Дүниетану 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Бұлт. Жауын-шашын
Мақсаты: а) Табиғаттағы су туралы түсініктерін кеңейту, жауын-шашынның түрлері және оның қалай пайда болуы жайындағы білімдерін толықтыру.
ә) Туған жерін, елін сүюге, табиғатты қорғауға, оны байлықтарын көздің қарашығындай сақтауға тәрбиелеу.
б) Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, табиғат әсемдігін түсіну, сезіну қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырып, аралас сабақ
Пәнаралық байланыс:Әдебиеттік оқу
Көрнекілігі: Табиғаттағы су тақырыбындағы суреттер, дүниетанудан 3-сыныпқа арналған электронды оқулық, «Кең байтақ Қазақстан» бейнеролигі
Техникалық құрал: Интербелсенді тақта
Сабақтың барысы
І. Қызығушылықты ояту
* Балалар, алдымызда қандай мерейлі мереке келе жатыр?
* Тәуелсіздік күні
* Біз әдебиеттік оқу сабағынан осы тақырыпта қандай өлең оқып едік?
* Қайрат Әлімқұловтың «Тәуелсіздік күні» өлеңін оқыдық.
* Ендеше, қазір бір шумақтан осы өлеңді айтып бере қояйық.(Балалар өлеңді мәнерлеп айтып шығады)
* Ия, дұрыс айтасыңдар. 16-желтоқсанда біздің ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздігіне 23 жыл толып отыр. Бұл тәуелсіздігіміздің қалай келегенін сендер білесіңдер. Бүгінде біз сол тәуелсіздігіміздің және Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліне деген ерекше қамқорлығының арқасында бақытты өмір сүріп, алаңсыз білім алып отырмыз. Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағатымызда біз осы жайында егжей-тегжейлі айтқан болатынбыз.
* Елбасымыздың биылғы жолдаған жолдауы қалай аталушы еді?
* «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол».
* Дұрыс айтасыңдар. Ендеше осы нұрлы жол бізді нұрлы болашаққа апарсын деген тілекпен бүгінгі сабағымызды бастайық.
«Кең байтақ Қазақстан» тақырыбындағы бейнероликтен үзінді көрсету
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
* Көріп отырғандарыңдай, біздің еліміздің табиғаты өте көркем, көрікті жерлеге өте бай екен. Әсіресе оның көрікті көлдері мен өзендерін ерекше атап кетуге болады. Ал осы өзендер мен көлдер қалай пайда болады екен?
* Оны білу үшін «Миға шабуыл» әдісімен сұрақтарға тез жауап бере қойыңдар.
1. Өзен, көл, теңіз, мұхитты бір сөзбен қалай айтамыз?(Су қоймалары)
2. Өзен қайдан басталады?(Бастаудан)
3. Өзеннің төмен қарай қозғалысы( Өзеннің ағысы)
4. Өзеннің оң жағы (Оң жағалау)
5. Өзеннің сол жағы ( Сол жағалау)
6. Өзеннің ағып жатқан жері (Арнасы)
7. Өзеннің ағып бара жатқан жолындағы қосылатын өзендер(Оның салалары)
8. Өзеннің басқа су қоймасына келіп құятын жері(Сағасы)
9. Жердің терең бос қабаттарында және жарықтарында кездесетін сулар(Жерасты сулары).
10. Судың жол тауып, сыртқа шығатын жері(бұлақ).
11. Өте терең су өткізбейтін қабаттан алынатын құдық суы(Артезиан құдығы).
12. Су қалай ластанады(Түрлі қалдықтардан).
* Дұрыс су туралы көп мәлімет алыпсыңдар. Енді алған білімдеріңді тағы бір пысықтау үшін өткен сабақты «Электронды оқулықтан» тағы бір қайталап өтейік. (Электронды оқулықтан «Табиғаттағы су» тақырыбын пысықтау)
* Ал, қазір денемізді сергітіп алайық. Ол үшін «Жаңылыспай қайтала» ойынын ойнаймыз. Мен айтқан сөздермен қимылдарды орындаймыз.
* Күн күркіреді(Аяқпен еденді тарсылдату)
* Найзағай жарқылдады(Қол шапалақтау)
* Жаңбыр жауды (Партаға саусақтарымен тықылдату).
* Жаңбыр басылды, күн шықты(Дөңгелетіп күнді көрсету).
Қимылды тез-тез қайталау.
* Сонымен, біз жаңа табиғаттың қандай құбылыстарын бейнеледік.
* Жаңбырдың жаууын.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
* Ия, дұрыс айтасыңдар. Ендеше бір осы ойынымызды бүгінгі сабағымызбен жалғастырайық. (Электронды оқулықтан «Бұлт. Жауын-шашын» тақырыбын көріп, танысу).
VI. Кітаппен жұмыс.
1. Тақырыпты үш бөлікке бөліп оқу.
2. Оқыған бөліктерді жұпта талқылау.
3. Топ құру, топта әңгімелеу.
VII Сабақты қорытындылау
Тест.
1. Тұман мен бұлт қалай пайда болады?
а) Ауадан
ә) Судың булануынан
б) Желден
2. Ең жеңіл қандай бұлт?
а) Шарбы бұлт
ә) Будақ бұлт
б) Қабат бұлт
3. Қандай бұлттан жауын-шашын болмайды?
а) Шарбы бұлт
ә) Будақ бұлт
б) Қабат бұлт
4. Қатты ыстық кезде жауын болып жауа алмаған су буы жерге қандай түрде түседі?
а) Жауын
ә) Бұршақ
б) Қар
5. Жазда жылы ауа салқын жер бетімен жанасқан кезде не пайда болады?
а)Қырау
ә) Тамшы
б) Шық
6. Ауа райын кімдер болжайды?
а) Геологтар
ә) Географтар
б) Метеорологтар
7. Ауа райын болжайтын орталыққа мәліметтер қайдан келіп түседі?
а) Метеоорталықтан
ә) Метеорологтардан
б) Жер серіктерінен
Оқушылар тест жауаптарын дайын кілт арқылы өздері тексереді.
Электронды кітаптан жаңа тақырып бойынша тапсырмаларды орындау
10-тапсырма. Бұлттардың түрлерін салу.
13- тапсырма. Әр стакандағы судың күйін айтып беру.
14-тапсырма. Сумен қандай процесс жүреді?
15-тапсырма. Суретте қандай процесс көрсетілген?
VIII. Бағалау
Сабақта қолданылған әдістер өте тамаша.
Сабақтың тақырыбында қолданған тәсілдер ұнады