Бақылау диктанты 4-сынып

«Құралайдың  салқыны»

Мамыражай  жайнаған  мамыр  айы  болатын.Күннің  көзін  табан  астында бұлт  шала  бастады.Көп  ұзамай  күн  күркіреп, найзағай  ойнады. Бұл «Құралайдың   салқыны»  еді.Осы  ұғымның  терең  сыры  бар екен. Киіктер жаңадан  төлдеген  кезде  лақтары  ұйықтап  қалатын көрінеді. Енді сол  лақтарды  шошытып  оятатын,өз аяқтарымен  тұрып, жедел  тіршілікке  ілесіп  кетуі үшін  Алла-тағала  үркітетіндей  табиғат   құбылысын  болдырған. Мұндай  құбылыс,әрине, лезде  тоқтамайды.Ол  кемінде бір аптаға  дейін   созылатын  көрінеді. Табиғаттың  әлі   жұмбақ,әлі де  құпия  қаншама сыр  жатыр ?!

/76сөз/

bastauishsinipmuglimisАрланмен   айқасқан  жолаушы

Жалғыз атты   жолаушы  жан-жағына  сескене  қарады.Айсыз  қараңғы  түн.Оңында да, соңында да қып-қызыл шоқтар  жалтырайды. Аш бөрілер  қусырып  келеді.

Жалғыз  атты  салған  айқай-сүреңнен  аш  қасқырлар  сескенетін  емес. Онан   сайын  жақындай  түседі. Батылдау   біреуі  тіпті,алдын  орағытып,кес-кестеп жүргізетін  емес.

Әлгі  арлан  қапталдап  келеді.Тістері  сақ-сақ  етеді. Бұл жолы  үйірілген  қамшыны  да  тыңдаған  жоқ. Арс  етіп, қарсы  шапты. /63сөз/

Пікірлер11
  1. Эта не ┐( ˘_˘)┌

    (-.-)Zzz..

  2. Эта не ┐( ˘_˘)┌

    Күшті екен (◔‿◔) \(^o^)/ {[(-_-)(-_-)]}

  3. Айнур

    Диктанттар өте қызықты, қажетті

  4. Гүлнұр

    Көп көп рахмет сізге осы диктант болып жатыр еді қазір алғысымыз шексіз?

    1. Эта не ┐( ˘_˘)┌

      Маған бұлар ұнады. Бірақ бізге 70 сөзден асыру керек.Ал ең төбесінде 73 сөз ол болады ал астындағы 63 сөз неге? ┐( ˘_˘)┌

  5. Толғанай

    Диктанттар өте жақсы жазылған. Керемет жүйелі нақты жазылған.

  6. Нурлыхан

    Оте керемет екен куралайдын салкыны деген диктант

  7. ARI.G.

    Онында да, солында да болу керек кой себеби он жак пен сол жакеты айтып тур гой он жагы мен соны деген арт жагы деген соз гой

  8. Лəзат

    менің қызым осы диктантар қаты үнажы

  9. ЖАДЫРА

    КЕРЕМЕТ ҰНАДЫ РАХМЕТ!

  10. зауре

    Өте жақсы

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ