Әдебиеттік оқу 3 сынып «Жаз келер»

KKKATСабақтың тақырыбы: Жаз келер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрете отырып, жаз мезгілінің ерекшеліктерін анықтату

Міндеттер: Табиғат пен адам үйлесімділігі туралы түсіндіру

Жазғы еңбек түрлерімен таныстыру

Көрнекіліктер: АКТ, суреттер,

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Бүгін сендер сабаққа келе жатқанда ашық күнге, жасыл жапырақтарға, табиғаттың әсемдігіне қарап көңіл-күйлерін көтерілген болар. Біз сабағымызды бір-бірімізге күлімдеп қарап, жақсы ниетпен бастайық. Күн жылынып, қар ерісімен бүкіл тірі табиғат көктемгі тіршілігіне кіріседі. Табиғаттан алуан түрлі түстерді байқауға болады. Сендер мына гүлдерден өздеріңе ұнаған түсті таңдап алыңдар. Гүлдердің түсі бойынша топқа бөлдім

Қызыл түс

Сары түс

Қызыл түс

Көк түс

Топ аттарына қарай әр түс өз онына отырады.

1.Қызығушылығын ояту. Оқушы жеке жаз сөзіне өз ойын жазады. Жұпта талдайды. Топта топтастырады. Әр топ «Жаз» тақырыбының мағынасын ашады.

«Жаз» тақырыбына әр топ өз ойларын айтады.

ІІ. Мағынаны ашу. Оқушылар жеке «Жаз келер» өлеңін өздері оқиды. Өлеңнің мазмұнын жұпта талқылайды. Топта талқылайды. Әр топқа тапсырма беріледі.

1топ Жаздыгүні табиғатта қандай өзгерістер болады?

2 топ Өлеңде жаз мезгілі қалай суреттелген?

3 топ Жазғы демалысты қалай өткіземін?

4 топ Адамдардың жазғы еңбегі туралы өз ойларыңды айтыңдар?

Топ мүшелері сұраққа дайындалып, жауап береді. Топта «Жаз» тақырыбына топ болып сурет салады. Әр топ басқа топтың жұмысына баға қояды.

Ой толғау: «Жаз келді» тақырыбына эссе жазу.

Қорытынды: Бағалау. Топ басшылары топ мүшелеріне баға қояды. Үйге «Менің жазғы демалысым» тақырыбында эссе жаз

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Айнур

    Саьақтың құрылымы өте ұнады.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ