Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Бастауыш сынып

 

Ауданымыздағы таулардың тарихы


Баисова Гүлмира Ермекқызы

I санатты бастауыш сынып мұғалімі

 

Баисова  Гулмира    Ермековна Батыс Қазақстан облысы  

Тасқала ауданы  Тасқала ауылы  Қ. И. Сәтбаев атындағы 

жалпы орта білім беру мектебі   Iсанатты бастауыш сынып мұғалімі

(3-сыныпқа арналған «Туған өлке» факультативтік сабағы)

Сабақтың тақырыбы: Ауданымыздағы таулардың тарихы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:туған өлке туралы оқушылардың білімдерін толықтыру.
Дамытушылық:түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамыту,ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру,топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру
Тәрбиелік:туған жеріміздің тарихын танып,біліп,ардақтап,табиғатын аялауға үйрету,Отанға деген патриоттық сезімдерін ашу.
Сабақтың түрі:танымдық ойын
Сабақтың әдістері: ойландыру,сұрақ-жауап,іздендіру,әңгімелеу,
Сабақтың көрнекі-құралдары:интерактивті тақта,презентациялар, Батыс Қазақстан картасы,тапсырмалар парағы,ойындар.
І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу
Мұғалімнің сөзі:Бүгінгі сабақта біз бірнеше ойындар арқылы туған өлкеміз туралы тағы да білу арқылы  жұмыс жасаймыз. Топ ішінде түрлі тапсырмалар арқылы өтілген тақырыптарды қайталаймыз.
ІІ.Қызығушылықты ояту
1. «Кім тапқыр» ойыны бойынша өтілген тақырыптарды қайталаймыз Ойын ережесі бойынша бірнеше сұрақтар қойылады және кесте бойынша толтырып отырамыз.

1 Орталық көше қалай аталады?                                                                                                                                                           2. Тасқала ауданындағы ауылдың аты

3.Ауданымыздағы халықтық әжелер ансамблі қалай аталады?

4. Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіш атауы.

5. Батырдың атымен аталатын ауыл?

6. Маметова көшесіндегі мектеп   кімнің атында?

t1baisova

 

  1. «Адасқан әріптер» ойыны

t2baisova

Ешкітау, Сандықтау, Глазистый тауы, Карташов тауы

Қандай Қазақстандағы тауларды білесіңдер? Алатау, Көкшетау,Тянь Шань,Алтайтауы  т,б

Ал  ауылымызда қандай таулар бар екен ?

СЛАЙД

ІІ.Мағынаны тану .
Мұғалім сөзі: «Жері байдың елі бай» дейді қазақ халқы.Өз  өлкемізді білу  оның тарихымен танысу әр адамға парыз Сабақтың тақырыбы;   Ауданымыздың тауларының тарихы Тақырып бойынша қосымша мәлімет.(презентациялар)
Үлкен Ешкітауы – Жаңа өзен мен Орал қалалары арасындағы

Өзен-Ешкі қырқасы сілеміне енеді. Эрозиялық жолмен пайда болған.

Абстракты биіктігі 259 метр. Шоқылары күмбез тәрізді, беткейлері тік.

Етектері сай, жыралармен тілімделген. Ешкітауынан

Жайықтың кіші бір саласы Деркөл өзені бастау алады.
Облыстық маңыздағы ескерткіштер қатарына енгізілген, ең биік саналатын бұл таудыңкөлемі 175 гектар

Сандық – Жалпы сырт қыратының оңтүстігіндегі шағын тау. Тасқала ауылынан оңтүстікке қарай 5 шақырым жерде орналасқан. Абстракты биіктігі 133 метр. Жоғары бор дәуірінің мергелінен, палеогеннің құм тасынан, әк тастан, саздан түзілген. Таудың етегін антропогеннің элювий және делювий шөгінділері жапқан. Тау басы күмбез тәрізді доғаланып келеді. Төменгі беткейі сай, жыралармен тілімделген төбелерден тұрады. Қызыл, қоңыр және сортаңды топырағында бетеге, боз, жусан, еркекшөп, тағы басқа дала өсімдіктері өседі.

Глазистый тауы – Жалпы сырт қыратының  оңтүстігіндегі шағын тау. Тасқала ауылынан оңтүстікке қарай 8 шақырым жерде орналасқан. Абстракты биіктігі 196 метр. Ақтау ауылы маңындағы қорғандар тобы. Глазистый тауы ұзындығы 12-40 метр, биіктігі 0,8-3 метр топырақ үйінділерінен құралған. Ең үлкен үйіндіге тригонометриялық мұнара орнатылған. Қорғанды Б.Райымқұлов басшылық жасайтын Батыс Қазақстан облыстық мұражайдың археологиялық экспедиция тобы ашқан. Ғалымдардың болжауынша қорған ежелгі темір дәуіріне жатады.

Түйетау –Жалпы Сырт қыратының оңтүстік –батыс бөлігінде орналасқан тау жұрнағы. Ауданымыздың Ресейдің Саратов облысымен шекаралас тұсында. Теңіз деңгейінен биіктігі 168 метр. Бор кезеңінің борлы тау жыныстарынан. Пішіні күмбез тәрізді. Беткейлерін Шежін өзенінің салалары тілімдеген. Бауырайында бетеге, жусан, тағы басқалары өседі. Алабы мал жайылымы.

Карташов – Теңіз деңгейінен 193 метр биік .Бұл тау Карташов елді мекенінен 3 шақырымдай жерде. Өсімдік әлемі әр түрлі, арасында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілгендері де бар.

«Қызықты әріптер»ойыны

t3baisova

Сонымен біз қандай тауларды білеміз.  (Оқушылардың жауабы)

– Олай болса туған жеріміз туралы бейнебаян тамашалайық.

«Жайнай бер,Тасқала» әнімен аяқтау.

 

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Слайд «Аспаптар»
  • Бала сұлтан
  • Қысқы ойындар
  • Сүйкімді көртышқан(слайд)
  • «Кім жылдам?» шапшаң ойындар сайысының сценарийі

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Казбек 12.09.2014 күні 16:48 уақытында

    Гулмира макаланды окып куанып отырым жумысына саттилик тилеймин салеммен групаласын Казбек

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.