Сөйлем. Қолғанат

1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Қолғанат

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды өз бетінше іздене білуге баулу.

Сабақтың міндеті:

1.Сөйлем туралы оқушыларға түсінік беру арқылы топта бір-біріменой-пікір алмасуына мүмкіндік жасау.

2.Өз бетінше сөйлем құрауға үйрету.

3.Топпен жұмыс ұйымдастыру.

Күтілетін нәтиже:

1.Балалар бір-бірімен пікір алмасады.

2.Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрайды.

Көрнекі құралдар:

Маркер, стиктер, кеспе қағаз, оқулық, дәптер, фишка, суреттер.

Сабақтың әдісі:

«Сын тұрмысынан ойлау» стратегиялары.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, өзін-өзі тану

Бағалау

Сабақ соңында топтағы белсенділігі үшін жеке жұмыс жасау қабілеті үшін оқушыларды бағалау.

Топқа бөлу

1.Ойыншылар тобы

2.Білгіштер тобы

Үй тапсырмасын пысықтау:

Қайталау сұрақтары. 2 топ бір-біріне сұрақтар қояды. Қай топ көп гүл терсе, ұпай саны артады.

«Гүл теру» ойыны.

Мәтін дегеніміз не?

Тасымал қалай жасалады?

Жуан дауысты дыбыстарды ата.

Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.

Астана сөзінде неше буын бар?

Нағашы деп кімді айтамыз?

Қызығушылықты ояту.

Ребус шешу.

1-топ. «Сөйлем»     2-топ. «Қолғанат»

Мағынаны тану

Мәжит Сейфуллинің өмірі мен шығармалары жайлы түсінік беру.

Мәтінді оқып, түсіндіру.

Топтағы оқушыларға тізбектей оқыту.

Топтарға тапсырма

1-топқа:

Сәкен қандай бала?

Ол қарындастарына қандай қамқорлық жасады?

 

2- топқа:

Анасы Сәкенді не үшін мақтан етті?

Сәкеннің қарындастарының атын атаңдар.

1-2 топқа :

Мәтіннен алғашқы екі сөйлемді көшіріп жаз. Әр сөйлем неше сөзден құралғанын анықта.

Ережеге түсінік беру:

Сөйлем сөзден құралады. Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылады. Балалар мектепке келді.      

Сергіту сәті:

 

 

Топтарға тапсырма беру. Орны ауыстырылып берген сөйлемдерден сөздер құрау.

1-топқа:  

Жасырынбақ, Ойнады, балалар.

Торлады, аспанды, бұлт

Ән, Сәуле, айтты.

2- топқа:

Тұрды, Қатты, жел.

Су, жылғалардан, ақты.

Құстар, келді, ұшып.

 

Дәптермен жұмыс:

139-жаттығу Мәтінді көшіріп жаз

Сәкен Сейфуллин – ақын әрі жазушы. Ол Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Сәкен – қоғам қайраткері.

Балалар, қараңдаршы, әр сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріппен жазылған?

Естеріңе сақтаңдар. Сөйлем бас әріппен басталып, соңына нүкте қойылады.

 

«Ой толғаныс»

А)Ойын: «Доп беру»

Оқушылар бір-біріне доп лақтырып, сөз айтады, екінші қағып алған оқушы сөйлем құрайды. Мысалы: 1-оқушы  Гүл. 2-оқушы  Мен анама гүл сыйладым.

Ә) Семантикалық карта.

Әр топтағы оқушылар бірлесе отырып, кестені толтырады.

 

  Сөйлем Сөз
Көктем келді +  
Доп   +
Мен әдепті баламын +  
Ойыншық   +
Сәуле ән айтты +  

 

Үйге тапсырма:

Қолғабыс мәтінін түсініп оқу

Сөйлемге мысалдар келтіру.

Бағалау. Топтарды бағалау жетондары арқылы салыстыра бағалау және әр топтағы белсенділік танытқан оқушыларды марапаттау.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Лаззат

    сабағыңыз ұнады.Рахмет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ