Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Бастауыш сынып

 

Әдебиеттік оқу сабағы 3-сынып


Әдебиеттік оқу сабағы 3- сынып

Сабақтың тақырыбы: Туған жер. Ө. Қанахин.

Сабақтың мақсаты: мәтін мен тарау тақырыбын үлкен ұғымдағы мағыналық байланыста ашуға мүмкіндік беру.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже. Мәтін мазмұны мен идеясын ашуға, мәтіндегі көркемдегіш құралдарға көңіл бөле отырып, талдауға мүмкіндік беру.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі. Өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту; тез, өнімді жұмыс арқылы уақытты үнемді пайдалана білу мүмкіндігіне дағдыландыру.

Тұлғалық нәтиже. Өзгенің де пікірін тыңдауға, мәдениетті сөйлеуге, сауатты жазуға, тіл байлығын арттыруға жағдай туғызу, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін тек қана туған тіл арқылы ғана жеткізуге болатынын сезіндіру.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: Қазақстан картасы, табиғат суреттері, үнтаспа, бейнетаспа, интерактивті тақта.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Түртіп алу», «Топ болып зерттеу», стратегиясы, туған жер туралы әндер, бейнефильм, слайд.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

І. Қызығушылықты ояту.

Табиғат     Отан      Ұлан      Отбасы   сөздері бойынша  4- топқа бөліну.

Ой шақыру стратегиясы. 1. Туған жер сөзін естігенде  ойларына не келеді дәптерге түртіп алу.

  1. Жазылған мәтінді оқушылар өз топтарында оқиды, әр топтан бір оқушы яғни спикер ортаға шығып ойын айтып береді.

ІІ.  Мағынаны тану.

  • а/ Мұғалімнің  кіріспе сөзі: 

ImuzТуған елім – туған жерім

Туған елдің жұпар атқан ауасы, жүректей болып желмен лүпілдей соққан гүлдері, оның шынайы табиғаты,  туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары – осының бәрі біздің туған елді құрайды. Біздің Отанымыздың табиғаты бай алуан түрлі: өзен – көлі, кең даласы, жасыл орманы, жайқалған егісі көз тартады. Біздің еліміз –пайдалы қазбалардың ордасы. Әрине, біз Отанымыздың осындай байлығы барына  қуанамыз.  (картадан көрсету).

  • ә) «Менің өлкем» бейнефильмін көрсету.

Балалар бүгінгі сабақта Өтебай Қанахиннің «Туған жер» әңгімесімен танысамыз.

  • Әңгіменің авторымен таныстыру.  (слайд көрсету).

Өтебай Қанахин (1923-1990) Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Тәуіп ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. «Мұрагер», «Көл жағасында» т.б кітаптардың авторы.

Мұғалімнің сыйы: Мәтіннің мазмұнын  әңгімелеп беру.

Сөз маржаны айдары:

Сөздікпен жұмыс.

Киелі – ерекше қасиеті бар.

Ризық – бұйырған нәсіп, ырыс.

Маңғаз – кербез, паң, тәкаппар.

Зеңгір – аспандай  биік.

Оқушылардың сұрағына жауап беру.

Оқулықпен жұмыс.

1«Туған жер»  мәтінін  4- топ, 4  абзацты оқып шығады.

Топта мәтін бөлігін мазмұндайды. Әр топтан 1 орқушы шығып ортаға мазмұндап береді.

1 – топ Туған жер сөзіне мәндес сөздер жазады.

2 – топ. Азаматтық  парыз, борыш сөздерінің мағынасын ашып жазады.

3 – топ Туған жерге қызмет ету дегенді қалай түсінетдерін жазады.

4- топ Туған жер тақырыбына мақал мәтел жазады.

Әр топ тапсырмаларын орындап ортаға шығады.

Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығулар.

Дәптермен  жұмыс.

  • Балалар әңгімеде пейзаж яғни табиғатты қандай сөздермен суреттеген?

дәптерге жазу.

ІІІ. Ой толғаныс.

1-топ.   «Менің елім» сурет салу

2-топ. Туған жеріңде нені мақтан етесің? сұрағына жауап беру.

3- топ.Өлең құрастыру. «Туған жер» Қ. Шаңғытбаевтың өлеңі. Оқушылар жасырынған сөздердің орнына сөз қойып өлең шығарады.


Туған жер

Туған жер –   . . .      бесігім,

Тербеттің     . . .        төсіңде.

Жүреді сенің               . . . ,

Мәңгі де       . . .        есімде.

 

Туған жер –   . . .      мекенім,

Бақытым        . . .      аңсаған.

Мәңгі де         . . .      өтемін,

. . .         болып   . . .  саған

 

Туған жер

Туған жер – алтын бесігім,

Тербеттің мені төсіңде.

Жүреді сенің есімің,

Мәңгі де бақи есімде.

 

Туған жер – алтын мекенім,

Бақытым сенсің аңсаған.

Мәңгі де бақи өтемін,

Қарыздар болып мен саған.

 

Оқушыларға ақынның жазған өлеңін оқып беру.

4- топ. Бес жолды өлең құрастыру.

Әр топтың тапсырмалары тыңдалады.

Мұғалім:

  • Балалар жазушы өзінің туған жеріне қандай сезімін білдірген?
  • Туған жердің ризығына нелер жатады?
  • Өз туған жеріміз Бурабайдың қандай сұлулығын айтар едіңдер?
  • Ақындар өлең шығарып, композиторлар ән шығарып, туған жерін әркім еске алып отырған. Бәріміз бірге «Өз елім менің» Сөзін жазған: Қ. Мырза Әли, әнін жазған: Н. Тілендиев әнін орындайық.

ҮІІІ.Үйге тапсырма: « Менің еліме қосар үлесім» эссе жазу.
ІХ.Бағалау.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Ойыншықтар
  • «Бақытты-сәт»-интеллектуалдық-ойын-жарыс
  • Менің отбасым. М дыбысы мен әріпі
  • Өмірбаян оқу.Әдебиеттік оқу
  • Волейбол ойыны

Пікірлер 2 Пікір қосу

  • Айнагүл 09.02.2021 күні 15:34 уақытында

    сабақ жоспары жақсы жазылған. осы бастауыш сыныптан бастап оқушыларды блум таксономиясымен дайындап, үйрете бастаса одан да жақсы деңгейде болар деген ойдамын

    Жауап беру
  • Назым 01.04.2017 күні 18:53 уақытында

    Туған жер туралы жазылған сабақ жоспары өте керемет! Әркімнің өз туған жерін, туған елін қорғап, қоршап, өз аналарындай жақсы көрсе деген тілектемін.Өз туған жеріңнің топырағы да,ауасы да ыстық қой! Барлық жастар осыны білсе дейміз»

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.