Өзім жазған ертегілер
Киелі бұғы туралы ертегі.
Ерте, ерте, ертеде бір аңшы жігіт өмір сүріпті. Атқан оғы мүлт кетпейтін мерген екен. Ауылына өте сыйлы болыпты. Өзіне лайықты өте жүйрік ала арғымағымен тау – тасты кезіп аулаған аңдарын ауылдастарына бөліп береді екен. Бір күні аң аулап жүріп кішкентай лақ тауып алады. Дереу шапанына орап алып үйіне әкеледі. Бұл бұғының лағы еді. Ол лақты аңшы жігіт бағып өсіреді. Лақ жігітке бауыр басып өседі. Екеуі дос болыпты. Лақ мүйізі тарамданған алып бұғы болады. Жігіт бір жаққа барса сол бұғысына мініп барады екен. Қазіргі уақытта сібір халықтарының бұғыға мінетіні содан қалыпты. Аңыздарда кездесетін киелі бұғы осы лақтың енесі екен.
Итбалықтың мекені.
Ерте, ерте, ертеде «Орман» деген мекенде барлық аңдар бірге өмір сүріпті. Итбалықтарда орманда басқа аңдармен бірге тұрыпты. Бір күні аң патшасы арыстан барлық аңдарды жинап бір – бірімен дос болуды бұйырыпты. Күндер жылжып өте беріпті. Бір күні қорбаңдаған итбалық бүлдірген теріп жүріп абайсызда түлкінің інін бұзып кетіпті. Бұны түлкі дереу арыстанға барып , итбалық менің күшіктерімді өлтірмекші болып інімді бұзды, онысымен қоймай, менің күшім көп, патша болуға мен лайықпын деп жүр дейді. Қаһарланған арыстан дереу итбалықты шақыруды бұйырады. Арыстанның қаһарынан қорыққан итбалық қашып теңізге түсіп кетеді. Арыстаннан қорыққан итбалық содан бері теңізде өмір сүретін болыпты.
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Өрнек ауылы
Алғабас шағын орталықты орта мектебінің 2 «А» сынып оқушысы
Ноғай Еркебұлан Ерланұлы
Төзім ертегісі
Әжей»Құйыршық»ертегісін бастады. Әжейдің кейбір сөздерін жете түсінбеді ме, әлде басқа себебі болды ма, Айгүл қозғай берді. Екі көзі терезеде. Әңгіме арасында
-Әже, анау не? Ой апам қайда кетті?, Әже мына таяқты неге ұстайсың?-деген сияқты көлденең сұрақтар қойып, сөзді бөле берді. Ертегі тыңдауға төзімі жетпей елеңдей берді. Бір кезде ұшып тұрды да, сыртқа қарай тұра жүгірді. Біраздан соң қайта келген Айгүл :
-Әже, әже, қайтадан айтыңызшы . Мен естімей қалдым ғой,-деді.
-Қазір бітірейін, содан соң…
Әжесі ертегісін аяқтап, Айгүл тыңдасын деп басынан қайта бастады. Әжесінің ертегісін мұқият тыңдап отырған Айдана :
-Тоқтаңызшы, ар жағын мен айтайын .
Әжесімен Айгүл ауыздарын ашып тындап қалыпты.
-Сол екі арада осының бәрін қайдан біліп алдың? Айтып отырғанын рас па әже?
-Рас жаңағыны менің айтқаным.
-Сонда қалай тез ұғып алған?- деп сұрады Айгүл
-Төзіммен тыңдасаң ,сенде ұғар едің, Ықылас болса, төзім де болады,-деді әжесі.
Атыгаева Самал Амирхановна
Атасының ақылы
Бір күні Арман деген бала болды. Ол әдепсіз, мейрімсіз болды.Әр күн сайын мектептен келе салысымен сөмкесін көрінген жерге тастап, беті қолын жумай, киімін аустырмай бірден тамақ жей бастайды.Тамақ ішіп болғасын, далаға ойнауға кетеді. Күндердің бір күні мектептен үйге үсті басы алба-жұлба келе жатқанын атасы көріп қалады. Арман үйге кіргесін атасы оны шақырып алып:
-Арманжан сен үлкен баласын, сен ата-анаңды тыңдап сабағынды «4», «5» — ке оқы. Осыны орындамасан есейгенде неге сабақ оқымадым деп өкінесің. Бірақ сол кезде тым кеш болады, — деді.
Арман сөзіне құлақ аспай ойнап кетті. Ол ойнап жүріп, атасының айтқаны, анасынын жиналыста сөз естейтіні есіне түсіп, өз-өзіне «4» пен «5»-ке оқуға, ата-анасын тыңдауға уәде береді. Арман таңертен мектепке кешікпей барады, сабақта барлық тапсырмаларды дұрыс жасап бергені үшін мұғалім оған «5» деген баға қояды.
Көп жылдар өткесін Арман үлкен қызметкер болады. Әр күн сайын атасының айтқаны есіне түсіп, оған әрдайым алғысын білдіреді. Сол ақылын әрдайым есіне сақтайды.
Баланың арманы
Бір күні өзеннің бойында жылқы, қой, түйе, ешкі кездесіп қалды. Олар бір бірімен сыбырлап сөйлеп жатқанда, Марат деген бала ойнап жүріп көріп қалады. Жандарына барып еді, олар сөйлемегендей, өз жөндерімен жүрген сияқты болады. Марат олардың сөйлегендерін өтінді. Солай біраз уақыт өтті. Қой шыдамай сөйлеп қояды. Марат пен қой ұзақ уақыт сөйлесті. Сол кезде Жылқы:
— Мен адамға керекті кілем, төсеніш боламын,- деді.
— Ал менен адам тон, киім жасайды, — деді қой.
Сонда Түйе:
— Менен аяқ киімдер жасайды, — деді.
— Менен де тоқыма, киімдер жасайды, -деді Ешкі.
Марат ойланып қалып:
-Ал мен кім боламын? –деді.
Сол кезде Жылқы:
— Сен тері шебері бол, — деді.
— Иә, бізді арманымызға жеткізесін,- деді Түйе. Марат арманына жету үшін көп тырысты. Ол өскесін тері шебері болып жылқы, қой, ешкі, түйе төртеуін арманына жеткіздірі.
СҚО Уәлиханов ауданы Мортық ауылы 5 сынып оқушысы Уалиден Төлеген
Басқада балалардың ертегілер жинағы.