Цирктегі жануарлар

MMҰйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Цирктегі жануарлар.

Мақсаты: Ұзындыққа бір орында тұрып,аяқпен неғұрлым күшті серпіле секіруге үйрету. Шектелген алаңмен тепе-теңдік сақтай жүруді бекіту. Сап-тізбекке бойына қарай тұру. Дене түзілісінің дұрыс қалыптасуын қадағалау. Аяқ бұлшықеттерін дамыту, музыка ырғағына сәйкес табиғи, еркін қимыл жасауға талпындыру. Көрнекілігі: Ойыншық жануарлар, Қолданылатын әдіс – тәсілдері Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері Шеңберге тұру.. Дос болайық, бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз.. Жылулық шеңберін жасайды.

Әдеттегіше жаттығулардан бастаймыз. Кіріспе бөлім. Бас, мойын, қол, бел, аяққа арналған жаттығуларды орындау. Топпен қатарға тұру. Сап –тізбекте бірінің артынан бірі көрнекі бағыт бойынша жүру. Жалпы дамыту жаттығулары Жалпы дамыту жаттығуларын жасайды.Педагогты мұқият тыңдайды. Жаттығулар орындау, дұрыс орындағанын қадағалау. Тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады

Ұйымдастырушы-іздестіру Жаңа оқу іс-әрекетінде: Біз «жануарлар әлеміне» саяхатқа шығамыз.Міне балалар біздер жануарлар әлемінде саяхаттап жүрміз. Бұл жануарлар хайуанаттар бағынан келіп , циркте өнер көрсетіп жүр. Біздер бүгін «Цирктегі жануарлар» тақырыбында танысамыз.Осы жануарлармен бірге бізде циркте боламыз.

Педагог төмендегі тапсырмаларды орындатады: Цирктегі жануарлар.Біз цирктегі қандай жануарларды білеміз. (бейнетаспадан тамашалау) Жануарлардың жүрісін бейнелеу.

Біз аяқтың ұшымен жүреміз. Содан соң өкшемен жүреміз, Түлкіше жайлап жүреміз. Маймақ аю сияқты, Қорқақ қоян сияқты

Сұр қасқыр сияқты, Мысық сияқты жүреміз.Зал бойына түрлі бағытта, ырғаққа сәйкес жеңіл жүгіру. Сап тізбек бойына қарай тұру.Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары: -Ирелең жолмен жүру; -Ұзындыққа бір орында тұрып секіру ( арақашықтығы 40 см)

«Актерлар»- қимылы аз ойын. Ойынның мақсаты – қатысушылардың ой – қиялын дамыту және шапшандыққа баулу.

Жүргізуші тәрбиеші, қатысушылар актерлер болады. Жүргізушінің бағытымен ойынға қатысушылар әр түрлі эмоциялық жағдайларды қимыл- қозғалыстармен көрсетеді. -Ұйқыға кеткен аю; -Ұйқыдан оянған аюды; -Қыста қатты тоңған аңдар; -Қатты қорыққан қоян; -Ашуланған жолбарысты; -Қатты күліп жатқан маймылды. -Көңілді түлкіні.

Рефлексивті- коррекциялаушы Қорытынды бөлім. «Жануарлар циркті аяқтап,хайуанаттар бағына өз орындарына баруға дайындалып жатыр» бейнетаспа тамашалау.Бізде «жануарлар әлемі» атты әнімізді айтып, балабақшаға қайтамыз. Біз қайда саяхаттап келдік?

Бекіту, мадақтау.

Күтілетін нәтиже: Орындайды: Ұзындыққа бір орында тұрып, аяқпен неғұрлым күшті серпіле секіруді. Түсінеді: секіру кезінде қолдарын екпінді қимылмен жаза білу керектігін. Қолданады: Жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді сапаларды

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер12
  1. Анар Жауышева

    Жануарлар балаларға қызықты гой.саяхат балалар үшін керемет,түсінікті болды.

  2. Надира

    Саламатсыздар ма?Іздегенім алдымнан шықты,мен өте қуаныштымын ,қазақ тілінде де осындай материалдардың бар екеніне.Рақмет сіздерге.

  3. Нұрсипәт Аяулым Олжақызы

    балабақша жасындағы балаларға жануарлар туралы, зообақтар туралы сабақтар мен қатар зеттеу жұмыстары өте қызықты деп ойлаймын

  4. Бекмолда Айгерім

    Балаларды жануарларды аялауға,қорғауға үйретсек жақсы болары еді деп ойлаймын

  5. Эльвира

    балабақшада оқу қызметі барысында саяхатқа барып,тапсырмалар орындау балалар үшін өте керемет ұмытылмас оқу қызметі болады.Себебі бала саяхаттай отырып,тапсырмаларды орындап,керемет ұмытылмас әсер алады

  6. Гульнур

    Жануарлар туралы ақпараттармен танысу оқушыларды қызықтырары сөзсіз.

  7. Назира

    балабақша жасындағы балаларға жануарлар туралы, зообақтар туралы сабақтар мен қатар зеттеу жұмыстары өте қызықты

  8. Меруерт

    Жануарлардың қимыл козгадыстарын сала отырып, балалар жаттығуларды куанып жасайды

  9. Алтынай

    Өте керемет,балабақша жасындағы балаларға жануарлар туралы, зообақтар туралы сабақтар мен қатар зеттеу жұмыстары өте қызықты
    Және пайдалы

  10. Еркегул Даулетбай

    балабақша жасындағы балаларға жануарлар туралы, зообақтар туралы сабақтар мен қатар зеттеу жұмыстары өте қызықты

  11. Айгуль

    Жануарлардың қимыл козгадыстарын сала отырып, балалар жаттығуларды куанып жасайды

  12. Кулаш Ергазиева

    «Жануарлар циркті аяқтап,хайуанаттар бағы балалра үшін ең керемет жердің бірі

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ