Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
Кинорежиссер А.Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі
Абдиева Гулхан Баймурзаевна, математика пәні мұғалімі
Сабақ тақырыбы: «Өмірімнің шырағы….»
Мақсаты:а) оқушыларды үлкенді құрметтеуге үйрету
ә) мейірімділік,сыйластық,адамгершілік қасиеттеріне баулу
б) өз ойын ашық айтуға үйрету,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Пән аралық байланыс: музыка,әдебиет,өзін-өзі тану
Сабақ барысы:
Сынып жетекшісі: Құрметті ата аналар, ұстаздар, менің сүйкімді қыздарым! Бүкіл әлемді жылылыққа орап көктем келді. Көктемнің алғашқы лебімен дүниежүзілік әйел қыздар мерекесі де келеді. Сіздерді осы мерекелеріңізбен құттықтаймын! Жүректеріңізге тыныштық, отбасыларыңызға береке, әрбір күндеріңізге мереке тілеймін! Бүгінгі біздің кешіміз поэзиямен өріледі. Кез келген адамзат үшін ең асыл жан ол Анасы! Міне, менің балаларым алдымен аналарын құттықтамақшы, сонымен қатар отбасыларындағы әжелері, апалары, сіңілдері, қарындастары қамтылған қабыл алыңыздар! (отбасындағы әйелдер қауымы бейнеленген слайдтар жүріп тұрады)
Бұл оқушылармен менің біргелікте жасаған жұмысым, оқушылар аналары, апалары,әжелері, сіңілдері, қарындастары жайлы эссе жазды, осы эсселерді өлеңмен өрнектеп, көркемдедік.
Дамир
Анам бала дәрігері
Халықтың қамын ойлаған
Өзі ақылды,мейірімді
Көмектеседі әр күні маған
Еңбегі оның бағаланып
Әкімнен алғыс хат алған
Жақында ғана ерлік жасап
Әдемі қарындас сыйлады маған
Отбасының берекесі
Жанерке атты қарындасым
Болашағың арайлы болып
Білім алып,жансын бағың
Ұстазымның арқасында
Мен де бүгін жасадым ерлік
3 айдан асқан қарындасыма
Өлеңменен жасадым сыйлық
Аққу
Редакцияда жұмыс істейді
Анам менің әдемі
Таңертеңнен кешке дейін
Тынымсыз қызмет етеді.
Әжемді жақсы көремін
Мен үшін жанын салатын
Сабағыма көмектесіп
Көңілімізді біздің табатын
Аружан атты сіңілімді
Қамқорлығыма бөлеймін
Мерекелеріңмен құттықтаймын
Бәріңді жақсы көремін
Дулатбек
Анасыз адам болмас бұл өмірде
Анадан асқан жан жоқ бұл дүниеде
Ана деп менің сәби жүрегімде
Соғады өмір-бақи бұл өмірде
Осылайша анашым ақ жүрекпен
Арнаймын сізге деген ақ тілекті
Ауырмай ортамызда отыра бер
Бос уақытыңда тамашалап фильмдерді
Заманбек
Аудандық білім бөлімінің
Қызметкері менің анам
Өзі сондай мейірімді
Әрі нәзік,жайдары жан
Туғанымнан мәпелеген
Анам маған тым ыстық
Ешқашанда ренжітпеймін
Көре беріңіз бізден қызық
Жібек
Жаңа ғасыр табалдырығын
Қос сәбимен қарсы алған
Менің анам нағыз батыр
Мемлекеттен сыйақыда алған
Өзі жап-жас әп-әдемі
Аспандағы айдан да артық
Болашағымды менің ойлаған
Әр күніңіз болсын жарық
Мейірбек
Анам маған ұрыспайды
Айтқанымды істейді
Өйткені ол бар нәрседен
Мені артық көреді
Қазақ тілі мен әдебиетінен
1-ші мектепте сабақ береді
Мені ертіп кету үшін
Музыка сабағымды күтеді
Әпкем менің сабағымды
Дайындауға көмектеседі
Тәртіпсіздік жасағанда
Отырғызып қойып ақыл үйретеді
Сыныпта ірі болсамдағы
Отбасының кенжесімін
Мерекелерің құтты болсын
Амандықтарыңды тілеймін
Жамал
Жібек атты анамның
Жібектей жұмсақ мінезі
Өте жақсы көремін
Әдемі әрі мейрімді өзі
Әлемдегі ең жақсы апа
Гүлжиһан атты менің апам
Маңдайымнан иіскегенде
Марқайып өсіп қуанып қалам
Айнұр атты сіңілімді
Айырбастамаймын ешнәрсеге
Әрі сырлас,әрі бауырым
Өсе бер жетіп биіктерге
Мерекемен құттықтаймын
Шын жүректен өздеріңді
Тілейтінім күндіз-түні
Мұң шалмасын жүздеріңді
Зарина
Әр күн сайын маңдайымнан иіскеп
Құлыншағым күнім дейтін
Менің анам мейрімді жан
Ұрысқаны білінбейтін
Менің анам нағыз досым
Бар сырымды бөлісетін
Өзі сондай сүйкімді
Барлық нәрсе келісетін
Самайдағы шаштарыңды
Қолдан келсе ағартпаймын
Жанымда бол асқар шыңым
Сенсіз бақытты бола алмаймын
Оралхан
Қыздар қауымы менде баршылық
Мақтайын бүгін бәріңді
Жырымменен сыйлық сыйлап
Көтерейін көңілдеріңді
Өмірдегі ең асылым
Анам менің ардақтым
Мен өзіңді жақсы көрем
Аман болшы шуақтым
«Күміс алқа» иегері
Әжем менің алтыным
Ортамызда жүре берші
Ақылшы,дана,жарқыным
Жан бауырым Ақжарқыным
Өзіңнен үлгі аламын
Ханзададай бауырыма
Тірек болар үлкен ағамын
Отбасымның берекесі
Әйелдер қауымы аман болсын
Денсаулықтары мықты болып
Үйімізде әрдайым той болсын
Бекболат
Анам менің ардақтым
Өте жақсы көретін
Өзің ғана қымбаттым
Ай мен күнге теңейтін
«Балапан» атты бақшада
Хатшы болып істейді
Құралай атты анама
Ешбір адам жетпейді
Білсеңіздер менде тағы
Апам бар жақсы көретін
Өзі сондай мейірімді
«Балам» деп мені еркелететін
Дария атты апам менің
«Боевой» жан білсеңіздер
Орысшалап сөйлегенде
Таң қаласыз көрсеңіздер
Адина
Анамның аты затына сай
Көркемдіктің дәл өзі
Психолог болғандықтан
Жағымды келер әрбір сөзі
Жастайымнан еркелеткен
Күләш апам ақылды
Зейнет жасқа жетсе дағы
Өзі сондай әдемі
Отбасының кенжесі
Мадина атты бауырым
Үйіміздің патшасы
Көрмеші өмірдің ауырын
Өмірдегі мен үшін қымбат
Анам,апам,бауырым
Болыңдаршы бәрің аман
Ешқашанда қиналмаңдар ауырып
Камила
Ең ақылды,мейірімді
Әлемдегі менің анам
Дүкенші болып жұмыс істейді
Болыңызшы әрқашан аман
Өз жұмысын құрметтейді
Анам менің ұқыпты жан
Ағам екеумізді мәпелейді
Қолдан келсе тигізбес шаң
Ақылгөйім асыл әжем
Күміс алқа иегері
Қиындықты талай көрген
Отбасымыздың кемеңгері
Әрқашанда елімізде
Тыныш,бейбіт заман болсын
Бәріміздің аналар мен
Әжелеріміз аман болсын
Ақбота
Ақылды да парасатты
Тәрбиелі менің анам
Өзі жинақы әрі төзімді
Тамақ жасауға ұста жан
Химиядан сабақ берген
Шәкірттері соңына ерген
Менің анам осындай жан
Мен өзіңді жақсы көрем
Той думанды ұнататын
Шолпан атты апам бар
Екеуіңде аман болып
Алла тағала болсын жар
Апам менің «чустрый» кемпір
Сөйлер сөзін білетін
Осылайша әзілдейді
Ақбота қызың жақсы көретін
Әділ
Мамандығы құрылысшы
Гүлсара атты анамның
Колледжде сабақ береді
Тумасы Қара-ағаш ауылының
Анам әрқашан аман болып
Қасымда болса болғаны
«Анасы бар адам қартаймайды»
Дейді ғой өлең жолдары
Болашақта жақсы адам болып
Төбеме көтерем өзіңді
Осында отырғандар бәрі куә
Орындаймын жігіттік сөзімді
Ерсұлтан
Сіздерге көңіл күй сыйлаған
Жүрегінен жыр жолдаған
Дайындалу барысында
Нервтерін біраз қозғаған
Балаларды үйретем деп
Жауапкершілік сезімдерге
Ата-анасына хабарласпай
1 ай жинады суреттіде
Әр күн сайын компьютерде
Отырады тым ұзақ
Ағылшыннан аударуға
Күтіп отырамыз бізде шыдап
Он ойланып,жүз толғанып
Шығарды осы дүниелерді
Шығармашылық шабыт келсе
Тыңдамай қояды біздерді
Анам менің шығармашыл жан
Мұны ұстаздар біледі
Жетем деген биіктерге
Еңбегімен жетеді
Осындай әсем мерекеде
Табыс тілеймін өзіңе
Сен ешқашан ауырмашы
Мұң түспесін жүзіңе
-Осында отырған барлық аналардың құрметіне «Ана туралы жыр» әні орындалады.Бұл әнді оқушылар орындайды.
-Жүсіпбеков Мейірбектің орындауында домбырада «Ана» әні орындалады.
2.Келесі кезекте балаларым өздеріне сабақ беретін ұстаз-аналарды құттықтамақшы.
Гүлнар Қайыржанқызы
Табиғаттың қыр-сырларын
Жер қыртысының қабаттарын
Еліміздің байлықтарын
Бәрін-бәрін оқытатын
Біздерде бар қызық пән
Қайыржанқызы Гүлнарды
Біз асыға күтеміз
Ол кісінің сабағында
Қызыққа батып кетеміз
Зульфия Әуезханқызы
Таза қазақша сөйлеуге
Бәрімізді үндейді
Әуезханқызы Зульфия
Көргенде бізді күлімдейді
Сізді көрсек еркелейміз
Көргендей-ақ әжемізді
Өйткені сіз мейрімдісіз
Түсінесіз әрбірімізді
Күлназ Жағыпарқызы
Ағылшын тілін үйрену
Бүгінгі күннің талабы
3-тілді бірдей білу керек
21 ғасыр адамы
Ғаламторға кірсеңдағы
Ағылшын тіліне кездесесің
Сабақты оқымай жүргеніңді
Сол кезде ғана түсінесің
Күлназ тәте бастауыштан
Бізбен бірге келеді
Әр сабаққа жанын салып
Сапалы білім береді
Сәуле Закирьяқызы
Закирьяқызы Сәуледен
Қорқушы едік бастапқыда
2 тоқсанды артқа салып
Үйреністік осы шақта
Сабақты жақсы үлгере білсең
Сәуле тәте сүйеді
Осылайша тіл табыстық
Мейрімді жүзбен күледі
Орал Зәйтүнқызы
Егеменді еліміздің
Кешегі мен бүгінгісі
Зәйтүнқызы Оралдың
Үйрететін әр күнгі ісі
Тарих пәнін сүйеміз
Талай қызық естиміз
Бүгінгі күн ертеңгі тарих
Болатынын білеміз
Күлнар Жұбанқызы
Ойыңдағы ойларыңды
Қиналмастан айтасың
Жүрегіңнің түбіндегі
Сырларыңды шашасың
Күлнар тәте әр күн сайын
Бізбен ашық сырласады
әрбір бала сөз сөйлеуге
ойын айтуға асығады
Өзін-өзі тану деген
Осылайша қызық пән
Сурет салып,өлең айтып
Риза болар әрбір жан
Сәнімгүл Бекмұратқызы
Кесте тігіп,құрақ құрап
Қуыршаққа көйлек тігеміз
Картоп аршып,салат істеп
Тамақ жасап үйренеміз
Баруға біз асығатын
Технология сүйікті сабақ
Мейірімді ұстаз Сәнімгүлмен
Үйренеміз жаңа сабақ
Сәндігүл Барқытқызы
Қолдарына көз ілеспес
Пернетақтада қозғалғанда
Өте жылдам орындайды
Әріп теруді қолға алғанда
Сәндігүлдей ұстазымыз
Информатика шебері
Бәріміз сізге қызығамыз
Бізге көп әлі берері
Әзиза Жалғасбайқызы
Жаңадан қосылған сабағымыз
Ол қаржылық сауаттылық
Өз қаржыңды игере білу
Әр адам үшін жауаптылық
Әзиза тәтей әр күн сайын
Үйретеді жаңа білім
Әр елдің ақша бірліктерінен
Жасап жүрміз бізде тізім
Нәзира Ахметжанқызы
Ән сабағы бәріміздің
Ең сүйікті пәніміз
Әр күн сайын жарасады
Биіміз бен әніміз
Нәзира тәтей ең сүйкімді
Ұстаздардың бірісіз
Осылайша әдемі болып
Өмір бойы жүріңіз
Адина мен Мейірбектің орындауында «Ұстазым» әні
3.Келесі кезек біздің ару-қыздарымызды құттықтауға келді. Жігіттер дорбадан қыздардың аты жазылған ашық хатты алады да құттықтауды оқып, өз атын жазып береді.
Зарина!!!
Қап-қара көзі тостағандай
Зарина біздің әдемі
Саған арнап өлең жазғаным
Жігіттігімнің әлегі
Мерекеңмен құттықтаймын
Гүлдей жайна көктемгі
Әр жыл сайын өлең жазам
Мұнан да жақсы кәделі
Сыныптас досың:
Ақбота!!!
Өте пысық,білімді қыз
Ақбота атты аруымыз
Сабағында үлгеріп жүр
«Үздік» деп көрсетер қаруымыз
Көктемнің алғашқы мерекесімен
Құттықтаймын өзіңді
Қызғалдақтай құлпыра бер
Аяқтаймын сөзімді
Сыныптас досың:
Жібек!!!
Жібек біздің сыныптағы
«Самый-самый модный» қыз
Әшекейлерге қызығады
Аңғарамыз оныда біз
Осылайша әрқашанда
Әдемі болып жүре бер
Сабағыңды жақсы оқып
Биіктерден көріне бер
Сыныптас досың:
Адина!!!
Волейболдың секциясына
Қалмай барып жүресің
Ұзын бойлы қыз болып кетіп
Бізге күліп жүрерсің!
Ақ-сары қыз Адина
Жыр арнаймын өзіңе
Сүп-сүйкімді,өзі нәзік
Құлпыра бер көктемде
Сыныптас досың:
Камила!!!
Математика есептерін
Жаңғақтай-ақ шағатын
Камиладай қыз бар ма екен?
Өзін ұстай алатын
Сап-салмақты мінезіңе
Қызығамыз бәріміз
Таласып қалып жүрмейік
Дос болуға әлі біз!
Сыныптас досың:
Жамал!!!
Ешкімге ауыр сөзі жоқ
Жамал бізде бір әлем
Үйде орысша сөйлескен соң
Қиналады сыныпта білем
Өз орынын білетұғын
Жамал біздің орнықты қыз
Мерекеңмен құттықтап
Жыр арнадық саған біз!
Сыныптас досың:
Аққу!!!
Ортадағы қара қыз
Аққу атты аруымыз
Жүрегі ақ,бауырмал
Балапандай сары уыз
Бауырларыңа қамқоршы
Жақсы апа бола бер
Сабағыңды жақсы оқуға
Мұнан да әрі тырысып көр
Сыныптас досың:
4.Ата-аналарға кезек береміз.
Барлығымыз қосылып «Ана туралы жыр» әнін біргелікте орындаймыз.