...

Балаларға арналған қу түлкі ойыны

Ойнаушылар бір-бірінен бір қадам қашықтықта шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші бәрінің көз жұмуларын сұрайды. Балалар көздерін жұмады, ал тәрбиеші шеңберді айналып (балалардың  артымен) шығады да, ойнаушылардың біреуін түртіп қалады да,сол  балақу түлкі болып саналады. Тәрбиеші содан соң балаларға көздерін аштырады да, жан-жақтарына ұқыпты қарауды, кімнің осылардың ішінде қу түлкі екендігін білдіріп қояр дейді.

Ойнаушылар (аздаған саябыр дауыспен) үш рет дауыстап, алдымен жайлап, содан соң даусын көтеріп: «Қу түлкі, сен қайдасың?» деп сұрайды. Бұл кезде бәрі бір-біріне қарайды.

ku-tulki-oyniОйнаушылардың бәрі (оның ішінде қу түлкі де) үшінші рет сұрайды. «Қу түлкі сен қайдасың?» деп сұрағанда қу түлкі шеңбердің ортасына тез шығып, қолын жоғары көтеріп: «Мен мұндамын!» деп дауыстайды.

Ойнаушылардың бәрі алаң бойына жүгіріп жүреді, ал түлкі оларды ұстайды ұсталған, яғни түлкі кімге қолын тигізсе, сол шетке шығады.

Мұнан кейін түлкі ек-үш баланы ұстаған соң, тәрбиеші «Шеңберге» деп дауыстайды. Балалар қайтадан шеңбер жасап тұрады да, ойын қайталанады.

   
Пікірлер9
  1. Нағима

    Өте қызық ойын, серуен кезінде ойнауға болады

  2. Бота

    Ойынды өз тәжірибемнен өткіздім. балаларға қызық болды

  3. Ризагүл

    Балалар ортасына карап өседі сондыктан балалврды осындай ойындар аркылы тәрбиелеу керек.

  4. Рабигуль

    Ойын ойнау арқылы бала өседі.Ойынның бала өмірінде алар орны ерекше.

  5. Жазира

    Ойындарды талапқа сай құрған. көп көп рахмет

  6. Женис

    Бала біздің болашағымыз.Сондықтан ойынддарда осындай мәнді болғаны дұрыс

  7. Марлен

    ойын казіргі біздін болашағымыз болатын балдарға акелер пайдасы көп

  8. Нағима

    маған манттесориға байланысты ойындар керек

  9. зарина

    алтау ала бол ауыздан кеттеді
    төртеу төгел болса төбеден кетер

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ