Жануарларлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Дүниетану.
Қостанай облысы
Әулиекөл ауданы
№2 Аманқарағай орта мектебі орта мектебі
Аяпбергенова Алмагүл Бахитжанқызы
ІІІ деңгейінің сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі
Сыныбы: 3

Сабақтың тақырыбы: Жануарларлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Мақсаты: Оқушылардың білім,біліктерін жүйелеу,қорыту негізінде адам-табиғат қарым-қатынасы ұғымын рухани деңгейде түсінуін қамтамасыз ету.Адамның тірі табиғаттағы орны мен рөлін бағалату,мәнін түсінуге жеткізу.

Сабақтан күтелетін нәтиже: 

-Ынтымастық атмосфера қалыптасады

-Сыни тұрғыдан ойлай алады

— Өз ойларын толық жеткізе алады

-Өмірмен байланыстыру арқылы өзара бағалауға дағдылана бастады

-Оқушылар адам мен жануарлардың   бір-бірімен тығыз байланысы туралы түсінік алады.

Түйінді идеялар: Оқушылардың қызықты ақпарат арқылы мәліметтермен танысуы, топтық жұмыс жасауы.

Сабақтың түрі,әдіс тәсілдері: Зерттеу сабағы. Сұрақ –жауап,  СТО стратегиясы «Ми шабулы»стратегиясы, «Дұрыс,бұрыс», «Мәтінді оқы және талқыла » тәсілі,  «Автор орындығы» «Бағдаршам »кері байланысы,АКТ ,шығармашылық тапсырма, жеке,  топтық жұмыстар арқылы оқушылардың ұжымдық ойлау әрекеттерін ұйымдастыру.

Дереккөздер және жабдықтар: оқулық, әдістемелік  құрал,ғаламтор,суреттер,бағалау парағы,нұсқаулық карточкалар.

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: мұғалім және оқушылар немен айналысады.

1. Мұғалімнің іс-әрекеті

Ынтымақтастық ахуал қалыптастыру. (1 мин)
Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;
Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;
Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;
Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.
Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;
Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар!
Рахмет.

bbakhitzhankiziОқушының іс-әрекеті

Шаттық шеңберінде дөңгеленіп тұрған оқушылар қимылдарды көрсетіп орындарына отырады.

«Ми шабулы»стратегиясы . Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы топтарға бөлу .  (3мин)

Табиғат неше топқа бөлінеді? Тірі табиғатқа не жатады?

Топтарға  критерий жетістіктерімен таныстыру.Тақтаға іліп қою.

Оқушылар адам,өсімдік,жануар   суреттері  арқылы топқа бөлініп , өз орнын табады.

жетістік критерийлері
1топ 2топ 3топ
Жауаптың толымдылығы
Уақыттың үнемделуі
Жұмыстың эстетикасы
ұпай

0-«2»,1-«3»,2-«4»,3-«5» баға шкаласы

3.Жаңа тақырыпқа бағыттау.(2мин) Қызығушылықты ояту

Тақырыпты анықтау үшін аннаграманы шешу

А Ғ И ТА Б Т    МАДА  УЖАНАР

Жауабы: табиғат,адам,жануар.

-Балалар,бүгін біз үш зертханаға бөліндік.Әр топ өзінің жұмыстарын атқарады.

Топтық жұмыс(2мин) Топ ішінде өз ойларын бөлісіп, оқиды.

Әр топ өз жазғандарынан біреуі шығып оқиды.

Оқушылар көреді, талдайды, ойларын, айырмашылықтарын  айтады

 

10 минут

Оқулықпен жұмыс. Нұсқаулық карточка арқылы тапсырма:

Әр топқа мәтіннің азат жолы жазылған киынды қағаз тарату. «Мәтінді оқы және талқыла»тәсілі  арқылы оқу тапсырамын.Әр топқа бөлім бөлемін.  Топ ережесін еске түсіру.

1.Әр топқа ойларын айтқызу, дәлелдету;

2. Қорытынды жасата отырып, тақырыптың идеясын ашуға жетелеймін.

Нұсқаулық карточка

1-топ:

1-тапсырма. 119 бет  екінші бөлім ,талқыла.

2- тапсырма. Үлестірілген суреттер арасынан мәтіннің  мазмұнына байланысты суреттерді таңдап алып желімдеп, баяндандар.  Постермен жұмыс (құс,қоңыз,т.б.жәндіктер)

2-топ:

1 -тапсырма..   118 бет «Жасыл өсімдіктері» Мәтінді оқы және талқыла.

2- тапсырма.  Кластер сызбасын жасандар.Жануар-Адам-Өсімдік,байланысты түсіндіріндер.(сілтеме 119 бет)

3-топ:

1- тапсырма. 120 бет «Жыртқыш аңдар» оқып,талқылау.

2 -тапсырма.Суреттерден жыртқыш жануарларын тандап олардың   табиғатқа  қандай қызмет атқарады екен?  Қандай жануарларды адам досы санайды? Неге? Сызба салып,дәлелде.

 

Жеке жұмыс: (2мин)
Топпен жұмыс (2мин).
Сыныппен жұмыс: (5мин).Әр бір топтан бір оқушы шығып сызбасын қорғайды ойларын ортаға салады, қалғаны жауаптарын толықтырады
Сергіту сәті орындалады.Интерактивті тақтаны пайдалану.2 мин

Өз бетімен оқиды.

Топ ішінде білгендерін ортаға салып ашық хатқа түсіреді.

Әнімен жаттығу жасау,би билеу

Шығармашылық тапсырма: Табиғатты аялайық.!
«Эссе» жаздыру бүкіл топқа.
«Авторлық орындық» арқылы жариялау : (4 мин)

Топтық жұмыс: (4мин)

Топпен жазады, оқиды.

Қорытынды: ( 3мин )
« Дұрыс,бұрыс» стратегиясы
1.Тірі табиғат-адам.
2.Үй жануары -түлкі.
3.Жыртқыш аң-тиін
4.жануарлар өсімдіктермен қоректенеді.
5. Өсімдіктер адамға тағам,жылу сыйлайды.

Түстері бойынша :қызыл-дұрыс Көк-бұрыс

Үйге тапсырма:
Тапсырмалар тақтада жазылады.
1. Тақырып бойынша ұнатқан бөлімге реферат жазып келу.
2.118-121 бет оқып мазмұндау.

Күнделікке жазады

Топ оқушыларының жұмысын топ басшысы  бағалайды,ұпай арқылы; 3 мин

Топтарды жетістік критерийлер бойыша бағалау.

«Бағдаршамның» түстері арқылы оқушының өз біліміне қатысты сенімділігін көрсету.

Топтарды жетістік критерийлер бойыша бағалау.

«Бағдаршамның» түстері арқылы оқушының өз біліміне қатысты сенімділігін көрсету.

atabsl

   
Пікірлер5
  1. Шолпан

    Өте жақсы жазылыпты жоспар. Болашақта сабағымда қолданамын. Осылай оқушыларға жан — жануарлардың табиғаттағы орнын түсіндіріп тұру керек.

  2. Гүлнұр

    Маған ұнады,сабағымда қолданамын рахмет

  3. Ботагөз

    Оқушыларыма өте көп пайдасын тигізеді деген сенімдемін. Өте пайдалы жақсы құрастырылған. Еркетай сайттында өте қызықты мәліметтер жарияланған. көп рахмет.

  4. Елена

    Маған ұнады,сабағымда қолданамын.

  5. Фариза

    Көп рахмет!!! маған көмектесті!!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ