Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Бастауыш сынып

 

Жас психологқа 10 кеңес


stg

-Сен мектепте психолог болып жұмыс жасауды ұйғардың. Неден бастау керек? Нені білу керек?

А). Сенің тікелей басшың – директор. Кез-келген адамның тапсырмасымен жүгіре берме, «барып кел, шауып кел» емессің. Сен тікелей директорға бағынасың, сол кісінің ғана саған бұйрық беру құқығы бар.

Ә) Сен директордан мектептің алдына қойған мақсаты мен міндеттері туралы біліп ал да, өзіңнің жұмыс жоспарыңды соған орай құрастыр.

Жас маман!

Б) Психологтың жұмысынан не күтетіні туралы директордан білгеннен соң, онымен қызметтік міндеттерің туралы мұқият анықта, (бұл өте маңызды!), өзіңнің іс-әрекетің туралы ойыңмен бөліс, (қай жастағы балалармен жұмыс жасауды қалар едің, нормативтік жұмыс уақытың туралы,т.б).

В)Директормен нақты талдап анықтап ал:

-кім, қашан сенің жұмысыңды тексеріп отырады, ағымдық есеп беру мерзімдері мен формалары туралы;

-жұмыс кестең туралы, әдістемелік күніңнің болуы туралы, біліміңді жетілдіру туралы,т.б. келіс.

Г).Директор және оның орынбасарлары сенің жылдық жоспарыңды талдауға қатысады, өйткені сенің жоспарың мектептің жылдық жоспарының бөлігі.

Директор міндетті түрде өзінің қолы мен мектеп мөрі арқылы сенің қызметтік міндетіңді және жылдық жоспарыңды бекітеді.

. Іс-әрекет жасауда кейбір ескеретін тұстар бар:

Егер мектепте психологиялық қызмет орталығы болса, онда сен дайындалған ортақ жылдық жоспар бойынша жұмыс жасай бастайсың , ал егер сен жалғыз психолог болып қабылдансаң, :мектеп әкімшілігінің бекіткен жоспары бойынша жұмыс істегенің дұрыс.

Сенің ең маңызды қарайтын жұмыстарың: баланың даму кезеңдері: 1-сыныптар ( мектепке бейімделу); 4-сыныптар (орта сыныптарға көшудің психологиялық –интеллектуалдық мәселелері, дайын болуы) 5-сыныптар (орта буынға бейімделуі); 8-сыныптар (ең қиын өтпелі жеткіншектік кезең); 9-11 сыныптар (кәсіби бағдарлану кезеңі, емтихандарға психологиялық дайындық).

.Іс-әрекетіңнің негізгі бағыттары:

*Диагностикалық – дәстүрлі бағыттардың бірі.

Ескерерсің: (1-кеңес): Мектепте психолог болып қызмет етіп жүріп өзіне : «Не үшін жасаймын?», «Нәтижесі не болар екен?» «Қайткенде жақсы болар еді?» деген сауалды қойып отырмаған адам жақсы психолог болмайды. Диагностиканы үнемі жасау қиын, оны керек жағдайда ғана жаса, себебі, бұл

диагностика , оның мәліметтерін өңдеу, интерпретация сияқты жұмыстар өте көп уақыт алады.

Одан да көбірек балаларды бақыла, ата-аналармен мұғалімдермен қарым-қатынас жаса, әңгімелес. Ең басты қағидаң, ұстанымың «БҮЛДІРІП АЛМА!»,«ЗИЯН КЕЛТІРМЕ!» («Не навреди!») болсын. Яғни бақылап көргеніңнен, зерттеулеріңнен алынған мәліметтерді талдау барысында осы қағиданы естен шығарма.

Сенің жинақтаған мәліметтерің құрамында директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары (бастауыш, негізгі және жалпы) логопед, психолог, мектеп дәрігері (егер болса) бар педагогикалық консилиумда талданады, ол мәселелерді қалай тиімді шешуге болады, жолдары қарастырылады. Яғни сен жалғыз ешбір шешім қабылдамайсың.

*Түзету (коррекция) –дамытушылық жұмыс

Кеңес беру

Ескерерсің!(2-кеңес)

Саған өз проблемаларымен, сұрақтарымен келуін күтіп бос отырма. Өзің бар.

Диагностика жүргіздің бе, мұғалімімен талда (әрине, «Зиян келтірме» деген қағиданы ұстанып!

Егер балаға түзету, не дамыту жаттығулары қажет болса, көмегіңді ұсын. Егер сенің шамаң келмейтіндей мәселе болса, соған шамасы келетін көмектесуге дайын маманды тауып көмек алуын қарастыр..

(3-кеңес): Сенің кабинетіңнің есігінде (фойеде, коридорда болады) сенің жұмыс жасау кестең (график) ілініп тұрсын, онда қай уақытта не істейтінің (ата-анамен, оқушымен , мұғалімдермен) түсінікті жазылсын.

(4-кеңес): Мұғалімдер бөлмесінде қызықты тақырыпта стенд жасап іл, онда сенің бір айлық жоспарың, ата-аналар жиналысының бос кестесі (тақырыбы, уақытын мұғалімдер қосады): Стендіге мұғалімдердің сынып сағаттарын ұйымдастыруына көмектесетін небір қызықты тестілер, сауалнамалар, «Мектеп психологы», «Қызықты психолог» сияқты журналдардан мақалалар, мұғалімдердің эмоцианалдық жағдайын жақсартатын көңілді әзіл-шыны аралас тестілер ілген тиімді.

*Ағарту-сауаттандыру жұмыстары

(ата-ана жиналыстары, балалармен пікірлесулер, лекциялар, т.б.)

Ескерерсің!(5-кеңес):

7 – 8- сынып жетекшілеріне сыныппен қарым-қатынас тренингтерін, креативтік немесе «Өзін тану» тренингтерін өткізуді ұсын. Оған балалар да мұғалімдерді қатыстыр, қызықтыр.

Мұғалімдер бөлмесіне ата-аналарға , балалармен жүргізуге болатын тақырыптардың тізімін, болса, сценарийлерінің бар екенін айтып хабарландыру іл, олар сенің бұл қызметіңе риза болады, өйткені сен мұғалімдердің уақытын үнемдеп, материал тауып беріп отырсың.

Сен де бұдан ұтылмайсың, сол жұмыстарыңды айлық жоспарыңда белгіле.

Құжаттар туралы

Ескерерсің!(6-кеңес): Құжаттарға мұқият бол, өйткені сенің жұмысыңның бар екені соларға байланысты көрінеді.

а)Құжаттарды файлды папкада сақтаған дұрыс, онда:

*Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет туралы ;

*Қызметтік міндеттерің туралы (директордың қолы мен мөрі қойылған)

*Жылдық перспективтік жоспар (қолы мен мөрі қойылған, мектептің мақсатты проблемасы, психологтың мақсаты мен міндеттері, іс-әрекет түрлері мен уақыты көрсетілген болуы керек).

*Психологтың ұстаным әдебі (этикалық кодексі) (осы құралда-19-бет).

*Психологтың жүргізуге тиісті диагностикалық және түзетушілік іс-әрекетінің нормативтері және уақыт өлшемі.

*Ата-аналар жиналысының тақырыптары (бір жылға).

*Ата-аналар жиналысының кестесі (әр ай сайын толықтырылады).

*Мектептің психолого-медико-педагогикалық консилиумінің жоспары.

*Әртүрлі бұйрықтар, инструкциялар.

*б) Журналдар.

*Аптаға, тоқсанға жоспарлар.(үлгісі осы кітапта,25-бетте)

*Кеңестер (консультациялар) журналы.Бұл журналды таблица түрінде құруға болады.(үлгісін 28-беттен қараңыз)

(7-кеңес): Журналдарда №2 тізіммен кеңеске кім келді (М) –мұғалім, (а-а) ата-ана,( б)-бала деп көрсетіп отырсаң, саған айлық кеңес санын шығаруда уақытыңды үнемдейді.

*Топтық жұмысты есепке алу журналы ( осы кітапта 28-бет)

*Зерттеу нәтижелерінің папкасы.

(8-кеңес): Бөлек-бөлек файлдары бар үлкен папкаға зерттеу нәтижелерін уақытында жүйелі тіркеп сақтаған тиімді.

* Әдістемелік материалдар жинақталатын папка.

Ескер(9-кеңес):

Бұл папкада ата-анамен жұмыс, мұғалімдермен жұмыс, ертегі терапиясы, кеңестер, ,т.т. бөлім-бөлім болып тігілгені жақсы. Қызықты, пайдалы материалдарды газет, журналдардан көшіріп алып тақырыптармен топтастырып тігуге болады.

(10-кеңес):

Жұмысың (құжаттармен) іш пыстырар, немесе ауыр азапқа айналмас үшін әр жұмыс күніңнің аяғында журналдарыңды толтырып отыр, барлық жұмысыңды әр жұма сайын есептеп талда. Ай соңында тек барлық жоспар орындалды ма, қаншалықты орындалды, тиімділігі қандай, өткізілген жиналыс, берілген кеңес, тренинг,т.б. санын -есептеу ғана қалатын болады.

*8.Әдістемелер өте көп, өзің таңда. Ал мен оқулықтарға қосымша мына әдістемелерді: (орыс тілінде, алайда қолда бардың қадірін білейік)

`~Диагностика готовности ребенка к обучению в 1 – ом классе (методика Л.А. Ясюковой)

~Диагностика готовности ребенка к обучению в 5– ом классе (методика Л.А.Ясюковой)

~Диагностика психофизиологических свойств (тест Тулуз – Пьерона)

~Диагностика интеллектуальных способностей (Тест структуры интеллекта Р. Амтхауэра, Кубики Косса)

~Диагностика личных качеств ( Цветовой тест М. Люшера, Факторный личностный опросник Р. Кеттелла, Тест С. Розенцвейга, тест на тревожность, на изучение акцентуаций характера), суретті проективті тестілер, т.б. ұсынар едім.

9. Қарым –қатынас құру ерекшеліктері туралы айтсақ,

.а) Психолог және мектеп әкімшілігі.

«Сен кімге бағынасың?», т.б. сауалдар мен көлденең барып кел, алып кел деген жұмыстарды үйіп-төгу сенің қарым-қатынасыңды қиындатуы мүмкін. Не істеу керек?

Осы кеңестің (197бетте) №2 пунктін мұқият оқы.

б) Психолог және мұғалімдер ұжымы.

Бұл қарым-қатынастың негізі – тең құқылы серіктестік болуы керек. Өйткені, олардың (психологтың да мұғалімнің де) «илегені бір пұшпақ» дегендей, мақсат ортақ –ол баланың жақсы жағдайда дамуы.

Мұғалімнің тәжірибесін, ақылын, жасын сыйлап, өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынас қана өз жемісін берері анық. Ұжымда әрқашан да психологтың жұмысына ат салысатын, көмектесетін адам табылады, соларға арқа сүйе.

в) Психолог және оқушылар.

Ашық-жарқындылығың, әдемі жымиуың, шынайылық, қиын жағдайаттардан оңтайлы жол тауып шыға білу- осының бәрі сенің беделіңді құрайды.

Өзіңді ұстау әдебің, баланы зерттеуге қалай шақыратының, коридорда қалай жүретінің, балалардың қасақана жасаған «тексерулеріне» сенің реакцияң, жеткіншектердің агрессиясына жауабың да сені сынайды.

Сөз соңында ескертерім, сенің кабинетіңнің есігі барлық уақытта дерлік ашық болу керек, әрине, тек кеңес беру, не зерттеу жүргізіліп жатқанда есікті жабу керек болады. Үзіліс кезінде коридорда жүріп, балалармен қарым-қатынаста бол. Әсіресе, төменгі сынып балаларымен тығыз қарым-қатынаста болуға тырыс. Олардан сондай жақсы энергия алуға болады, әрі оларды ойын кезінде бақылау көптеген мәлімет береді.

Мен саған ТАБЫС тілеймін, Сенен жақсы педагог-психолог шығуына тілектеспін, жас маман!

Ізгі тілекпен Ғайни Сұлтанова

«Мектеп психологының жұмыс кітабы» ( Алм.2011.) оқу құралының авторы

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Бұлт. Жауын-шашын
  • Ұ дыбысы мен әріпі
  • Слайд «Аспаптар»
  • Ондық бөлшектерді азайту
  • Кітапты күте білесің бе? Ашық сабақ(слайд)

Пікірлер 38 Пікір қосу

  • Мақташ 15.10.2021 күні 19:27 уақытында

    Балалармен жұмыс істеуде , әсіресе, жас психологқа өте жақсы кеңестер берілген

    Жауап беру
  • Марияш 04.03.2021 күні 21:12 уақытында

    сәлеметсізбе сізбен жеке қалай ақылдасуға болады менің ватсап номерім 87751814345

    Жауап беру
  • Толғанай 28.02.2021 күні 15:19 уақытында

    Керемет жазылған. Бала психикалық мен ойлау қабілетін дамыту мақсаты, сана сезімін жетілдіру барлығы нақты көрсетілген.

    Жауап беру
  • Жанна 06.09.2020 күні 20:46 уақытында

    Салеметсизбе.Сиз алматыдансызба?Менде психолог мамандыгым.

    Жауап беру
  • Жанна 06.09.2020 күні 20:42 уақытында

    Салеметсизбе.Сиз алматыдансызба

    Жауап беру
  • Санбаева Нурзия Жалғасқызы 30.11.2019 күні 21:05 уақытында

    Тамаша жазылған əрі түсінікті.Бала психикасы əртүрлі болып келеді.Соған орай бала психикасының ауытқуы оның емдеу жолдары туралы жазылған.

    Жауап беру
  • Санбаева Нурзия Жалғасқызы 30.11.2019 күні 21:04 уақытында

    Өзіме керекті көп мәлімет таптым Сізге көп рахмет

    Жауап беру
  • Асемгул 18.11.2019 күні 21:20 уақытында

    Жас мамандарға осындай кеңестер қажет деп ойлаймын.Керемет!

    Жауап беру
  • Сауле 13.11.2019 күні 22:37 уақытында

    Жас мамандарға кеңесіңіз жақсы жазылған Сізге шығармашылық табыс тілеймін.

    Жауап беру
  • Дәмелі 07.11.2019 күні 00:21 уақытында

    Қандай құжаттар болу керек екені жақсы жазылған. Өйткені жас мамандарға жаөсы бағдар деп ойлаймын.

    Жауап беру
  • Дәмелі 07.11.2019 күні 00:05 уақытында

    Қазіргі кезде психолог болу- өте қиын деп ойлаймын. Сондықтан жас мамандарға осы мақаладағы кездесетін мағлұматтармен танысып, өз тәжирибесіне алу керек деп ойлаймын!

    Жауап беру
  • Сандугаш 06.11.2019 күні 00:29 уақытында

    Жас психологтарға, мәртебесі зор шебер психологтардан алған 10 кеңес артық етпейді. Керек кеңесін түртіп алдым. кеңестеріңізге рахметімді айтамын.

    Жауап беру
  • Айкенже 20.10.2019 күні 12:18 уақытында

    Жас маман үшін керемет кеңес!Әрбір жас маманның білуі тиіс материалдар!

    Жауап беру
  • Аружан 25.06.2019 күні 02:53 уақытында

    Жақсы айтылған! Қазіргі уақытта жас психологтар өте көп!Жас мамандарға тамаша кеңестер болды

    Жауап беру
  • Айгуль 19.06.2019 күні 00:32 уақытында

    Сәлеметсіз бе,Ғайни апай! Жазған кеңестеріңізге рахмет! Сіздің жазған кеңестеріңізде өзіме керектің бәрін алдым. Жақсы жазылған.Еңбегіңіз жансын.

    Жауап беру
  • Каюпов Сламбек 08.06.2019 күні 16:45 уақытында

    Мектепке келген жас психологтар қажетті іс-қағаздарды білмей жатады Сіздің ұсынып отырған жұмыс түрлерін басшылыққа алады деп оййлаймын

    Жауап беру
  • Айгерим 20.04.2019 күні 19:01 уақытында

    кеңесіңізге үлкен рахмет. сапалы жұмыстар кобие түссин!

    Жауап беру
  • Гүлнұр 26.03.2019 күні 20:07 уақытында

    Жас мамандарға тамаша кеңес екен.Əрі маңызды əрі тиянақты жазылған.Жұмысқа жаңа келген мамандардың не істерін білмей кейде сасқалақтайтыны бар.Немесе сіз айтқандай барып кел шауып келге көп жүгіреді.Сондықтан да бұл мақала жас психологтарға көп көмектеседі

    Жауап беру
  • Жанна 10.03.2019 күні 15:55 уақытында

    Дұрыс айтылған кенес. Жас психологтар қазіргі таңда көп. Осы материалды алып, осы кеңеске жүкетелсе коп комек болар еді.

    Жауап беру
  • Жаныспаева Кымбат 27.02.2019 күні 11:37 уақытында

    Мақалаңыз мазмұнды да түсінікті түрде жазылған екен. Көп адамның кәдесіне жарап, жөн сілтері анық. Жас мамандарға жақсы бағдар көрсетіп отырған сіздей білікті маманға алғысым шексіз. Көп рахмет сізге !

    Жауап беру
  • Ырыс 14.02.2019 күні 13:32 уақытында

    мен мектептен жас маман едім рахмет кенесіңізге есімде ұстайтын болам!

    Жауап беру
  • Ұлбосын 09.02.2019 күні 22:49 уақытында

    Сәлеметсізбе?Осы кеңестің 2 пункы қатты ұнады.Жақсы жазылған

    Жауап беру
  • Лаура 27.01.2019 күні 21:48 уақытында

    Мектеп психолгінің міндеттерін осы мақаланы оқып шығып біліп отырмын.Бұрын ойлайтынмын осы мен кімге бағынамын? Жоспарларымды қалай құрамын депюОйыма ой қосып осы мақала арқылы көптеген жұмыстарыма іске асты.Өзіме көшіріп алып қойын діптеріме түртіп алдым.Рахмет!Осындай ауқымды мақалалар көп жарияланып тұрса…..

    Жауап беру
  • Асел 21.01.2019 күні 17:16 уақытында

    керемет талабынызға нур жаусын

    Жауап беру
  • Гүлназ 07.01.2019 күні 11:24 уақытында

    Сізге көп рахмет айтқым келеді. Өзіме қажетті кеңес алдым. Деніңізге саулық тілеймін!!!

    Жауап беру
  • Акбокен 03.10.2018 күні 14:23 уақытында

    Қымбатты Ғайни Сұлтанова, мақалаңыз мазмұнды да түсінікті түрде жазылған екен. Көп адамның кәдесіне жарап, жөн сілтері анық. Жас мамандарға жақсы бағдар көрсетіп отырған сіздей білікті маманға алғысым шексіз. Көп рахмет сізге !

    Жауап беру
  • Толеуова Салтанат 26.01.2018 күні 21:43 уақытында

    Саламатсыз ба Гайни Султанова кенесинизге рахмет мен балабакшадагы жас психологпын сизден кенес сурайын деп едим алдын-ала сизге рахмет

    Жауап беру
  • Айнагүл 27.09.2017 күні 22:20 уақытында

    Қымбатты Ғайни Сұлтанова, мақалаңыз мазмұнды да түсінікті түрде жазылған екен. Көп адамның кәдесіне жарап, жөн сілтері анық. Жас мамандарға жақсы бағдар көрсетіп отырған сіздей білікті маманға алғысым шексіз. Көп рахмет сізге !

    Жауап беру
  • Erkezhan 17.04.2017 күні 19:31 уақытында

    Ote paidaly malimetter eken, algysym sheksiz! Almaty kalasynda satylymda bar ma, bolsa kai dukende satylatynyn aita alasyz ba? Aldyn ala rakhmet! Isinizge sattilik tileimin!

    Жауап беру
  • Ғайни 06.05.2016 күні 22:10 уақытында

    Фолиант баспасынан екінші рет басылып шықты биыл ақпанда. Қазір баспада бар, сатылуда.
    Адресі: Астана, Ш.Айманов көшесі, 13 «Фолиант» баспасы.тел.+7-707-371-03-20 (хабарласып) почтамен ала аласыз.
    Сәлеммен Ғ.Т.Сұлтанова

    Жауап беру
  • Хадиша 14.01.2016 күні 17:23 уақытында

    «Мектеп психологының жұмыс кітабы» қайдан алсам болады??? Негізі менің психолог мамандығым жоқ мектебімізде психолог мамандығы бар мұғалім болмағандықтан мені жұмыс жасауға шақырды маған қиын болама деп қорқып отырмын жұмыс жасағаныма екінші күн ғана көмек көрсетуіңізді сұраймын

    Жауап беру
  • Сауле Телегенова 15.12.2015 күні 12:30 уақытында

    Рахмет сізге! Сіздің кітабыңізді шыққаның тағатсыз тосудамын. Хабар беруіңізді өтінемін

    Жауап беру
  • Сауле 15.12.2015 күні 12:23 уақытында

    Сәлеметсіз бе, Өте керемет, Сіздің кітабыңызды қайдан сатып алуға болады. рахмет сізге, Жауап береді деп үміттенемін.

    Жауап беру
  • Айсұлу 02.11.2015 күні 14:18 уақытында

    Саламатсызба Сұлтанова Ғайни. Мектеп психологының жұмыс кітабын қайдан алсақ болады. Рахмет сізге.Жауап берер деген үміттемін.

    Жауап беру
  • Ғайни 29.10.2015 күні 00:51 уақытында

    Рахмет, пікірлеріңізге, сіздерге де табыс тілеймін.Бұл құрал толықтырыллып Фолиант баспасынан қараша-желтоқсан айында шықпақшы(20/10 баспаға кетті деген редактор)

    Жауап беру
  • Балауса 23.10.2015 күні 09:23 уақытында

    «Мектеп психологының жұмыс кітабы» ( Алм.2011.) оқу құралын қайдан сатып алуға болады? Жауап берер деген үміттемін. Рахмет.

    Facebook

    Жауап беру
  • Сауле Телегенова 20.10.2015 күні 22:23 уақытында

    «Мектеп психологының жұмыс кітабы» қайдан сатып алуға болады. Ертерек алғысымды білдіремн

    Жауап беру
  • GulnarAtayeva 06.04.2015 күні 01:06 уақытында

    Өте пайдалы, рахмет!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.