«Аяулы Анашым!»
Ананы дүниедегі ең жақын адам деп санау әр адамның парызы. Ана- отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Жанұядағы қадірлі жанның бірі- ана.
Ана- өмірге ұрпақ әкелуші, отбасының лаулап жанған оты, баланың тәрбиешісі, ақылшысы, қамқоршысы.
Біздің халық бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Баланың ана құрсағында пайда болуына, оның өмірге келуіне, оның алғашқы қадамына, алғаш атқа отыруына, алғаш жолға шығуына арналған жеке- жеке әдет- ғұрпымыз, жол- жоралғымыз бар. Халқымыз сонымен қатар бала тәрбиесіндегі ананың рөлін өте жоғары бағалаған. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы- аналарға көп жүк артады. Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді.
Әрбір ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Ана шынында да өмірдің гүлі, күннің нұры екен. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек.
Мен өз анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол қайратты, жігерлі жан. Жүрегі кең, қолы жомарт адам. Менің анам қандай жағдай болмасын «балам қатарынан қалмасын, білім алып үлкен азамат болсын» деп, әрқашан тілеуін тілеп жүретін асыл жан.
Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана- ұлы адам, Ана- құдіретті жан.
Мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз де бас иеміз.
«Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді»- деген халқымыз. Қандай нақтылы айтқан ой десеңші. Шындығында аналарсыз, мына әлемді елестету мүмкін емес.
Біздің бойымызға ең жақсы қасиеттер алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады. Ана-үйдіңберекесі, қызбаланыңөнегесі, шаруаныңнесібесі.
Ана, осы сөзадамжүрегініңтүбінжарыпшығып, кереметаялысезімгежетелеріхақ. Өміргешыретіпкелгенкүнненбастап, өзіңүшінжаралғанжандар- олата- анаң. Өміріңніңсәнін де, нәрін де келтіретін, жаманыңдыжасырып, жақсылығыңдыасыратын да ата-анаң. Ана, әкедегенсөздерөмірдегіеңасыл, еңқасиетті де қастерлісөздер.
Анадегендежүрегіңдүрс – дүрсетеді. Анаәрадамүшінқымбат.Ананыңқұшағынананыңмахаббатынаңсамайтынадамжоқ. Мынау дүниедесенііздейтінана. Ананыңмәпелепөсіргеніне, сүйгеніненежетердейсің? Ананыңсағандегенмахаббатыешқашантаусылмайды. Олмұхиттәрізді. Анаңнағыздосың. Қайғыңменбөліседі. Оғансырыңдыақтаруғаболатынжан. Ананыңжоқтығынбілдіртпейтінадамжоқ. Анаөтемейірімдікісі. Оныңжылуыөтешетсіз,шексіз.
Сондықтанда мен анамның қасына барып құшақтап «Рахмет анашым!» деп айтқым келеді.
Батыс Қазақстан облысы
Шыңғырлау ауданы Полтава ауылының
3 «а» сынып оқушысы
Кубайдуллова Гүлназ.
[WPSP 46]
*****************************************************************************
Аяулы Анам !
АНА үш әріптен тұратын сөзде қаншама мағына, терең ой бар десеңші. Осы ардақты есімді естігенде кез-келген пенденің жан дүниесі тебіренбеуі мүмкін емес .Анаға теңесер дүниеде жан жоқ.
9 ай ,9 күн құрсағында көтеріп дүниенің есігін ашып, шыр етіп өмірге келгеннен бастап түнімен іңгәлаған дауысыңды анадан басқа жан тыңдаған ба? Былдыр-былдыр сөйлеген сөзіңе тіліңе, тәй-тәй басқан қадамыңа қуанып, жылағаныңда жұбатып, қуанғанда қуанышыңды бірге бөлісетін ана ғой. Ананың аялы алақаны сәбиіне күш-қуат береді. Оның ақ сүтін емген баланың бойында адамгершілік пен мейірім, инабаттылық, ізгілік шуағы мол болады, өмірдің бар қызығы да асылы да анада.
Менің анам – жер бетіндегі ең құрметті, құдіретті жан. Ол өте әдемі, қайырымды, мейірімі мол, қол үшін беруге үнемі дайын тұратын адам. Анашым мені тұмсықтыға шоқытпай, қанаттыға қақтырмай аялап келді.
Біздің еркелігімізді көтеретін «Жан Анадан» басқа жан бар ма?
Менің анам ең сүйкімді, сүйікті адам. Жұмыста тамаша қызметкер, ал үйде – нәзік жан. Анамның әкесі соғысқа кетіп ерте әкеден қалды .
7 шақырым жерде мектепке жаяу барып , оқыған тоқығанын сіңлісіне айтып отырған. Үйге келгеннен кейін анасы мен сіңлісіне көмек берген. Суда әкелген , отында жарған , малда жайлаған. Басынан қаншама қиыншылық туса да соны мойымай жеңе білген. Өмірге 9 сәби әкеліп бәрімізге жоғары білім беріп өсіріп бақты .Біз анаға әруақытта да қарыздармыз, өйткені ол маған өмір сыйлады.
Әлі күнге дейін балалық сәттерімдегі анамның еркелеткен жылы үні, нұрлы көздері, аймалаған нәзік алақанының жылуы көз алдымнан кетер емес.
«Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың», деген сөз бар емес пе? Шынында да, қанша талпынсақ та, күнде қарызын өтеуге ниет қылып, жақсы істер істесек те, ананың біз үшін істеген жақсылығын, қарызын өтей алмаймыз.Кейде үйге келіп кетпедің ғой дегенде мама уақытым жоқ деуші едік , бұның бәрін енді түсініп отырмыз. «Балаң балалы болғанда білерсің »деуші еді біз қазір осының бәрін енді түсініп отырмыз. Анамыз бізді ойласа , біз өз баламыздың қамын ойлайды екенбіз. Мама менің қолым босай алмай жатыр ренжіген жоқсың ба звондап айтқанда ішінен тынып жүре беруші еді. Аналар еш нәрсені білдірмейді, сездірмейді, көрсетпейді. Олар өте құпия жандар .Өзімізде болып тұрсада көрсетіп бір, көрсетпей беріп жатады. Бергенін керек емес деп айтпаймызда , ала кететінмін.Жұдырықтай жүректе барлығымызға да орын болды. Балаларын бір уайымдайды , немерелерін одан әрі уайымдайды. Ештеңе уайымдамай жүре бермейсің бе қан қысымың көтеріліп кетеді ғой дегенде ,мен қалай уайымдамаймын ұйқыдан оянып кетсем де, ана баламның тамағы бар ма екен мына баламның ақшасы өзіне бала шағасына жетіп жатырма екен деп уайымдаймын деуші еді. Бұның барлығы елес боп қалды ғой. Біздегі бар байлық, бар асылымыз, бар сәніміз, мәніміз аяулы да ардақты «ЖАН АНА». Ананың жанында өткізген әрбір секундты күндей, минуттарды айдай, сағаттарды жылдай көріп, анамыз бар болғанына Аллаһқа шүкіршілік айтып, Ана атты Адам баласын құрметтеп өтейік. Бұл біздің парызымыз деп білейік! «Мама, сізге мың да бір рахмет! Мен сізді сондай жақсы көремін!»,- деп, айтқым-ақ келеді…бірақ…кеш қалдым…
Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
Социал ауылы
Рахметова Әсия Жақсыбайқызы
[WPSP 47]
*****************************************************************************
Жер бетіндегі ең әдемі сөз-АНА.Барлық адам ең алғашқы сөзін осыдан бастайды.Ананың қолы ең қасиетті,аялы қол,ол нені болса да атқара алады.Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің жақының,досың,ұстазың бар.Ол-ана.Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын.Өйткені ол-дүниедегі ардақты жан.Ана десе толқымайтын жүрек,тасымайтын қан,сезбейтін сезім болуға мүмкін емес.Бүгінде,ананың аялы алақанына зар перзенттер қаншама.Перзенттерін далаға тастап жатқан аналар да бар ғой,бірақ осындай бірен-саран көкек аналардың қылығына бола бүкіл аналарды қаралағаннан аулақпын.Ана бір қолымен сәбиін,енді бір қолымен әлемді тербеген қасиетті жан ғой!Өмірдегі хан да,қара да ананың құдіретімен дүниеге келген.Ендеше бүкіл жан иелері анаға қарыздар.Анаға деген махаббат сенің сәби күніңнен басталады.Ананың жолы басқа.Ана деген сөздің өзі ыстық.Бірақта « Ананың көңілі-балада,баланың көңілі далада».Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да,қарызын өтей алмайсың.Батыр да,ғалым да,дана да анадан шығады.Ананың жүрегі ең сенімді және сезімтал жүрек.Оның көзінен ешқашан да жамандық көрінбейді,әрқашан да жүзінен мейрімділік көрінеді.Сенің жасың қанша да болсын-саған әрқашан да ана керек,оның аялы алақаны мейірімі қажет.Жұмақтың есігі-ананың аяғының астында.Ана үйге нұрлы шуақ төгіп тұрады.Егер анаң бір жерге кетіп қалса,үй тас қараңғыдай көрінеді.Ана баланың бақытты болуын,амандығын тілейді.Адам бойындағы ең жақсы қасиеттер осы анадан дариды.Сенің анаңа деген сүйіспеншілігін мол болса,соғұрлым қуанышқа бөленесің.Ана сұлулығы жүзіндегі мейіріммен көрінеді.Атақты орыс жазушысы М.Горькийдің «Дүниеде не жақсылық болса,соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған» деген.Анасының ақ сүтін ақтағысы келген жан анасын аялы алақанында ұстап,қадірлеп қастерлеу керек.Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерін де ананы құрметтеу парыз екені айтылады.Онда «Әуелі анаңа,тағы да анаңа,содан соң әкене жақсылық жаса» делінген. Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ.Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді.(В.Г.Белинский) Қыз бала анасыңа қарап өседі.Ананың сүтін ақтамағанды,ешкім жақтамайды.Ата-анасын сыйламайтын балалар да кездеседі.Мен оларға айтатын ақылым аналарыңды сыйлап,қастерлеп,құрметтеңдер.Себебі бізді шын ниетімен жақсы көретін жан кім десе,мен ойланбастан –АНА дер едім.
Менің түсінігімше,өмірде өз орныңды тауып,еліңе,туыстарыңа,ата-анаңа септігінді тигізетіндей азамат болып өссең ,анаңның ақ сүтін ақтағаның.
Айткенова Шынар Өнербекқызы
[WPSP 48]
*****************************************************************************
Қымбатты анам
Менің ең қымбат адамым ол менің аяулы анам.Ана-әлемдегі ең жұмсақ қолды,жұмсақ мінезді адам. Ол бір қолымен бесіктегі баланы тербетсе,екінші қолымен әлемді тербетеді. Ана баланың қамқоршысы,мейірімдісі.Ананың мамықтай қолы,ботадай көзі жібектей шашынан табиғаттың бар сұлулығы көрінеді.Ана сөзі ешқашан ұмытылмайтын сөз,онсыз адамзат тіршіліксіз. Ақындар,ғалымдар,жазушыларда анадан өсіп тәрбиеленген.Ананы аспандағы ай мен күнге,жарық жұлдызға,баға жетпес асылзаттарға теңеймін.Біздің аяулы анамыз біз үшін бәріне дайын,мейлі суғада,мейлі отқада түссе де бізді аман алып қалады.Дүниенің нұры,өмірдің гүлі,қызықтың қызығы-ананың қолында.
Жарқын жүзді жан анам,
Сендейболсын бар адам.
Сендейболса барадам,
Шаттықкетпесбаладан.
Ана баласымен,бала анасымен жарасады.Анамыз бізді ақ сүтімен,жұмсақ қолымен,мейірімді күлкісімен өсіріп тәрбиелеген.Баланың ең бірінші ұстазы ана.Баласы үшін ана бармайтын құрбандық барма?Ана болу бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда,бұдан оның жаны байып,нәрлене түседі.
Ана табиғат нұрына бөленген ең сұлу жан.Оның сұлулығын сөзбен айтап жеткізе алмаймыз.Ана үшін баланың күлкісі,жүзі,маржандай көзі барлығынан қымбат.
Өмірімізде өрт шыққанда,су болатын-Ана,басымыздан күн өткенде,көлеңке болатын-Ана,қараңғы түнде жарық беріп,ай болатын-Ана,ашу атты асау тайға мінгенде,сабыр болатын-Ана.Мен анамды құрметтеп,жақсы көремін.
Павлодар облысы, Ақсу қаласы
Берденбекұлы Аманжол
5-сынып оқушысы
[WPSP 49]
*****************************************************************************
Аяулы ана!
Ана. Ана – құдіретті де, аяулы сөз.«Ана» деген сөз бесікте жатқан баланың жүрегіне сақталып, мәңгі жадында қалады. Ананың жүрегі – шексіз мейірімді, аяулы. Әрқашан өз шексіз махаббатын былдырлап жатқан бөбекке сыйлайды. Бала ана махаббатын сезіп, құртақандай жүрегіне құяды. Бұл сөз – ананың ыстық жүрегінен шығып, баланың санасына тоқылады. Әркімнің анасы өз баласы үшін тіпті өлімге де даяр. Бұл – ананың ыстық жүрегінің лебізі. Кішкентай бөбектің алғашқы балдай еріген, тәтті сөзі – ана. Міне, осы сөзден ананың баласына деген махаббаты шындалады. Ана – бұл біздің байлығымыз, бар сәніміз. Бұл бар болғаны үш әріптен тұрады, бірақ мағынасы – теңіздің тұңғыйығындай терең, маңызы ең, ең қымбат сөз. Ана –бізді әрқашан бетімізден қақпай өсірді. Ананың қымбаттылығы сонша, ана тақырыбына көптеген өлеңдер бар. Мысалға, «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» — дейді. Расында да, анамыз бар кезде біз өзімізді әлі де сәбидей, сәби болмаса да, қорғаны бар, ұясы бар аспандай сезінеміз. Ал анамыз болса, бізді әлі кішкентай бала ретінде көреді. Себебі: анамыз бізді жақсы көреді. Бізді осы күнге дейін мәпелеп, бағып-қағып, ешкімнен қалдырмай, осы күйімізге жеткізген аяулы жан анамыз. Ана деген сөзді кейбіреулер үшін айту қиынның қиыны. Олай айтпақ түгілі, туған күнінде құттықтау қиынға түседі. Себебі: анасына қатты уайымдайды. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңды өтей алмайсың» — деген сөз бар емес пе? Шынында да ананың біз үшін істеген жақсылығын өтей алмайсың. Өйткені, ана бізді тоғыз ай, тоғыз күн көтеріп жүрді. Оның өзі бір қиын. Өмірде ана алақанының жылуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Ең бастысы – мейірім. Бұл қасиет анада бар. Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Егер менің өмірімнен бір үзінді алатын болсам, анам маған күнделікті қамқор болып жүреді. Күнделікті маған тамақ пісіріп, кір киімдерді жуып, сабаққа дайындап, менімен сырласып жүреді. Қанша ұрысса да, бізді адам болсын деп ұрсады. Ана туралы көптеген мақалдар да бар. Мысалға айтатын болсақ: Әйел – үйдің көркі; Әйел – үйдің ажары; Ананың алды – ақ жайлау; Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада; Анаңа ауыр сөз айтпа; Анасын көріп қызын ал. Ана ол – қастерлі де, мәңгілік ұғым. Ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!
№8 мектеп-кешені , Семей қаласы
Умбетова Аружан
[WPSP 50]
*****************************************************************************
«Аяулы Анам».
Ең ардақты, ең аяулы, ең сүйкімді, ең сүйікті жан- ол менің Анашым! Менің анамның есімі- Бақыт. Мамандығы- ұстаз. Ана-өмірдегі ең қымбат асыл ардақты жан.Ананың махабаты,ананың мейірімі, ананың аялы алақаны әр пендеге қажет. Ата-ананды сыйлап құрметтеу біздің басты міндетіміз. Анамның қолы алтын қолынан бәрі келеді. Кез келген уақытта көмегін аямайды. Мен де анама үй шаруасында көмектесемін. Анамның мінезі жұмсақ, мейірімді жан. Біздің бойыныздағдағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анамыздан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады. Мен қатты ауырып қалғанымда жанымнан табылған қомқоршым анам. Күндіз-түні менің жанымда түнімен көз ілмей жанымда отыратын. Менің анам -менің өмірім, анам-әлемдегі ең сұлу жан, анам -менің періштем, анам -менің қамқоршым, анам -менің байлығым, -менің айым, анам -менің жұбатушым, анам — менің бақытым, анам -менің барым! Анашымды қатты жақсы көремін.Ешқашан ауырмасын, жүзінен күлкі, жүрегінен мейірім кетпесін деймін. Біздің жанымызда әрдайым жарқырап жүре берсін! Менің анам бақытты жан! Себебі оның жанында әрдайым біз бармыз. Оны жақсы көретін адамдар. Біреу үшін бақыт та ,байлық та, дүниеде болар.Ал мен үшін сол бір жанның жанында болып, күлімдеген жанарын көру бір бақыт. Ал менің бақытым анашымның бақыты! Ана деген өмірде ең кымбат жан. Оған жетер ешкім жоқ. Біз анамыздыа ренжітсекте біз оны іштей жақсы көреміз.Ана біз үшін жанын беруге дайын. Ана ол бәріненде қымбат. Анамыз бізді жарық дүниеге алып келді біз сол үшін анаға қарызбыз. Сол үшін ананы ренжітпеуіміз керек тек ананы емес барлық адамдарды ренжітпеу керек. Біз басқа жаққа кетсек ол іштей қайғырады ол қиналғанын тірі жаға айытпайды.Сол себепті ананы құрмет тұтуымыз керек. Қанша сүрінсең де, жаман қылық істесең де, қанша ренжітсек те, тек кешіріммен қарайтын ол –ана жүрегі. Ана- қасиетті де киелі есім! Анам жайлы ойымды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Асыл анам, ақ анам, алтын анам,
Алақаны анамның ақ бесігі.
Анам менің-ортаймайтын қазынам,
Анам менің- байлығым да, бақытым
Ақ бесікте жатқан кезде-ақ анашым.
Жүрегіңнің жылуына қандырған
«Қарашығым» дегеніңнен айналдым.
Ана сенің қасиетіңе қайранмын
Құдайға шүкір ата-анам қасымда, аяқ-қолым сау, киерге киімің, ішерге асым бар. Ешкімнен кем емеспін, Ата-анам күндіз-түні қызмет етуде. Бізді ешкімнен кем болмасын, жыламасын деп, тілеуімізді тілейді. Өзі ішіп — жемеседе, киінбесе де, бізді оқытып-тоқытады. Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол — Ана. Балапаның қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да — Ана. Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді. Біз — қазақ деген ұлы халықтың ұрпағымыз. Ана — тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Ана — барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана — ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз жетпейді. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі — Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз. .. Адам “адам” болғысы келсе, алдымен Ананы қастерлей білуі керек. Өмірде Ана алақанының қызуы мен әке-ана мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды.“Әуелі Анаңа, тағы да Анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда. “Егер атаң мен Анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі Анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар. Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”; “Кімде-кім ата-Анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген. Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл Ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын Ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші! Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!
ШҚО, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы
«Б.Майлин атындағы орта мектеп-бақша»
КММ 8 сынып оқушысы Кабимулла
Диляра Нұржанқызы
[WPSP 51]
Аяулы анам
Шыр етіп дүниеге келген күннен бастап табылатын мейрімді жан-ана.Ол маған жарық дүниеге келу бақытын сыйлады.Сәбиі мені ерекше мейірлене бауырына басып,елжіреп маған қарады. Ана!… Осы бір үш әріптен тұратын сөзде қанша құдірет бар десеңші! Ана дегенде тебіренбейтін жүрек, толқымайтын көңіл жоқ шығар, сірә… Кез келген сәбидің тілі алғаш былдырлап Ана дейді. Ана арқылы ана тілін үйреніп, сөйлей бастайды.Менің жарқын жүзді анамның есімі – Раушан. Біздің ауылда дәрігер.
Мен анамның мерейлі мейіріне қанып, оның ақыл-өсиетін тыңдап өсіп келемін. Анамды қатты жақсы көремін.Ол мейірбан,ауылдағы барлық балалардың Екінші анасы десем артық айтпаспын.Ауырған балаларға көмек қолын ұсынады.Анам менің дүниедегі ең жақыным.Өзінің жағдайына қарамаса да, баласы мен үшін бәйек болады.Мектептен үйге келгенімде тамағымды дайындап қояды.Әлпештеп,мәпелеп, күнім, ботам деп мені үнемі айналып-толғанумен қуантып келеді.Ауырып қалсам, жаны шығып емдейді.
Сәл нарсеге кабағым түссе, ең ауелі көріп қоятын, не болды ботам деп үрейі ұшатын, тыным таппай жанымнан табылатын да – сол аяулы аппақ анашым. Үлгі көрсетеді,өнерген,жақсыға баулиды. Менің жақсылығыма,мектептегі жетістіктеріме қуанады.Мен арқылы мақтанып,көңілді жүреді.
Анам – менің сарқылмайтын бұлағым.Әр таңды күнде анамның Ботам деген дауысымен оянам.
Ананың жылы жүрегін мамықтай алақанын,шексіз махаббатын білмей, сезбей өсіп жатқан тастанды балалар да бар.Олар балалар үйінде тәрбие алуда. Ондай балаларға анасыз қиын ғой.
Анама деген ыстық ықыласымды өлең жолдары арқылы білдіргім келеді.
Ана
Дүниеге шуақ шашар нұрымсын.
Жылу беріп,жарқырайтын күнімсің.
Адамзаттың жер бетінде өзіңді
Шырқап айтар, жырлап айтар жырымсың.
Дүниедегі ең асыл жан анасың
Мәпелетіп өсіретін баласын.
Жақсыға да,жаманға да үнемі,
Ақыл айтып жүретін сен данасың.
Ақ сүтінді бұл өмірде ақтармын,
Бір өзіңнен артық жанды таппармын
Айтқан әрбір баға жетпес сөзіңді,
Мәңгілікке мен жанымда сақтармын.
Амандық Дидар
ШҚО Жарма ауданы. Үшбиік ауылы
Ақтайлақ би атындағы
мектептің 8-сынып оқушысы.
[WPSP 54]
Жарайсын! Тамаша! жақсы жазылған!
Жарайсын Диляра.Өте жақсы шыққан
Асыл аналарымыз аман болсын?Жарайсың?
Әлемдегі ең сұлу және ең керемет атау – «Ана».
Оте керемет жазылган ойлар келисем.
Аналарды курметтейк.
аманжол жақсы жазыпсың
Керемет маған қатты ұнады
оте жаксы маган катти унади класс
Шығармалар өте жақсы РАХМЕТ
менде анама арнап 12 кублет ан жазып едим! соны калай сайтынызга жайгастырсам болады?
Айткенова Шынар жениске жет
Шынар шыгарман оте жаксы жазылган!Казактын шынга шыгар шынары бол!
Айткенова шыгарман жаксы жазылган екен,ананды жаксы коретинин коринип тур
Шынар шыгарман маган катты унады
Айткенова Шынар шыгарман кушти жазылган екен!Жениске жетуине тилектеспин!Алда талай жетистиктерге жете бер!Болашыгын али алда!
дауыс берындер
рахмет Әсел
Айткенова Шынар шығармаң өте тамаша,адамды тебірентерліктей жазылыпты. оқығанда шынымен де өмірде не қымбат екенін одан ары түсіне түстім. жарайсың! талабыңа нұр жаусын))))
Керемет
Рахмет Балжан!!!!!!!
рахмет Назерке
Шынар сенин жазган шыгарман оте тамаша маган катты унады,ананды жаксы коретинин коринип-ак тур жарайсын,алган бетиннен кайтпа)))
Дидар сенин жазган шыгарман маган катты унады жарайсын!!!!биик белестерден корине бер!!!!
жарайсын
Гүлназ! жазған шығарман маған қатты ұнады. Биікке өрлер шыңдарын әлі алда жарайсын!
Дильяра саган осы жан тебирентер шыгарман ушин коп рахмет) шыгарман оте асерли екен маган унады
Айткенова Шынар шығарман маған қатты ұнады, өте жақсы жазылған, тек алға,талабына нұр жаусын
Осындай конкурстарға рахмет! Әр сынып оқушыларын жек бағалай ма?Себебі, мұнда 8-сынып және бастауыш сынып оқушыларының шығармалары бар.
Байқауға қатысушылардың барлығына ереже бірдей. Сайт оқырмандары дауыс беріп жеңімпазды анықтайды.
Гүлназ шығарман өте жақсы,анаға деген махаббатынды байқап тұрмын. Рахмет саған қызым!
КӨП-КӨП РАХМЕТ АҒА!!!!!!!!!!!!
Шынар шыгарман жаксы жазылган екен!Маган унады!
Ұнаған шығармаларыңыз болса қолдап дауыс беріңіздер!
ЖАРАЙСЫН ДИЛЯРА,ОТЕ ЖАКСЫ ШЫГАРМА ТЕК СЕН1К1 ШЫГАР)