Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ана мен бала

 

Ана денсаулығы ұлт саулығы


Өскелең ұрпақтың дені сау босын десек, болашақ аналардың денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек. Бүгінгі күнгі жас қыз-келіншектер өз денсаулығына салғырт қарамай, қайта ертеңгі өміріміздің жалғасы ұрпақтарына жауапкершілікпен қарауы керек.

Себебі егер ана денсаулығы дұрыс болмаса, одан туар бала қандай болмақ? Әйел заты инабатты, тәрбиелі, әрі нәзіктігімен ерекшеленетінін бәріміз білеміз. Сондықтан өсіп келе жатқан ұрпағымыз, еліміздің ертеңін әлемге паш етер жас жеткіншектеріміздің денсаулығын ана құрсағында жатқан кезден бастап ойлау керектігін ұмытпаған жөн.

ana-turaliСол себепті болашақ ана денсаулығына дұрыс қарау керектігін білген артық болмайды. Бүгінгі күні әйел затынын шылым шегіп, сыра, арақ, шарап ішіп, мас боп жүргенін көрген кезімізде ішіміз удай ашитыны сөзсіз. Әйел затынын одан қалды ашық-шашық жүргенін көрген кезде, қай анамыз осындай үлгі берген еді деп таң қаларлығымыз сөзсіз?

Бұл жас қыз-келіншектер неге тәрбиеден теріс ауытқып кеткен деген сауал кеудемізді тебірентетіні мәлім.Осы қасиет ұлтымыздың атына үлкен нұсқан келтіретіні сөзсіз. Еліміздің ертеңі мен болашағына жанымыз ашитын болса, болашақ ана денсаулығын бүгін қадағалауымыз керек.

«Ана» деген үлкен атқа ие болған әйел затының алдында өскелең ұрпаққа деген жауапкершілік болуы керек. Ана денсаулығы бүгінгі заманның көкйтесті мәселелерінің бірі болып табылуда.

Халқымызда «Ана – мақтан, ана – жыр, Ана – бақыт, жанашыр» деген мақал бар емес пе? Бұл мақалдың құндылығын жоймай, болашақ аналарымыз дендерінің сау болуына өздері де үлкен үлес қосып отыруы керек.

«Ана» деген ардақты атқа ие болған келіншектер, ақ жаулықты әжелеріміздің атына кір келтірмей денсаулықтарына немқұрайлы қарамауы тиіс. Ана денсаулығының мықтылығы, елімізге дені сау, мықты ұрпақ әкелері белгілі. Әр қыз -келіншек өз денсаулығын қадағалап отыруы керек. «Дені саудың – жаны сау» деп бекер айтылмаған. Ана-шаңырақ шуағы, отбасының бақыты мен берекесі. Сондықтан айналайын аналар,дендерің сау, қуаттарың мол, шаңырақтарың шуақты болсын!

Мақала авторы: Кельдибаева Багиткуль Аманжоловна

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Отбасылық тәрбиелеу
  • Ана болғалы отырғандарды сақтаңыздар!
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Би құдіреті
  • Аялаған ақ анам

Пікірлер 3 Пікір қосу

  • Анара 17.02.2022 күні 10:38 уақытында

    Жалпы әйел адамның денсаулығына көп көңіл бөлген жөн болар. Әйелсіз адамдардың күні қараңғы болары анық. Әйелсіз көп тірлік аяқсыз қалмайды. Әйел даже ауырғанын да байқатпайды. Шыдап жүре береді.

    Жауап беру
  • Айнур 05.11.2021 күні 20:49 уақытында

    Ана денсаулыгы арине 1ши орында.Барынша ауырмауга тырысады балалар ушин

    Жауап беру
  • Әсем 01.11.2019 күні 21:15 уақытында

    шынымен әр адам өз денсаулығына ұқыпты қарауы жөн, бұл өте маңызды. Ана денсаулығы бірінші орында болуы қажет

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.