Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ағылшын тілі

 

Ағылшын тілінен атқарылған жұмыстар бойынша жылдық есеп


МДМ «Аружан» балабақшасында ағылшын тілі үйірмесіне қатысатын топтар: ортаңғы топтар: «Айгөлек» және «Күншуақ», ересек топ «Ақбота»; және даярлау топтар: «Қарлығаш» пен «Гүлден». Жалпы үйірмеге қатысатын балалар саны: 163.

2015 жылдың қыркүйек айынан ағылшын тілі кабинеті ашылды. Кабинетті әдістемелік құралдармен жабдықтадым, талапқа сай безендірдім, дидактикалық құралдармен толықтырдым.

Ағылшын тілі пәнінен мектеп жасына дейінгі балаларға арналған бағдарлама М.С. Шарипбаеваның «Изучаем английский язык» әдістемесіне негізделіп құрылды. Бұл бағдарламаның мақсатын көздейтіндігім, кішкентай жастан бастап үштілдікті жетілдіру. Бағдарлама балалардың жас ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, ағылшын тілін уйрету мақсатын көздейді және ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастыру мен ағылшын тілін дамытуды жүзеге асырады.

«Gogo adventures with English» арнаулы курс бағдарламасы ортаңғы, ересек және даярлау топтарына арналған. Баланың тілді меңгеруге қызығушылығын арттыру мақсатында, әрбір оқу іс-әрекеті бүлдіршіннің жан дүниесінде өз ізін қалдыру үшін Гоугоу атты кейіпкер енгізілді. Ол оқу іс-әрекеті барысында әр істің жаршысы, ұйымдастырушысы, оның үлгі-нұсқасымен бала жаңа тақырыпты қабылдауға бейімделеді.

Ағылшын тілі негізі бойынша мектеп жасына дейінгі балаларға бұл бағдарламада аптасына екі рет, ортаңғы топтарға 20-25мин, ал ересек және даярлық тобына 25-30 минуттан (72 сағат) жүргізіледі.

Ағылшын тілін үйрену маңызды бір қадамдардың бірі болып табылады. Ол өзімен бірге лексикалық бірліктердің дұрыс айтылуын, ағылшын тілін тез қабылдап қана қоймай, сонымен қатар шағын әңгімелерге қатысуға, диалог жүргізуге, монолог түрінде өз пікірін білдіруге үйретеді.

жылдық есеп ағылшын.Оқу іс — әрекет барысында «Funny Forest», «Рекспен саяхат», «English sounds» фонетикалық жаттығулары жүргізілді. Баланың дыбыстарды дұрыс айтуы үшін түрлі тақпақтар, өлеңдер пайдаланылды.
Ағылшын тілін үйрету барысында төмендегі нәтижелерге қол жеткізілді.

— Балалар ағылшын тілін үйрену барысында тілді өздеріне жеңіл қабылдады.
— Балалардың тілге деген қызығушылықтарының түрлі тақпақтар, өлеңдер, ойындар арқылы артылды .
— Балалар әр түрлі типтегі сұрақтарды қоя біледі, оған жауап бере біледі.
— Жоспардағы тақырыптар бойынша лексикалық бірліктерді толық меңгерді. Командаларды орындай біледі.
— Ағылшын тілінде өлеңдер, тақпақтар біледі.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында дидактикалық-әдістемелік, көрнекілік материалдар, үнтаспа, мазмұнды бейне таспалар қолданылды.

Қыркүйек айында Ақтөбе қалалық МДҰ ағылшын мұғалімдері ассоциациясының 2015-2016 жылдық жоспары құрылды.

Қазан айында өткізілген «Алтын күз» ертеңгеліктерінде «Қарлығаш» және «Гүлден» даярлау топтарының тәрбиеленушілеріне ағылшын тілінен «The leaves are falling», «Autumn» және т.б. тақпақтар үлестірілді.
Қараша айында әріптестер арасында «Достық» сайысын өткіздім. Сайысқа педагогтар, тәрбиешілер мен тәрбиеші көмекшілері қатысты. Сайыстың соңында әділқазылар алқасы жеңіске жеткен топты марапаттады.

27-ші қараша күні № 43 МДҰ «Гүлдәурен» балабақшасында өткізілген семинарға қатыстым. Семинарда «My family is friendly», «Count 1-10», «The turnip» тақырыптарына ашық қаралымдар көрсетілді.
Желтоқсан айында «Жаңа жыл» мерекесіне орай мектепалды даярлау топтары «Jingle bells» әнін орындады.

Ертеңгіліктерде «The snow is white», «New year», «My wish», «Winter» және «New year day» тақпақтары айтылды.
22-ші қаңтар күні №14 «Қонжық» балабақшасында ағылшын тілі мұғалімі А.А. Химичтің «Көңілді түстер» тақырыбына өткізген семинарға қатыстым.

28-ші қаңтар күні әріптестер арасында «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойынын өткіздім. Ойынға 6 ойыншы қатысты. Сұрақтарға дұрыс жауап берген ойыншыға мадақтау қағаздары ұсынылды.

Наурыз айында ағылшын тілінен «Наурыз – бейбітшілік пен жақсылық» атты 8-ші наурыз Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мерекелеріне арналған қашықтықтан өткізу байқауына «Гүлден» тобының оқушыларын қатыстырдым. Байқауға 5 тәрбиеленуші қатысты. Халықаралық әйелдер күніне балалар ағылшын тілінде тақпақтар мен өлең шумақтарын айтты.ТОО «English-concours» байқауға қатысқанын растайтын сертификат ұсынды.

Сәуір айының 12-13 аралығында ата-аналарға ашық есік күні өткізілді. «Айгөлек», «Күншуақ», «Гүлден», «Ақбота», «Қарлығаш» топтарында ашық қаралымдар өткізілді.

Ортаңғы және ересек топтарында «Let’s visit Dora» және даярлық топтарында ғарышкерлер күніне орай «The first flight to space» атты ағылшын тілінде ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өтті. 10-11 ата-ана қатысты. Балалар екі тілде санауды, түстерді, жануарлардың атауын ағылшын тілінде айта білді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне балалар белсене қатысты. 1-ден 10-ға дейін ағылшын тілінде тура және кері санады, жануарлардың дауысын тыңдап, қай жануар екенін ағылшын тілінде атай білді. Сергіту сәтін іс-қимылмен көрсете білді.

Жыл аяғында ағылшын тілі үйірмесіне қатысқан балалар, ағылшын тілінде амандасады, сұрақтарға жауап бере алады, 1 – ден 10 – ға дейін санауды біледі, түстерді ажырата алады. «At the Zoo», «On the Farm», «Family», «Colours», «Numbers», «Profession» тақырыптары бойынша жаңа сөздерді біледі. Ағылшын тілінде өлең, тақпақтардың барлығын айтады.

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • «Emotіons» (Технологиялық карта)
  • «My future profession»
  • Ernest Hemingway(слайд)
  • My motherland Kazakhstan
  • Happy accident

комментария 13 Пікір қосу

  • Сайра 23.12.2021 в 23:54

    Ағылшын тілі қазіргі таңда өте қажет!

    Ответить
  • Бибинур 10.12.2021 в 11:19

    Ағылшын тілін үйрету кезінде өте қажет нәрсе екен ,рахмет!

    Ответить
  • Гулназ 24.11.2021 в 08:56

    Өте қажетті дүние екен!

    Ответить
  • Меруерт 11.08.2021 в 22:38

    Сәлеметсіз бе жақсы сайт екен
    Маған ұнады.
    Көп мағұлматтар алдым рахмет

    Ответить
  • Махбал 13.07.2021 в 09:24

    маган өте унады. кейде не жазарынды білмей каласын. бул макала есеп жазуда старт алу ушин жаксы екен

    Ответить
  • Махбал 13.07.2021 в 09:23

    өте тамаша

    Ответить
  • Махбал 13.07.2021 в 09:14

    Қазақша құрастырылған есеп жоқтың қасы. Осы мақалаға қарап, өзім есеп құрастырамын

    Ответить
  • Мәншүк 06.06.2021 в 10:13

    Қазақша құрастырылған есеп табу өте қиын. Осы мақаланыі негізге алып, өз есебімді оңай құрастыра аламын

    Ответить
  • каракат 24.02.2021 в 12:20

    ағылшын тіліне керек керемет ақпарат

    Ответить
  • Saltanat 30.11.2020 в 15:44

    Керемет

    Ответить
  • Сыздыкова 07.06.2020 в 22:19

    Бұл сайт маған өте қатты ұнайды кез келген мағлұматты тегін алаласын және өте тамаша материалдар.

    Ответить
  • Асемгул 18.11.2019 в 21:32

    Ағылшын тілін үйрету барысында қажет екен!

    Ответить
  • Галия 12.02.2019 в 22:45

    Апталық мұғалімнің бет айнасы іспеттес, бір жылдық жұмысыңды осы аптылықта көрсетсең, жұмысыңның жүргені деп біледі.

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025
  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері
  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!
  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.