Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Өлеңдер мен Тақпақтар

 

Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы


Хан баласы ханзада
Болды ғашық ханшаға.
Алып ханнан хабар,
Ханшайымды табар.

Көк аспанда жұлдыз бар,
Мөлдір суда құндыз бар.
Жұлдыз түнде жылтырар,
Құндыз түнде жылтырар.

Көпке бекер өкпелеме,
Өкпе етпе,
Тектен – текке өкпелетпе.

Шабырға ала тастақты,
Шұбар шыбыш бастапты.
Шөп таппай шаңдақтан,
Шабырқанып аш қапты.

Бір қыз кесте тікті,
Кестесін түсте тікті,
Кеште тікті.

Бұл бір жылтыр шылбыр екен,
Кіл қылдан ескен қылшылбыр екен.

Ғарышкер ұшты ғарышқа.
Ғарышқа ұшты ғарышкер.
Айтшы, ғарыш алыс па?

Тақпақ жатта,
Жатқа жатта.

Бар, май шайқа,
Байқа, жай шайқа.

Тары ақта,
Тары ақтап,
Қапқа қапта.

Шуақтаған ботамды,
Шуға апарып шуладым.
Шудалаған шудасын,
Суға салдым,
Судан алдым,
Суға малдым.

Дүңгіршек пе деп жүгірсек,
Дүрбелеңдеп үлгірсек деп жүрсек,
Делбеңдеген дүзге жайған үлбіршек екен.

Дөңгелек дөннен төмен дөңгеледі,
Дөңгелекті дөкемге немен өңгереді?

Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім, –
Неше кіші ішік піштім?!

Қанар қаптарды қаптап артар,
Шанақ арбаны аттар тартар.

Шешей отты көсеумен көседі
Көсеумен кесек-кесек тезек төседі.

Бұзау бұлқынып,
Мойыншағын үзе ме?
Мойыншағын үзген соң,
Ол біреуді сүзбей ме, сүзе ме?

Шын еңбекшіл – өрмекші,
Өрмекші – шын өрнекші.

Тері шалбар бар,
Тері шалбар киетін шалдар бар

Өрені өрелі өрелес,
Өнерін өрелемес.
Өресіз өрені өркендеп,
Өркештеніп төрелемес.

Тайғанақта қай тай тайды,
Тағалатпаған тай тайды.

Ортаңбай, орқаштанбай
Ортақ тіл таба аласың ба,
Ортақтасса, ортада қаласың ба?

Жабағы жүні
Жабағыланған жабағыны,
Жабайландырмай-ақ
Жабуласа қайтеді?

Қырда екі кекілік жетіліп келеді,
Екі кекілік секіріп – кекіріп келеді.

Талғат балға тап,
Оншақты жаңғақ шақ,
Шақсаң, сақ шақ.

Қыста құлағым үсіп кетті,
Үсіп, ісіп кетті.

Қапыда ит қапты,
Қатты қапты,
Қапты қатты.

Ізшілер іздесті,
Түз кезді, із кесті.

Пай-пай-пай,
Жайылып жүр тай.
Ай-ай-ай, Ұшып кетті торғай.

Ай, ай, Айдарбай,
Иір мүйіз сиырды
Үйіңе айдай бар!

Қайрат қайрақ қайрап отыр,
Дайрақпен балта қайрап отыр.

Сұқсыр үйрек
Ұшқыр үйрек десек те,
Тұмсығы үшкір үйрек
Сұқсыр үйректен күйрек пе?

Ала-ала алашалар,
Тамаша олар,
Оған кім таласа алар?
Алашаларды
Таба алса, алар.

Бірқатар қада қада,
Қадаларды қатар-қатар қада.

Омартаға балалар барар,
Балаларды аралар талар.

Шеңгел! Шеңгел!
Шеңгелге енген де,
Шеңгелде сенделген де
Еріншек Ерден бе?

Қарамайлы қарағайды
Кесейін бе, кеспейін бе?
Қазықтағы қара тайды
Шешейін бе, шешпейін бе?

Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?

Ошақта от жоқ,
Шоқ тап, от жақ.

Шаншар шаршап жатыр,
Қайсар жайша жатыр.

Томағаланған төрт бүркіт – қолда.
Томағаланбаған төрт бүркіт –
торда.
Қанша бүркіт болады сонда?

Төлеш төгіп тегешті,
Тілешке төніп егесті.
Тегешті төккен Тілеш емес-ті,
Төлеш несіне тежесті?

Ол да шылбыр есті,
Мен де шылбыр естім.
Ол шылбырды сылбыр есті,
Мен шылбырды ылдым – жылдым естім.

Дөң жатыр,
Дөнде тон-тоң көн, жатыр

Үміт түбіт түтті,
Түбітті түтіп бітті.

Қызым жүзім же,
Жүзім үзіп же.

Жоғалды бес шыбыш,
Жоқ әлі еш сыбыс.
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоғалды бес шыбыш.

Қылжақбаспен қылжақтаспашы, қылжалаңдап,
Қылжың қалжыңшы қылжитар ыржалаңдап.

Реттегіш реттеңкіреп реттестірсе,
Ретсіздік те реттелер,
Ретін тауып іздеттірсе.

Көбейсін ат ұстар,
Болмасын атыстар,
Болса мол атыстар,
Қалмайды ат ұстар.

Түрің түрленіп, кідірмей оқы,
Тілің күрмеліп, мүдірмей оқы.

Жаға жай,
Жағажайда – Қамажай.

Көлеңкесі көлбеңдеген,
Көк теректі көлеңкелегендер
Көрмепті ебелекті ербеңдеген

Жез түстес үзік – үзік,
Зер жіппен ақ үзікті
Өрнектеп жүзік тізіп,
Әдемі етіп сызыпты.

Сайыста сасйыссаң қайыспа,
Сайысшы сайыстырса,
Сайғақтай саяқ шық сайыста.

Бекіністе бес дос кездесті,
Белдігін тартып бестілерінің,
Бетегелі бөктерде белдесті.

Алма базарда
Алма алма алар ма?
Ақ алма алар ма?
Әлде алары анар ма?

Зерттеуші зертханада зеріккен бе?
Зеректігін зейінділікпен зерделей алмай,
Зердесіздікке салынып, желіккен бе?

Сылдырмақ сылдырлады,
Сәби былдырлады.
Сылдырмақ сылдырласа,
Сәби былдырлай ма?
Сылдырмақты сындырмай ма?

Доп деп,
Дөп теп.

Ұшы үшкір, ұшқыр үш жебе
алдым,
Үшеуі де үшкір, ұшқыр деп
алдым.

Ерді ел елер,
Ер елге еркелер.

Ғылымпаз ғылымсыз жаңалық аша ала ма?
Ғылымсыз ғылымпаз даналық аша ала ма?

Ойран шөп ішін аралар аралар,
Орала ұшып гүлге қадалар да, бал алар.

Екеуінін жасы шамалас,
Бірінің шашы – қарашаш,
Бірінің шашы – ақ шаш аралас.

Бұл, бұл – піл,
Бұл бір ірі піл.

Шиеленіскен жіп түйінін
Шешсе, шешем шешішсінші.
Шиеленістіріп түйіндеудің қиынын
Шешем де сезсінші.

Іске тіл ілесе алады,
Тілге іс ілесе алмайды.

Балдыр балғын құрақтан бағалырақ па,
Балғын құрақ балдырдан бағалырақ па?

Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.

Таяқ жон,
Жонсаң жөн жон.

Жағалтай жадағай
Жағалауды жағалап ұшты.
Жолақ-жолақ жағал құс
Жарлауытты сағалап ұшты.

Ұштастықты ұштастырған істі,
Ұстаздар одан әрі ұштастырды.

Тұз – мұздай,
Мұз – тұздай.

Шұғайбай
Шығайбайға:
– Су қайда, әй? – деді.
Шығайбай
Шұғайбайға:
– Шық, ойбай! – деді.

Тұрыс бұрышқа тұр,
Бұрышта дұрыс ұрыспай тұр

Гүлім гүлге қарап күлімдеді,
Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді.

Ескекті ескекші еседі,
Ескекші ескекті еседі.

Иірім дөңгелене иірілді,
Иінге иір-иір иірім
Иректеліп үйірілді.

Үшкір тұмсық
Үш шымшық,
Үстірттен ұшты
Үш құрт шымшып.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Балаларға арналған әндер
  • Ақылбек Шаяхмет (өлеңдер жинағы)
  • Даярлық тобына арналған тақпақтар
  • Санамақтар,жұмбақ, есептер
  • Балаларға арналған әндердің текстері

Пікірлер 24 Пікір қосу

  • Manar Omirserik 10.09.2024 күні 21:56 уақытында

    Өте пайдалы жинақ. Қазірні балалардың тілдері кеш шығуда. Осындай жаңылпаштардың көп көмегі болары сөзсіз

    Жауап беру
  • Мадина Сәрсенбаева 24.11.2022 күні 19:50 уақытында

    Тіл көзден сақтасын
    Тіл тілін сақтасын

    Жауап беру
  • Нұргүл 17.03.2022 күні 19:56 уақытында

    Адамның тіл байлығын, сөйлеу мәнерін жақсартуға көп көмегі тиеді

    Жауап беру
  • Сранова Г.С 24.01.2022 күні 01:26 уақытында

    Өлеңдер мен тақпақтар тақырыбын таңдаған себебім , мен өзім бастауыш сынып мұғалімімін , өзіме керекті өлең жолдарын көшіріп алдым. бұл бізге өте керек. сабақты бастауыш үшін кейде өлең таба алмай қалып жатамыз. маған алдағы уақытта көп көмегі тиетініне сенемін. маған ұнады. бұдан да басқа қажетті мәліметтер алуға болады екен. Адам ағзасы туралы да оқыдым. тізе , буын аурулары да ббар екен. алдағы уақытта тығыз байланыста боламын деп айта аламын. көп -Көп рақмет І

    Жауап беру
  • Алина 05.12.2021 күні 20:24 уақытында

    Керемет жанылтпаштар

    Жауап беру
  • Жанар 09.08.2021 күні 15:57 уақытында

    Баланың тілін ұстартуға, тілінде кемістігі болса да жаңылтпаштар -таптырмас дүние. Маған ұнады.

    Жауап беру
  • Айнагүл 09.02.2021 күні 12:33 уақытында

    ҚАЗАҚТЫҢ МАҒЫНАЛЫ, ҚҰНДЫ СӨЗДЕРІМЕН ӘДЕМІ ЖЕТКІЗІПТІ ӨТЕ КЕРЕМЕТ!!!

    Жауап беру
  • Мөлдір Жұмажанова 25.01.2021 күні 19:57 уақытында

    Керемет жазылған. Баланың тілін осындай керемет жаңылпаштармен, тіл байлығын өсіруге болады!

    Жауап беру
  • Жумамуратова Жулдыз 30.11.2020 күні 16:51 уақытында

    Мектепте оқушыларымның тілінің тез жаттығып кетуі үшін мен үнемі жаңылтпаштарды айттырып отырамын.Жаттатырып,уйге тапсырма беріп отырамын.Осындай бейне баяндар біз сыяқты бастауыш сынып мұғалімдеріне таптырмайтын құралдар.Жаңылтпаштарды көшіріп жазып оқушыларыма жаттатырып жүрмін.

    Жауап беру
  • Рахметова Айтолқын 02.11.2020 күні 23:39 уақытында

    Балабақша балаларына тіл дамытуға керекті жинақ. Өте тамаша құрылған тілге жеңіл,еске сақтауға оңай. Жұмысыңызға жеміс тілеймін

    Жауап беру
  • Амангелді 06.10.2020 күні 00:52 уақытында

    Тілдің дамуына үлкен үлесін тигізеді өте жақсы жаңылтпаштар екен.

    Жауап беру
  • Айгерим 22.08.2020 күні 00:43 уақытында

    ?Оқимын деп тілім бұрмаланып қалды ғой.Рахмет!Енді дикциямды дұрыстайтын болдым?

    Жауап беру
  • Айгерім 23.05.2020 күні 02:22 уақытында

    Сіздердің арқаларынызда біраз жаңылпаш біліп қалдық

    Жауап беру
  • Айгерім 23.05.2020 күні 02:21 уақытында

    Батсапқыда жаңылпаштарды жаттауға тәрбиеленушілерімізбен бірге қиналды қазір жаңылпаштар айтып жарысамыз

    Жауап беру
  • Аружан 09.05.2020 күні 22:53 уақытында

    Негізі жаңылтпаш айту қиын болсада тілді жаттықтыруға өте жақсы.Сіздерге рахмет көп жаңылтпаш жарялапсыздар.Біраз адамға пайдасы тиеді деген ойдамын.Тағыда көп көп рахмет)

    Жауап беру
  • Гулмира 08.05.2020 күні 22:59 уақытында

    жаңылтпаштарыңыз өте көп екен рахмет іздегенімді таптым

    Жауап беру
  • Акнур 02.05.2020 күні 16:05 уақытында

    Жанылтпаштар ужин коп Рахмет
    Балаган тилин дамытуга коп пайдасы бар был жанылтпаштардын.

    Жауап беру
  • лаура 26.04.2020 күні 16:14 уақытында

    Казіргі балалар жаңылтпаш айтуға қиналады. сондықтан осындай сайт арқылы коп сауты ашылады.

    Жауап беру
  • Ахмеденова Нағима Төлепқызы 26.04.2020 күні 07:06 уақытында

    Тілі шұбарланып жүрген жастарымызға таптырмас сайт!Өнегелі жұмыс материалдарыңыз көп болсын.

    Жауап беру
  • Нарат Мейірбан 24.04.2020 күні 18:32 уақытында

    жаңылпаштар өте жақсы . бала тілінің дамуына жақсы көмекші құрал

    Жауап беру
  • Нарат Мейірбан 24.04.2020 күні 18:30 уақытында

    өте пайдалы жаңылпаштар. бала тілінің жақсы дамуына көмектеседі

    Жауап беру
  • Ханышай 24.04.2020 күні 13:57 уақытында

    Тіліміз шұбарланып қазақшаны дұрыс сөйлей аламайтындарға керемет мүмкіндік.Осындай жаңылтпаштарды айтып,тілдерін жаттықытрулары керек.

    Жауап беру
  • Ерсайын 22.04.2020 күні 14:18 уақытында

    керемет жинак

    Жауап беру
  • Жанар 04.03.2020 күні 13:52 уақытында

    Жаңылпаштар өте керемет жаттауда оңай рахмет сіздерге

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.