Domestic animals

Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Ағылшын тілі
Тақырыбы: domestic animals
Мақсаты: Үй жануарларының ағылшынша атауларын меңгерту;
Жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу;
Үйренген сөздерді қолдана білу дағдыларын арттыру;
Көрнекі-құралдар: үнтаспадағы жануарлардың дауысы, суреттер,текше, проектор;

М:Hello, how are you kids?
Балалар, жағдайларың жақсыма?
Сендер жаңғырық деген не екенін білесіңерме?
Б: Hello, we are five! Ия білеміз.

-Ол ауылда биік таулардың, ал қалада биік үйлердің арасында өмір сүреді.Біз оны көре алмаймыз. Бірақ ол біздің айтқанымызды қайталайды.Тек оның естуі үшін қаттырақ дауыстап айту керек.Ол осылайша бізбен ойнайды.
Ағылшын тілінде оны «Echo»дейміз. Қазір барлығымыз «Echo»ойнайық(ойын шартын түсіндіреді).
-Қолдарымызды жоғары көтеріп, барлығымыз биік-биік таулар болайық. Ал мен таудың арасында келе жатырмын(жануарлардың суретін бір-бірден алып, көрсетіп отырады):

биік таулар-Биік таудың арасынан мен sheep көрдім.SH-E-EP (таңғала айтады).
— I see horse.H-OR-SE!
-I see COW!
— I see CAT!
— I see DOG!

Well done!Сендер жақсы жаңғырық болдыңдар.
-Балалар, адамдарға жануарларды бағуға олардың иттері көмектеседі.Олар жануарлармен дос болады.Мал бағып жүрген ит туралы ән айтайықшы.

See my puppy rip the rag
r-r-r-r-r-r!
See my puppy rip the rag,
When he pulls so hard.
Very good!

Сергіту сәті
-Енді біраз қыдырыстап бойымызды сергітіп алайық.
Stand up!
Walk,walk,I can walk
Walk, walk,I can walk
Walk,walk,ican walk
Like a dog
Jump,jump, I can jump
Jump,jump, I can jump
Jump,jump, I can jump
Like a frog
Swim,swim, I can swim
Swim,swim, I can swim
Swim,swim, I can swim
Like a fish

Балалар, сендер жануарлардың қалай дыбыстайтынын білесіңдерме?Ендеше тыңдап көрейік.(экранға назар аударады).
Жарайсыңдар, енді сендермен ойын ойнайық.
«Find and say» дидактикалық ойыны
Жабайы жануарлардың суретінің арасынан үй жануарының суретін тауып ағылшын тілінде атайды. «Is it» құрылымымен танысады.

-What is it? Is it a cow?
Балалар «yes, it is.No, it is not» құрылымын пайдалана отырып жауап береді.
Енді балалар, келесі ойын «Who says moo?»деп аталады.
Үнтаспадан жануарлардың дауысын тыңдатады,сұрайды:
-What is it?What it says?
Well done! Very good!

Текше арқылы қорытындылайды.Жан-жағында жануарлардың суреті бар текшені балаларға береді.Не істеу қажеттігін түсіндіреді.
Текшені бір-біріне лақтырады.Қағып алған бала текшенің өзіне қарап тұрған бетіндегі жануардың атын ағылшынша атайды,қандай дыбыс шығаратынын дыбыстайды
Жарайсыңдар балалар!Lesson is over, good bye!

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. Оразамбаева Айжан

    Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін жаттап, оны айту әрине қиын. Дегенмен де балалардың балдай тәтті тілінен ағылшынша сөздер есту тәрбиеші үшін бір бақыт. Сергту сәті ұнады!

  2. Анар

    Сабақта жаңа сөзд пайдалану оны жаттау жолы өте керемет жасалған

  3. Айгерім

    Осы сабақ ьалалар үшін оте кызыеты.сергіту сәтін мәз болып куана орындайды.осы сайтка алгысым шексіз

  4. Ляззат

    Үй жануарлары тақырыбын өткізгелі жүр едім. Осы ашық сабақтың сергіту сәті өте ұнады. Осы сайттын арқасында көптеген ұстаздармен Тәжірибе алмасуға болады екен.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ