Мүшел той

Сабақтың тақырыбы: Мүшел той

Жалпы мақсаты: — Оқушыларға бабаларымыздан келе жатқан салтымыз бойынша 13 жас мүшел жасқа толу құрметіне өткізілетін мүшел той туралы таныстыру;

— Қазақ халқының салт-дәстүрі – ұлттық мәдениетін өзіне қатысты рәсімдермен байланыстыра дәріптеуге үйрету.

— ұлттық дүниетаным қалыптастыратын өзін тануға ықпал етер мерекелердің мазмұнын ұғындыру.

Оқу нәтижелері: Сабақ соңында оқушылар мүшел жас туралы толық мәлімет алады, осы жастың салмағы мен қазақ үшін қаншалықты маңызды екенін ұғады, әртүрлі бейнежазбаларды көру арқылы, топтық жұмыстар арқылы өз ойларын айтуды, тың идеялар ұсынуды үйренеді.

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім:

Құрметті ата- аналар, оқушылар, ұстаздар!

Бүгінгі күн біз үшін ерекше! Себебі, біздің сыныбымыздың сегіз оқушысы бірінші мүшел жасқа толып отыр, осы оқушыларымызды құттықтай отырып, сынып сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Алдымен, біздің сыныбымыз жайлы слайд шоуға көңіл бөлейік.

(презентация жіберіледі)

Ал, енді осы сыныпта өткен жылы он үш мүшел жасқа толған төрт оқушымызды шақырайық, бүгінгі тойды бастауға сол оқушыларым сөз сұраған болатын.

Ерсұлтан

Ақбота! Біз екеуміз осы сыныпта алғашқылардың бірі болып мұшел  жасқа толдық. Айтшы сенің бойыңда қандай өзгерістер бар?

Ақбота

Иә Ерсұлтан, екеуміз тәуелсіздік мерекесінде туылып,осы сыныптың үлкені болып тұрмыз, әйтседе мен сенен үш күнге үлкенмін, демек сыныптың ең үлкені менмін.

Жібек

Сендер дауласуды қоя тұрыңдар, мен болсам жаңа ғасырдың басында дүниеге келгенмін, егізім Заманбек екеуміз отбасы бюджетіне қомақты үлес қосқанбыз.

Мейірбек

Не деген мақтаншақтар жиылған мына жерге, менде қаңтардың жиырма бірінде дүниеге келгенмін

Жібек

Ой, ой ол күннің қандай ерекшелігі бар екен?

Мейірбек

Менің туылғаным, менің отбасым үшін үлкен қуаныш болып, үйімізде ұлан асыр той болған.

Ақбота

Бәрімізде қыста туылған балалар екенбіз ғой!

Бірақ бәріміздің мінезіміз жаздай.

Ерсұлтан

Бәрімізде отбасымыздың кенжесіміз!

Мейірбек

Мені ұмытып кеттіңдер, сендер мендей

болып алыңдар!

Ақбота

Соншалықты не болып қалды

Мейірбек

Мен кенже бала емеспін, жақында ғана Мереке есімді інілі болдым, құттықтап қойыңдар

Жібек

Олай болса , бүгінгі мүшел жасқа толған

достарымызды құттықтайық

Мейірбек

Адамзат туған анадан,

Ақылы іске жараған.

Адамның жасын атаулы,

Мүшелге бөліп балаған.

Жібек

Көркейер көңіл батадан,

Үлгі алып өссен атадан.

Он үшке толсаң, қазақта,

Бір мүшел жас деп атаған.

Ерсұлтан

Өнеге қалса данадан,

Өсиетті елге тараған.

Бір мүшел жасты халқымыз,

Есейген шақ деп санаған

Ақбота

Сөнбесе сенім санадан.

Ынтымақ кетпес арадан.

Кешегі күндер үлгісі,

Аңыз бен жырмен тараған.

 Сынып оқушыларының өздерін таныстыру әні. «Қара көз Гүлнара» әнінің әуенімен

Жігіттер:

8 а қыздары

Шеттерінен көркем

Нанбасаңдар міне

Көріңіздер сіздер

Қыздар:

Бізді мақтан тұтқан

Жігіттерге рахмет

Гүл жайнаған қыздар

Келдік міне, мақтан

Жігіттер:

Құлпырған арулар

Бәріңде сұлусың

Ән салып би биле

Көргендер сүйсінсін

Қыздар:

Көрсетуге өнер

Әрқашан дайынбыз

Өнерді көрсетер

Намысшыл қыздармыз

Жігіттер:

Адина ,Зарина,

Ақбота,Камила

Жібек пенен Аққу

Қыздар ғой тамаша

Қыздар:

Алпамыс,Мейірбек,

Ерсұлтан,Бекболат

Оралхан мен Дамир

Тұр міне,жарқырап

Бәрі бірге:

Алдыңызға шыққан

Өнерлі өрендер

Бүгінгі сабақта

Өздерің көріңдер

 

Ән салып, би билеп

Көтереміз көңіл

Салмақты ой айтып

Дем береміз жеңіл

 

Мұғалім:

Біздің мүшелге толған балаларымыз жинаған мәліметтер бар екен, соларға көңіл бөлейік.

        Мейірбек Адам баласы туғаннан бастап, өсіп жетілу кезеңінде қатерлі жылдар болатындығын айтып келеді. Оны мүшел жас деп атайды. Алғашқы мүшел 13 жас – бұл адамның балалық шақтан ересектік шаққа дейінгі кезеңі. Ол кезде ер балалардың дауыстары өзгеріп, қыз балалардың дене бітімі сүйкімді бола бастайды.

Жібек 25 жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. Ол кезде ер жігіт бусанып, дене құрылысы өсіп, жетіліп, күші тасып тұратын кез.

Ерсұлтан  37 жас- адам өміріндегі ең басты мүшел Бұл мүшелде адам жігітшіліктен мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызыға да, қызғана да қарайтын кез.

Ақбота 49 жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Бұл мүшелде кейбіреуі немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, «маған кәрілік келмесе екен, әлі де болса қартаймай ойнап-күліп қалайыншы» дейтін кезеңі.

Жібек   61 жас-адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, басқан ізін аңдып, жаман-жақсысын ажыратып, өзі де тәрбиеге келетін кезеңі.

Ерсұлтан  73 жас – бұл кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы, тұрса отыруы мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып, «айхай, жас кезім-ай» деп көкірегі қарс айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез.

Ақбота  85 жас – бұл мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілерімен бала құсап ұрсып, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелегіш болатын кез. Сол үшін де ел арасында «күлсең кәріге күл», бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар деседі.  Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз

10 жасқа дейін — қозы жасы деп қозы-лақ бақтырған,

10 мен 20 жас аралығын қой жасы деп қой, ешкі бақтырған,

20 мен 30 жас аралығын жылқы жасы деп жылқы бақтырған

Осымен біз көптеген ұғымдарды танып білдік.

Мұғалім: Біз енді ата аналарымызбен «Тұлғаны тану» деген ойын өткіземіз.

Шарты  сіздер мимика немесе қолдарыңызбен мен берілген сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.

1.     Неше мүшел жасыңыз бар?

2.     Мамандығыңыз қандай?

3.     Тамақты немен жисіз?

4.     Туған күніңіз қай айда және нешесі?

5.     Бидің қандай түрі ұнайды?

6.     Матаны қалай тігесіз?

7.      Неше балаңыз  бар?

8.     Тағы неше бала қалайсыз?

Мұғалім: Енді бәріміз бейнефильге назар аударымыз. Осы фильмді көріп болған соң әрбір топ өздерінің ойларын жазады және оқиды.

(«Воробей» фильмі көрсетіледі. Бұл ата ана мен бала арасындағы өмірде кездесетін жағдайдарға арналған)

Келесі кезекте балаларыңыздың сіздерге арнап дайындаған билеріне кезек береміз

 

Оқушылармен ойын өткізу. Баланың сыни ойлауына, тапқырлығына негізделген.

«Әріп тандау» Қалаған әріпін тандап алады. Сол әріп бойынша сұрақтарға жауап береді.

— Сенің атын кім?

— Фамилияң кім?

— Қайдан келдің?

— Қайда барасын?

— Немен барасын?

— Онда не өседі?

— Тағы не өседі?

— Сені кім қарсы алады?

— Оған силыққа не әпердің?

— Сендер қайда барсыңдар?

 

Ендігі кезекте орындалатын жұмыс, ата аналар мен мұғалімдер өз балаларын, балалар ата аналарын қандай да бір суретпен бейнелеп салу және неге осы суретті алғанының мағынасын түсіндіру

 

Сабақ соңында та аналар, мұғалімдер балаларға тілек тілеп, баталарын береді

   
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ