Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математика.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математика.

Тақырыбы: Шаршы. Ұзын-қысқа. Сол жақта-оң жақта.

Мақсаты : Геометриялық фигураларды атау және тану, шаршы туралы ұғымдарын қалыптастыру. Міндеттері: ұзындығы жағынан бір-біріне қарама-қарсы затты(ұзын-қысқа) салыстыру; қағаз бетінде бағдарлауды жалғастыру (сол жақта-оң жақта); геометриялық фигура шаршымен таныстыру; шаршыны сезім-қозғалыс мүшелері арқылы зерттеу; шаршыны нүкте бойымен салу және көлемі жағынан әртүрлі болатынын түсіну(үлкен-кіші), қағаз бетінде бағдарлай білу. Жаңа геометриялық фигураның суретін салуға қызығушылықтарын арттыру. Көрнекілігі: «Жауабын кім табады?», «Жол көрсетіп жібер» Қолданылатын әдіс – тәсілдері: салыстыру, түсіндіру, үйрету, ойын түрінде. Сөздік жұмыс: Шаршы. Билингвальды компонент: шаршы- квадрат.

MMІс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық қозғаушылық Ғажайып сәт. Аюдың өкірген даусы жазылған дискіні қояды. Балаларды қызықтырып олардан: «Бұл өкіріп жатқан не?» деп сұрайды. –Ол осы біздің топтың ішінде өкіріп жатқан сияқты. Кәне, оны іздеп көрейік. Балалар аю бізге геометриялық фигура – шаршыны ала келді. Аю: -Балалар, сендер қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? -Сендер жаңа геометриялық фигурамен танысқыларың келе ме? Мен сендерге шаршы алып келдім. Қызығушылық танытады.

Ұйымдастырушы-іздестіру . Жаңа оқу іс-әрекетін түсінеді.

Бүгін «Шаршы. Ұзын-қысқа. Сол жақта-оң жақта» тақырыбымен танысамыз.

«Шаршыны құрастыр»ойыны.

Жаңа фигура шаршыны құрастырады.

«Заттар қандай геометриялық фигураға ұқсайды?» ойыны.

Сөздік жұмыс: шаршы.

Билингвальды компонент: шаршы-квадрат

Сергіту сәті: «Маймақ аю» ойыны

«Жауабын кім табады?» ойыны

2 қыздың суретін көрсетеді. Бұлар апалы-сіңлілі, олардың бір-бірінен

айырмашылығын тек зерделі бала таба алады. Айырмашылығы неде? Ойынға қатысады . Біреуінің бұрымы қысқа, біреуінің бұрымы ұзын. Балаларға көмек береді. Ұзын-қысқаны түсінеді. Жұмбақ жасырады. Жазда қыдырады, Қыста апанда жатып, Тынығады (Аю) Қайталайды. Аю нені жақсы көреді? Балды. -Менің сол жағымда не бар? -Ал оң жағымда не бар? «Сол жақта-оң жақта» түсінді. Аю: Балы бар бөшкені табу үшін мен қалай қарай жүруім керек? Суреттен арқылы табады,заттар қандай пішінге ұқсайтынын табады.

Рефлексивті- коррекциялаушы

Аю риза болып шаршыны сыйға тартады. Қоштасады, кетеді.

-Аю балаларға қандай геометриялық фигура сыйлайды. Шаршы

Бекіту, мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: геометриялық фигураларды-шаршыны, шеңберді;

Түсінеді: геометриялық фигураны- төртбұрыштың айырмашылығын;

Қолданады:қоршаған ортада геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табуды;

оң жақта, сол жақта орналасқанды анықтауды.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер14
  1. Баян

    Жаңа оқу іс-әрекетін түсіндірген.

  2. Анар Жауышева

    Қызықты оқу қызметі,балалар түсінеді және қызығып түсінеді деп ойлаймын.

    1. Анар Жауышева

      Балаларға унайды және қызығып түсінеді.

  3. Нұрсипәт Аяулым Олжақызы

    Геометриялық пішіндер туралы ашып айтылған екен

  4. пернекул

    маған керекті сабақтар көп екен.

  5. Бекмолда Айгерім

    Керемет сабақ.Геометриялық пішіндердің әрқайсысына тоқталып түсіндірілген.Бұл тәрбиешінің көп ізденгендігін білдіреді.

  6. Алтынай

    Өте кереметТәрбиешінің берген тапсырмаларының қарапайым әрі жетімді түрде берілгені өте жақсы. Сабақ құрлымы да өте ұқтымды дайындалған.

  7. Майра

    Сабақ жоспары жақсы құрылған.
    Балаларға қызықты етіп бірнеше әдісті қолданыпсыз

  8. Сандугаш

    Тәрбиешінің берген тапсырмаларының қарапайым әрі жетімді түрде берілгені өте жақсы. Сабақ құрлымы да өте ұқтымды дайындалған.

  9. Мадина

    Сәлеметсіз бе, вариативка керек еды 2кіші топ. калай алсам болады сизден?

  10. Абилдина Акбаян Кадирбековна

    Бұл технологиялық картада тәрбиеші балаларға»Таным» бөлімі бойынша ғана емес ,сонымен қатар антоним сөздерді ,яғни ұзын-қысқа не алыс-жақын деген сөздердің мағынасын ашып көрсете алған.Сабақ менің ойымша өз мақсатына жеткен.

  11. Гульмайдан

    ермексаздық ертегі вариативтік компанент керек еді

  12. Гулжазира

    Рақмет, Фарида.

  13. Фарида.

    Жұмысыңызға табыс тілеймін!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ