Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Бастауыш сынып

 

Көбейтудің терімділік қасиеті


Cабақтың тақырыбы: Көбейтудің терімділік қасиеті

Мақсаты: а) Есептер шығаруда көбейтудің терімділік қасиетін тиімді

қолдануды меңгеру

ә) Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, тез, дұрыс

есептеу дағдысын жетілдіру

б) Оқушыларды отансүйгіштіке, достыққа, ынтымаққа, бірлікке

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып

Әдісі: Түсіндірмелі көрнекі, жаттығу.

Көрнекілік, техникалық құралдар: Интербелсенді тақта, электронды оқулық, жаңа тақырыпқа байланысты презентация.

2novemuzddddkbdСабақтың барысы

1. Үй тапсырмасын тексеру

* Балалар біз көбейтудің қандай қасиеттерін білеміз?

* Ауыстырымдылық және үлестірімділік қасиеттерін.

* Дұрыс айтасыңдар. Қазір көбейтудің сол қасиеттерін бір пысықтап алайық. (Электронды оқулықтан пысықтау )

Көбейтудің қасиеттеріне байланысты тапсырмалар орындау, тексеру (Ауыстырымдылық қасиеті №1,2-тапсырма және үлестірімділік қасиеті №1,2,3-тапсырма)

2. Жаңа сабақ

* Ал енді бүгін көбейтудің тағы бір қасиетімен танысамыз(Электронды оқулық арқылы түсіндіру)

3. Оқулықпен жұмыс

Есеп 1. Слайд арқылы ауызша шығару

Есеп 2. Сурет бойынша түсіндіре отырып, қай тәсілдің тиімді екенін анықтау.

Ережені оқып, жұпта талдау.

4. Сергіту сәті «Қазақстан халықтары ассамблеясына-20 жыл» тақырыбындағы тәрбие минуты(слайд арқылы түсіндіру).

* 2015 – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы

Өмір – өзен, өз кезегімен жылыстай жылжып, тағы бір жыл артта қалды. Жасампаз Қазақ елінің жарқын жетістіктерін жылнамаға жазу еншісіне тиген келесі жыл, 2015 – қой жылы табалдырықтан аттады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялағаны белгілі. Айтулы жыл мызғымас бірлігі мен бұлжымас татулығын ту еткен еліміздегі ең белді институттардың бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толуына тұспа-тұс келіп отыр.

Ассамблея жылы қатардағы көп мерейтойлардың бірі емес. Бұл – Елбасы айтқандай, той тойлайтын емес, ой ойлайтын жыл. Себебі, елдегі бейбітшілік пен келісімді, тұрақтылық пен татулықты сақтап, дамытудың бірегей тетігіне айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің өшпес құндылығы – Тәуелсіздікке тірек болған Ел бірлігінің ең басты тұтқасы.

* Соңынан «Бала тілегі» әнін би қимылдарын жасап тұрып айту.

5. Дәптермен жұмыс

Есеп 3. Кезекпен тақтаға шығып, түсіндіре отырып, орындау.

(5*3)*2=30 (7*2)*5=70 20*(5*8)=800

4*(3*20)=240 6*(3* 5)=90 (50*4)*2=400

Есеп 4. Сынып болып талдап орындау.

3 сөреде — 8 қораптан

Әр қорапта- 6 құтыдан

Барлығы -? құты

1-т. ( 3*8)*6=24*6=120+24=144

2-т. 3*(8*6)=3*48=144

Жауабы: барлығы 144 құты.

3 подъезде- 10 пәтерден

Әр пәтерде-4 терезеден

Барлығы -? терезе

1-т. (3*10)*4 =120

2-т. 3*(10*4) = 120

Жауабы: барлығы 120 терезе

6. Сабақты қорытындылау. Электронды оқулықтағы тапсырмалар арқылы жаңа сабақты қорытындылау.

7. Білімдерін бағалау. Оқушылар бір-бірінің білімдерін түсінік бере отырып бағалайды.

8. Үйге тапсырма Есеп 5,6. Ереже жаттау.

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Буынға бөлейік, Сөз құрайық
  • Жаңа ғасырдағы білім беру технологиялары
  • «Дарындылар додасы» сыныптан тыс жұмыс
  • Абай өлеңдеріне иллюстрация жасау
  • Интеллектуалдық сайыс(слайд)

комментария 2 Пікір қосу

  • Мақташ 15.10.2021 в 16:10

    Сабақта білімділік мақсатымен қатар тәрбиелік мақсатқа да көңіл бөлінген. Терімділік қасиеті оқушыларға тез есептеу үшін маңызды тақырып екені белгілі. басшылыққа алуға болатын жоспар.

    Ответить
  • Назым 01.04.2017 в 18:37

    Салеметсіздер ме? Үздіктер біз сайтының ұстаздар үшін,оқушылар үшін өте қолайлы. Оқушылар көбейтудің терімділік қасиетін пайдалана отырып есептер шығаруға дағдыланады. Жас мамандарға тәжірибе алмасуға,алған тәжірибелерін шәкірттерімен бөлісуге дайын! Жіберген материалыңызға рахмет.

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025
  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері
  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!
  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • ЕРКЕТАЙ ЖАЙЛЫ
  • МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ
  • САЙТ КАРТАСЫ
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.