Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ағза

 

Ішек


Ішек — ас қорыту жүйесі

Ішек — ас қорыту жүйесінің бір бөлігі. Асқазандағы ас қорыту қарын сөлдерінің әсерінен басталады. Қарын сөлімен шыланған тамақ біртіндеп, аз мөлшерден ішекке түседі. Ішектің пішіні ұзын, созылмалы түтікке ұқсайды, ересек адамда оның ұзындығы 5—6 метр. Ас қорыту ішектерде жалғасады.

Ішектердің саңылауларына үлкенді-кішілі бездерден ас қорыту сөлдері бөлінеді. Тамақтың құрамындағы белок, май және көмірсулардың күрделі молекулалары ас қорыту сөлдерінің әсерінен жай заттарға ыдырайды.

Мысалы, бауырдан өт бөлінеді, ал ұйқы безі ас қорытуға өзінен бөлінетін сөл арқылы көмектеседі. Одан басқа, ішектің ішкі шырышты қабығында көптеген кішкентай бездер болады. Осы бездер тәулігіне 2—3 литр ас қорыту сөлдерін бөледі. Ішек түтікшелерінің ішкі жағын өте көп майда ішек бүрлері жауып жатады.

Ішектің бір квадрат сантиметрінде үш мыңдай ішек бүрлері болады. Осы ішек бүрлерінде күрделі, өте майда қан тамырлар шоғыры — қылтамырлар орналасады. Ішек саңылауынан қоректік заттар ішек бүрлері мен қылтамырлары арқылы өтіп, қанға түседі. Олар қанмен бауыр, тағы да басқа мүшелерге, клеткалар мен тіндерге таралады.

Пішініне және атқаратын қызметіне қарай адамның ішегі — ащы ішек және тоқ ішек деп бөлінеді. Ащы ішек асқазаннан басталып, онекіелі ішектен, аш ішектен және мықын ішектен құралады. Ащы ішек тоқ ішекке соқырішек арқылы өтеді. Соқырішек ішектің қапшық сияқты ұзарған жері, ұшында құрт сияқты өсіндісі болады. Тоқ ішек, атына сай жуан және қысқа болады. Тоқ ішекке тамақтың сіңбеген және қорытылмай қалған қалдықтары түседі.

Бұлардың құрамында қарын сөлі бөлген су көп болады. Осы тоқ ішектен су қайтадан қанға сіңеді де, қорытылмай қалған тамақ қалдықтары қоюланып, нәжіске айналады. Тоқ ішек қабырғалары үнемі жиырылып, босаңсуынан қорытылмаған тамақ қалдықтары біртіндеп, тік ішек саңылауларына қарай жылжиды. Міне, осыны тоқ ішектің толқи жиырылуы деп атайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ас Қорыту Жүйесі Дегеніміз Не?

Адам денесінде қанша түрлі ферменттердің бар екенін білесіз бе?

Бездер жайлы біз не білеміз?

Өттің ас қортудағы атқаратын қызметі жайлы не білесіз?

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Жатыр
  • Дабыл жарғағы
  • Сіңу, сорылу
  • Ұйқы
  • Бездер

комментария 57 Пікір қосу

  • Гульнара 30.01.2025 в 01:29

    Бұрын адамда ең маңызды ағза жүрек деп ойлайтынбыз. Жылдар өте келе ішек екеніне көз жеткіздім

    Ответить
  • Салтанат 14.01.2025 в 11:26

    Ішек — ас қорыту жүйесінің маңызды бөлігі болып табылатын орган. Ішек адам ағзасында тағамды қорытып, сіңіруге және организмге қажетті заттарды жеткізуге жауап береді. Ішек екі бөліктен тұрады: жұқа ішек және жуандау ішек.

    Ответить
  • Шолпан Исабекова 09.01.2025 в 08:29

    Ішкі ағзалар туралы қазақша зерттеулерді осылай көбейткен жөн. Жақсы ізденіс,оң бастама!

    Ответить
  • Туктыбаева Ляззат 05.12.2024 в 15:44

    Бұл мәтінде ішек жүйесінің ас қорытудағы рөлі мен құрылымы жақсы түсіндірілген. Ішек ас қорыту процесінің соңғы кезеңдерін жүзеге асырады және оның қызметі ас қорыту сөлдері мен ферменттердің көмегімен күрделі органикалық заттарды жай заттарға ыдыратуды қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, ішектің әртүрлі бездерден бөлінетін ас қорыту сөлдері оның тиімді жұмысын қамтамасыз етеді. Мысалы, бауырдан бөлінетін өт майларды сіңіруге көмектессе, ұйқы безі ағзаға қажетті ферменттерді бөліп шығарады.

    Ответить
  • Айдана 04.11.2022 в 23:02

    Ішек жайлы толықтай қысқа нұсқа ақпараттарды ала алдым. Көп рахмет

    Ответить
  • Эльмира 19.03.2022 в 20:53

    Мәссаған ішектің осынша ұзын болатынын неге білмегем

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025
  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері
  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!
  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • ЕРКЕТАЙ ЖАЙЛЫ
  • МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ
  • САЙТ КАРТАСЫ
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.