Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Мамандықтар (логопедтің сабақтары)


Сабақтың тақырыбы: «Мамандықтар».
Логопед: Байкеева У.О
Сабақтың мақсаты: Балалардың есту арқылы сөйлеуі мен сөйлеу тілі қимылдарын дамыту. Сөздік қорын молайту.

Сабақтың міндеті:

 

1. Білімділік-мамандық туралы білімдерін нақтылау және шыңдау, тақырып бойынша сөздік қорын белсендіру. Жаңа білім негіздерімен қаруландыру;

 

2. Түзету-дамытушылық – сөйлеу тілі белсенділігі мен диалогты сөйлеу тілін дамыту, дыбыстық талдау-жинақтау дағдылары мен фонематикалық процестерін дамыту. Ауызша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, есту, ойлау, есте сақтау қабілеттері мен тіл кемістіктерін түзеу;

 

3. Тәрбиелік- оқуға деген ынтасын көтеру, мұғалімдердің сөзін тыңдай білуге инабаттылыққа тәрбиелеу.

Құрал – жабдықтар: Проектор, компьютерлік технология, заттық суреттер,дидактикалық материалдар, қуыршақ, доп т.б

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.
– Балалармен сәлемдесіп, назарын сабаққа аударамыз.
– Артикуляциялық және тыныс алу жаттығуларын жүргіземіз.
– Үй тапсырмасын қайталап шығу.

 

ІІ. Негізгі бөлім.
– Бері қараңдаршы не деген бейберекетсіздік. Мұнда біреулер заттарын шашып тастап кетіпті. Оларды атап шығайықшы- мына ара мен балға құрылысшының заттары. Қайшы мен тарақ кімнің заттары болды екен? т.б.с.с
– Бұл заттар әр түрлі маман иелеріне керек.
logopeddik-sabak

ІІІ. Тақырыпты хабарлау.
– Бүгінгі біздің сабағымыз өте ерекше болмақ. Біз «Мамандықтар» қаласына саяхатқа барамыз, ол жерде біз көптеген мамандар туралы ақпараттар аламыз.
– Ал біз ол қалаға немен барамыз, әрине автобуспен барамыз.

ІV. Тақырып бойынша жұмыс.
– Балаларға проектормен әр түрлі мамандық иелері туралы суреттер көрсетіледі.

 

1) Жүргізуші мен кондуктор туралы білімдерін бекіту.
– Автобусты кім айдайды? (жүргізуші)
– Автобуста билетті кім жинайды? (Кондуктор)
– Жарайсыңдар. Енді жолға шығайық.
– Кенеттен автобустың дөңгелегі жарылып қалды (ш-ш-ш дыбысын дыбыстаймыз)
– Жүргізушіге жел үрлеп көмектесейік (с-с-с-с дыбысын дыбыстаймыз)
– Жүргізуші дабылын қақты кәне қайталайық (би-би-би-би)

Міне қалаға да келіп жеттік.

 

2) Аспазшы мамандығы туралы білімдерін бекіту.
– Сендер мына тәтті иісті сезіп тұрсыңдарма? Тамақтың иісі шығып тұрған сияқты. Біз кімге қонаққа келдік?
– Аспазшы не істейді?
– Аспазшыға тамақ жасап көмектесейік (Борщ жасаймыз)

 

3) Дәрігер туралы білімін бекіту.
Балалар үстелге жақындайды. Үстелдің үстінде дәрігердің заттары мен қуыршақ жатыр.
– Іш ауырса, бас ауырса
Саған дәрі береді.
Барлық ана, барлық бала
Оны жақсы көреді.
Мен кім туралы айтып отырғанымды білетін шығарсыдар.
– Дәрігер не істейді?
– Ол қай жерде жұмыс істейді?
– Мына қуыршақ ауырып қалыпты, сен оған көмектесші. (Қуыршақты емдейміз ойыны)

СЕРГІТУ СӘТІ

– Біз жүре-жүре шаршадық, бір демалып тынығып алайық.
ША-ША-ША күн қандай тамша
ШЫ-ШЫ-ШЫ айналаңа қарашы
ШУ-ШУ-ШУ жан-жағымда шу
ШЕ-ШЕ-ШЕ отырайық ендеше
4) Сатушы туралы білімдерін бекіту.
Балалар ойыншықтар дүкеніне жақындайды. Дүкенде кітаптар, ойыншықтар, ыдыстар, азық түліктер бар.
– Біз қайда келдік?
– Дүкенде кім жұмыс істейді?
– (рөлдік ойын «Сатушы»)

 

V. Сабақты бекіту.

– Біздің саяхатымыз осымен аяқталды. Біз жол жөнекей кімдермен кездестік естеріңе түсіріңдерші.
– Қазір мен сендермен ойын ойнаймын «Қатемді түзе»
– Мұқият болыңдар!
– Жүргізуші стады—жүргізеді
– Тігінші шаш қырқады——тігеді
– Сатушы тамақ дайындайды——-сатады
– Құрылысшы ұшақы айдайды——үй салады
– Ұшқыш көлік жүргізеді——–ұшақты жүргізеді.

VІ. Қорытынды.
– Ал сендер болашақта кім болғыларың келеді?
– ЖҮРГІЗУШІ, АСПАЗШЫ, ШАШТАРАЗ, МҰҒАЛІМ, ДӘРІГЕР, ҚҰРЫЛЫСШЫ,ӘНШІ,БИШІ бұлардың барлығын бір сөзбен қалай айтамыз?
– Сендерге сабақ ұнады ма?

VІІ. Үйге тапсырма.
– Үйде артикуляциялық жаттығуларды қайталап, өздеріңе ұнаған мамандық туралы әңгіме құрастырып келіңдер.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Спорттық ойын (балабақшадағы сабақ жоспары)
  • Бауырсақ ертегісі
  • Орманға саяхат
  • Эссе: «Мамандығыммен мақтанамын»
  • Әжемнің ауылындағы наурыз

Пікірлер 7 Пікір қосу

  • Нургуль 12.01.2022 күні 17:38 уақытында

    Баланың болашаққа деген көзқарасын өзгертеді деген ойдамын?

    Жауап беру
  • Молдир 23.10.2021 күні 00:37 уақытында

    рахмет

    Жауап беру
  • Бибигул 06.02.2021 күні 00:24 уақытында

    тіл жатуғуларының баланың тілін дамытуға берері мол

    Жауап беру
  • Молдир 06.11.2019 күні 15:48 уақытында

    Логопедке арналған таптырмас дүние екен. Жарайсыз. Көп рахмет

    Жауап беру
  • Жазира 22.10.2019 күні 14:55 уақытында

    Керемет! Рахмет көп-көп!!!

    Жауап беру
  • Бальнур 21.02.2019 күні 11:31 уақытында

    Керемет мақала. Осы мақаладан жас маман ретінде алғаным көп размет сіздерге

    Жауап беру
  • Бальнур 21.02.2019 күні 11:31 уақытында

    Керемет мақала. Осы мақаладан жас маман ретінде алғаным көпю размет сіздерге

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.