сен өмірден озғаныңа бірнеше уақыт өтсе де дәл бүгінгідей көз алдымда .Сенің абысын- ажындарыңның қазақ әдебиетінде кездесетін арнау жоқтау мен зарлай жоқтау әдісімен бір өзіңнің бойыңдағы асыл қасиеттерді термелегенде ,мен білмейтін дара қасиеттеріңнің көп екенін мойындағаннан көзден аққан жасымды тұншыға жұта отырып, басымды изей бердім.

әже туралы эссе.Сен мен үшін ақжаулықтылардың ішіндегі ең асылысың!

Сен мен үшін ұрпақ сабақтастығының мәңгілік бәйтерегісің!

Бүкіл әжелерге тән нәрсе ме әлде тек маған ғана осындайсың ба мен дегенде шығарда жаның бөлек екенін біліп алған соң, жорта қиғылықты салатын едім -ау.

Әр жылдың ,әр қыркүйек айына бата тілекпен аттанатын едім,міне, осымен екі жыл мені қыркүйек айы өз жылылығын сезіндіре алмады. Содан шығар қыркүйек айы мен үшін тұнжыраңқы, солғындау күз айларының біріне айналды. Бірақ ,Әже сенің даусың менің мәңгілік құлағымда.

Мен үшін сағыныш бейнесі сенсің!

Жұмашев Айзат Саламатұлы

10 «А»сынып оқушысы Опорный орта мектебі Бейнеу ауданы Маңғыстау облысы

   
Пікірлер30
  1. Айгерим

    Қарты бар үйдің қазыннасы бар дейді гой, әжелеріміз аман болсын!

  2. Жауқазын

    Карттарымыз аман болсын оз баласын оскенше багады ал немерелерін олгенше багады

  3. Бекмолда Айгерім

    Әже деген абзал жан.Бар тәттісін бар жылуын немересінен аямайтын шуақты нұрлы жан.

  4. Омарбекова Асем Сансызбаевна

    Қарты бар үйдің қазынасы бар дейді.Кешегі әлдиімен бесік тербетіп, санамызға сан түрлі ертегілерді құйған аяулы асыл жандар.Әжелеріміз мың жасасын!

  5. Балжан

    Асыл әжеларіміз аман болсын?

  6. Жами

    турмыска шыканыма 2 жыл ажемнин омирден кеткенине 1жыл али сене алмайм уйге барсам кутип отыратын сиякты

  7. Айнұр

    Қарттар қазынпмыз. Бағалайық.

  8. Фариза Маратова

    әжелеріміз аман болсын!! Әрқашан кулип оинап жанымызда болсын!!!!

  9. Увалиева Жанна

    Әжеңiздiң жаны жәннатта болсын! Аллаға шүкір, менiң екi әжелерім де бар сол кiслер аман болсын!

  10. Кундызай

    Әжеміз аман болып, ұзақ жасасын

  11. Оралова Айшагүл Болатбекқызы

    Айналайын Азатжан , әжеңнің жатқан жері жайлы болсын Бұл өмір. Үрпақтар сабақтастығының жалғасы енді өзің. Мықты азамат бол.

  12. Алмагул

    Айзат, айналайын, әжеңді сағынған екенсің. Ақиық ақын Мұқағали атаң да әжесіне арнап

    … Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
    Өліге мен өзіңді телімегем.
    Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,
    Ақ кимешек жоғалса…нені көрем? – деп, жыр арнаған.емес пе? Сен де әжеңді жырға қос.

  13. Унайбекова Нурила Сапаргалиевна

    Ақ жаулықты əжелеріміз аман болсын! Барлығы жақсы болып көп жасасын.

  14. Айнур

    Ех, өте әсерлі. Әжемді есіме түсіріп жіберді ғой. Шіркін әжелеріміздің сүйегі асыл ғой

  15. Алия

    Өте керемет

  16. Айдана

    Мен әже көрген емеспін… Менің де балаларым әжесіз өсіпжатыр. Мақаланың оқып қызықтым, әсем болса қандай болсын еді?

  17. Жанерке Ертайқызы

    Әжемді бір есіме алып алдым. Қаламың ұштала берсін»

  18. Төлепбергенова Мәдина Шынболатқызы

    Өте керемет сезім. Барлығымыз ата-әжелерімізді жақсы көреміз, сағынамыз. Меніңде әжем туралы қызықты естеліктерім есіме түсіп отыр.

  19. Гулайша

    Ботақан, әжеңе деген сағынышың жүрегімді елжіретіп жіберді. Жұдырықтай жүрегіңде сағыныш, әже махаббатын, естеліктер, сезімдерің сыйып тұр. Әжеңнін бейнесін ешқашан жадыңнан өшірме. Мен сенің мына сағынышқа толы хатың арқылы өз әжемді де сағындым.

  20. Алтынғаным

    Қарты бар үйдің қазынасы бар. Ата -əжелеріміз өмір жолындағы ең керемет тəтті оқиғаларын немерелеріне айтып ғибрат алсын деген тілекпен ұрпақ тəрбиелейді. Əңгімелерін тыңдап өзіңе қажет білімді алған кереметқой.Мен де кішкентайымда атам мен əжемнің бауырында болып ортасында жатып таласқандарына мəз болып, демалыс болса болды атам мен əжемнің үйне қашып кететін едіім . Анам жұмысынан келгенше. Ата əжелеріміз аман болсын

  21. Нигина Алимова

    әр сөзі қазына асыл әжелеріміз аман болсын. бұл эссе бізді балалығымызға бір сәтке қайтарғандй болды. кішкене кезімізде бәріміз әжелеріміздің айтар әңгімесін тыңдағанды жақсы көремізғой ал есейген соң өз тіршілігімізбен жұріп олардың көңілін аулауды ұмытып жатамыз. барында қадірлейік. қарттарымыз біздің қазынамыз.

  22. Самал

    Оқып отырып әжем есіме түсіп кеттіғой. Әжемнің қызы болғасын қатты сағынамын. Әжелеріміз аман жүрсе екен. Бізге білмегенімізді үйретіп, ақылын айтып отырады. Қатты жақсы көремін әжемді?

  23. Гүлзат

    Оқып отырып Әжемді еске алдым. Мен негізі әжемнің қызымын. Кішкентайымнан әженің қызысың деп санама құлағыма құйып өсірген.Мен оған өкінбеймін. Әжемнің айтқан ақылы әрбір сөзі санамда мәңгілік сақталып қалған.Әжемнің қайтқанына да 6 жыл болыпты.Ен бірінші кездерде маған өте ауыр болды.

  24. Ербол

    Үйдегі үлкен кісілер үйдім берекесі.. ата — әжелеріміз аман болсын..

  25. Мадияр Ойдин

    Әжелер аман болсын! Мен өзім әжелерімді сағынам. Естен кетпейді, бізді аялағаны.

  26. Аружан

    Әжелер асыл жандар ғой шіркін. Барлық жылы жұмсағын немерелерінің аузына тосып,соларға бергісі келіп тұрады.» Балаң өскенше,немерең өлгенше» деген қазақта сөз бар ғой. Немерелері үшін жанын беруге дайын тұратын кісілер ғой. Әжелеріміз аман болсын.

  27. Ботакоз

    Әже асыл жан, Құрт пен майын жинап. әрдайым немерелеріне берген

  28. Aknur

    мен өз әжемді көрмедім. бірақ әжеге кім жетер деген ұғымдамын. бұл мақала әжесін қатты сағынған баланың сөзі екен. әженің немереге берер тәрбиесі өте көп. әжелер аман болсын

  29. Айгерим

    әжеміз әрқашан аман болсын. үйдің берекесі әжеміз аман болсын!

  30. Ұлбосын

    Шіркін әже деген асыл адамғой.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ