Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Балабақша

 

Ою-өрнек сыры


Мақсаты:Балалардың қазақ халқының қолданбалы сәндік өнері туралы білімдерін кеңейту.Ою өрнектің түрлерін атап дұрыс орналастыра білүге үйрету өз ұлтына деген сезімдерін ояту,әсемділікті ,сезімділікті сезіне білуге қалыптастыру.Мақал-мәтелдер,тақпақтар арқылы баланың ойын сіңіру.

Көрнекіліктер:Ұлттық киімдер,ою-өрнектер түрі,жиhаздар және бұйымдар,қиылған ою-өрнектер.

Балалар шаттық шеңбермен бүгінгі күнге сәттілік тілейді
Қайырлы таң болсын!
Қайырлы күн болсын!
Бәріміз тату болайық!
Бәріміз дос болайық!
Аспанымыз ашық болсын!
Достарымыз көп болсын!
Елімізде тыныштық болсын!

-Балалар ою өрнектер туралы не білесіңдер?
(Балалар атап береді)
Т.-Балалар ою-өрнек ғасырдан ғасырға ,ұрпақтан ұрпаққа келе жаққан қазақ халқының мәдени мұрасының бір бөлігі.Ал ою өрнек қайдан шыққанын білесіңдерме?
Қолданбалы ою-өрнек туралы балаларға сөз берейік;

Ою өрнектің түрлері.-Көне заманнан казірге дейін келе жатқан өнердің бір түрі –ол қолданбалы ою өрнек өнері.Қолданбалы өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке түрі болып келеді.үй ішін,уй тұрмысына қажетті заттарын,ұлттық киімдерді,тері бұйымдарды әшекелейді.Негізгі мәнерлі өнер әдісі –ою өрнек салу.
Т.-Әр ою-өрнектің түстері бір мағынаны білдіреді
-Бояу түстерінің мағынасы туралы айтып берсем
Ақ түс-әділеттілік.шындықтық,тазалықтық:
Қара түс- жердің,берекенің
Жасыл түс – күннің,оттың;
Сары түс даналықтың,білімділіктің;
Көк түс-судың,ашық аспанның символдарын білдіреді.

Т. –ия тагы не білесіңдер?
Ою өрнектер жасалануына қарай 4 топқа бөлінеді екен,Енді ою өрнектердің қиыстыруы туралы айтайық;
Халықтың арасына әр түрлі қиыстыруларда кездесетін:

Зооморфты ( аң пішіндес ) қошқармүйіз,қыңыр мүйіз,қаз мойын,түйе табан,бота мойын,құс қанат.Ол оюлар киіз бұйымдарда көбірек орын алады.Тоқылған кілем,алаша,сырмақ,текеметте кездеседі.Ұлттық бұйымдарда кеңінен қолданылады.

Өсімдік пішіндес оюлар түрін атап кетсем: ағаш, жапырақ,үш жапырақ,гүл,уш гүл,жауқазын.Ол оюлар көбінесе кестелерде, төсек жапқыштарда ,тыс тәрізді тұрмыстық заттарда кездеседі.Бұл оюлар өте сирек кездеседі.

Геометриялық пішіндес оюлар.Атап өтсем :ирек су, қармақ,балта,тарақ,жіліншік,бестаңба,тұмарша,ботакөз.Ол оюлар негізгі тоқыма бұйымдарда көбірек орын ала- ды. Оған мысал ретінде түрлі тоқылган кілем,ши,мата, киіз басқұрлары мен бауларында болады.

Космогониялық пішіндес өрнек әуендерін атап өтсем: шеңбер, щимай ,бітпес ,жұлдыз, айшық.төртұшқы.Осы оюлар құрақ көрпелерде, кесте бұйымдарда,тұскиіз,кі- лемдерде кеңінен таралған.

Т-Олай болса балалар осы оюлар туралы тағы не білесіңдер?
-Шебердің қолы алтын.
-Ою ойған сызу да сызады.
-Өнерді үйрен де жирен.
-Өнерлі бала сүйкімді.
-Өнерлі өрге жүзеді.

Суреттерді оюлап Қуырщақтың камзолын
Өрнектерді салайық Кестелейін өрнектеп
Тамсанып көрсін достарым Қолға алсам карандаш
Бояуменен бояйық Сурет салып үйренем

Т- Мен сендерге ертеде болған бір аңыз айтып берейін:
Баяғыда алысқа қыз артында қалған аулына кестелеген орамал кешірім ретінде беріп жібереді,орамалдың бетінде құспен жаңа бүршік атып келе жатқан гүл бей- неленіпті.Мұны көрген қыздың ата-анасы: «Е-е қызымыз әуедегі құстай емін-еркін жайраңдап өмір сүріп жатыр екен»-деп мәз болады. Бір-екі жыл өткесін өткесін керуеншілер әлгі қыздан тағы бір бет орамал әкеледі.

Онда орамалдың шеті бүрмеленіп, ортасында тұрған ер адам мен жүресінен отырған әйелдің бейнесі кестеленіпті.Мұны көрген ата-анасы : «Е-е қызымыз бұрынғы сауық сайраннан,бас бостандығынан айырылып торға түскен торгайдай болыпты,бейшараның күйеуі қатал адам екен.Өзінен төмен ұстайды екен» -деп жорамалдап-ты.
Көрдіңдерме балалар әр кестенің астарында алуан мағына бар екен.Біздің үлкен әже,апаларымыз осылай көңіл күйін матаға,киізге кестелеп оюлаған.

Т- балалар қай ою қандай бұйымдарда колданады?
(Балалар бестаңба,жіліңшік,балта,қошқар мүйіз,тарақ,ботакөз, омыртқа,ирек су,гүл оюлары туралы айтып суреттерін көрсетеді).

Т- енді осы оюларды әуенмен қимыл-козғалыс түренде көрсетейік.

Осы кезде бір дауыс естіледі:-
«Мені шығарыңдар,босатыңдар»
Дорбаның ішінен кіп кішкентай бала көрінеді
-Сен кімсің?Өзің сондай кішкентай екенсің көзге әзер білінесің.

Бала- « Менің кім екенімді өздерің тауып алыңдар. Ал мен басымнан кешкендерімді айтып берейін. Бір күні жапырақ түбінде ұйықтап жатқанымда түйе мені жеп қойды.Әкем мен шешем түйені сойып,ішек қарнынан мені таба алмады,Өйткені мені бүйенмен бірге лақты- рып тастаған болатын.Сонан соң мені бүйенмен бірге қасқыр жеп қойды.Ой сондағы қызықты айтсаңдаршы, неше күн бойы қасқырды аштан қатырдым.

-Мені енді таптыңдарма балалар?
-Ия сен құлақсың
Құлақ: Мен сендердің дауыстарыңды естіп дорбаның ішіне кіріп кеттім.Манадан бері шақ шыдап жатырмын

Т-Ия құлақ келсең төрге шық
Құлақ-Мен бос келген жоқпын сендерге ою өрнектерін ала келдім сендер осы ұлттық бұйымдармен заттарды әшекейлеп беріңдерші маған.

Сергіту сәті:

Ал балалар тұрайық
Ою өрнек құрайық
Қошқар мұйіз,ботакөз
Тұмарша мен құс тұмсық
Құс қанаты ,ирек су
Ою өрнек әлемі
Қолға қайшы алайық
Сәнді өрнек салайық
Үстел үстінде жатқан киімдерге,бұйымдармен заттарға ою-өрнекпен әшекелейді.

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • «Орманға саяхат» Сюжеттік рөлдік ойын
  • Сергіту сәтінің жинақтары
  • Мүсіндеу Тақырыбы: « Аққала»
  • Ертегілер еліне саяхат

комментария 28 Пікір қосу

  • Анар Жауышева 13.03.2022 в 19:06

    Қазіргі Наурыз айында ою өрнектер жайында оқып жатырмыз.керек мағлумат көп алдым рахмет

    Ответить
  • Нұрсипәт Аяулым Олжақызы 02.01.2022 в 11:24

    Сабак курылымы унады,өскелең урпаккка улттымыздын салт дәстүрлерин дариптеу керек екени айтылған екен!!!

    Ответить
  • ЖАДЫРА 25.12.2021 в 13:05

    Білмейтінімізді оқып үйлендік еркетай сайтына рақмет

    Ответить
  • Тоқтасынқызы Альбина 08.12.2021 в 23:04

    Ою өрнек ерте заманнан келе жатыр оның сыры ерекше балаға үлкен қызығушылық танытатын сабақ. Ою өрнекке қыздар қатты қызығады, және суретін салып үйренеді. Ою -өрнек ұлтымыздың, салт- дәстүріміздің, ұлттық мәдениетіміздің жарқын көрінісі.Оқушыларға сапалы білім беруде ұлттық құндылығымызды үйретуден жалыпау керек.

    Ответить
  • Эльвира 27.10.2021 в 17:07

    Оқу қызметі барысында балалар ою өрнек жайында,оның қай жерде қолданылатынын,олардың аттарын атап танысты.Сурет оқу қызметін қалай тиімді өту керектігін байқауға болады.

    Ответить
  • Айгерим 17.10.2021 в 18:23

    Сабақ жоспары жақсы құрылған. Осы сабақтан кейін балалардың ою тгүрлерін жаттағанына сенімдімін

    Ответить
  • Камшат 04.10.2021 в 14:55

    Ою-өрнек ойып үйрететін курстар болса тіпті керемет болушы еді!!

    Ответить
  • Акерке 11.08.2021 в 14:33

    еліміздің салт-дәстүрін насихаттайтын осындай сабақтар көп болсын

    Ответить
  • Алтынай 23.04.2021 в 18:14

    Сабақ жоспары ұнады,Сабақ жоспары жақсы құралған. Ұлттық нақышта ою өрнек туралы аз. Мына жоспарда ашып жазған, бала салт дәстүрлер туралы білім алса, сурет, көркем әдебиет, мүсіндеу сабақтарында кеңінен қолданылса керемет болады.

    Ответить
  • Сауле 28.03.2021 в 14:44

    Оқушыларға сапалы білім беруде ұлттық тәрбиенің маңызы зор

    Ответить
  • Жаннұр 12.03.2021 в 19:49

    Сабақ жоспары жақсы құралған. Ұлттық нақышта ою өрнек туралы аз. Мына жоспарда ашып жазған, бала салт дәстүрлер туралы білім алса, сурет, көркем әдебиет, мүсіндеу сабақтарында кеңінен қолданылса керемет болады.

    Ответить
  • Оразамбаева Айжан 11.03.2021 в 16:40

    Сабақ ұнады. Байырғы ұлттық өнерлердің ішіндегі ең ежелгісі.

    Ответить
  • Айгерим 01.02.2021 в 23:50

    Сабақ жақсы құралған. Балалардың салт дәстүр туралы білімдерін кеңейтеді

    Ответить
  • Айгуль 30.01.2021 в 18:47

    Ою өрнекпен таныстыра отырып, қазақтың салт дәстүрлерін де үйретіп жатырсыз

    Ответить
  • Айгерим 14.01.2021 в 16:54

    Жаңғыру бойынша жақсы ашық сабаққа көп әдіс тәсілде таптым,рахмет!!!

    Ответить
  • Уміт 04.08.2020 в 18:03

    Ұлттық тәрбиені отбасында да сусындатса,керемет болады.

    Ответить
  • Кулаш Ергазиева 29.07.2020 в 20:51

    балаға ерте кезден ою өрнекпен таныстырп үйреткен жақы соның ішінде қыз баллараға

    Ответить
  • Айгүл 09.02.2020 в 19:22

    Бала бойына ұлттық салт-дәстүрімізді сіңіре білуіміз қажет. Ұлтын сүйген ұрпақ тәрбиелеу-біздің міндетіміз. Сондықтан менің бұл сабақтан аларым көп.

    Ответить
  • Бахыт 15.01.2020 в 22:07

    балаларды салт дәстүрмен, әдет ғұрыппен таныстыруда қажетті материал.

    Ответить
  • Сандугаш 06.11.2019 в 00:41

    Тақырып маңызды, қазіргі таңда қазақи ұлттық нақышта ою-өрнекті салып, қиюды өте аз жасайды. Ұлттық тәрбиені де осы құндылықтарымызды ұмытпауымызға осындай сабақ жоспарлардың септігі көп болады.

    Ответить
  • Айгерим 20.04.2019 в 19:39

    сабак жоспар керемет құрылған балаларга толық түсіндірілді деп ойлаймын.

    Ответить
  • Ырыс 14.02.2019 в 13:49

    Көөөп рахмет! Тақырып өте жақсы ауқымды қаралған берері мол кө п дүние алуға болады.

    Ответить
  • Роза 20.04.2017 в 00:21

    Сабақ тақырыбы қатты ұнады, толық ашылған.Балаларды ұлттық қолөнерімізге деген қызығушылыққа, сүйіспеншілікке баули білуіміз қажет.Ұлтын сүйетін ұрпағымызды осыған жақсы тәрбиелесек деймін.

    Ответить
  • Марал 05.04.2017 в 20:38

    Өскелең ұрпаққа ұлтымыздың салт — дәстүрін мәдени мұраларын бойына сіңіру,дәріптеу ол баға жетпес құндылық.

    Ответить
  • Мадина 03.04.2017 в 13:33

    Қазіргі таңда ұлттық нақышта киімдер қайтадан сән үлгілері шығуда. Бұл тарапта балаларды біздің ұлттық мәдениетімізді дәріптеу. Сабақ барысында тақырып толық ашылған. Өте керемет деген баға қоямын.

    Ответить
  • Әлімбаева Сарқыт Бахитқызы 02.04.2017 в 20:20

    Өте жақсы, маған ұнады, толық ақпарат берілген деп ойлаймын.

    Ответить
  • Акнур 02.04.2017 в 00:38

    Ою -өрнек ұлтымыздың, салт- дәстүріміздің, ұлттық мәдениетіміздің жарқын көрінісі.Оқушыларға сапалы білім беруде ұлттық құндылығымыздың ,ұлттық тәрбиенің орны ерекше. Бұл сабақ ұлт мәдениетіне негізделген екен,балаларға бабалар мұрасын үйрету,оқыту өте жауапты іс.

    Ответить
  • Саулет 29.03.2017 в 23:47

    Өте жақсы. Керемет!

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025
  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері
  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!
  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.