Ана махаббаты

Ана үшін өмірдің ең үлкені сыйы ол-бала сүю.Әр бірі қыз баласы өз жартысын тауып отбасын құрған соң ана болуды армандайды.Ал баласы дүниеге келген соң оған барлық заттың қымбатын,сапалысын және тиімдісін алып беруге тырысады.Ол үшін барлық жағдайды жасайды.
Мен баламды өте өте өте қатты жақсы көремін себебі -ол менің жүрегімнің жартысы ,анасы мен әкесінің көшірмесі.Барлық уақытым да назарым да баламда қазыр.Ол мен үшін өмірімнің мәні,келешегім, бар байлығым -балам.Ол дүниеге келмей тұрып көп ойлайтынмын кімге ұқсайтын болады екен деп.Ал қазір оның түк мәні жоқ,анасы мен әкесінің баласы емес көптің баласы болсын деп Бала, ана болу, бала тәрбиелеу,бала туралы,ана махаббатытілеймін.Көпті тыңдайтын,көппен санасатын жан- жақты дарын иесі болғанын сұраймын Алладан.Оның шыр еткен даусын естісем жанымды коярға жер таппаймын,тамақтанып отырып даусы шықса тамағымды тастай саламын.Ол қуанғанын көргенде,күлкісін естігенде өмірдің барлық қиындықтарын ұмытамын.Бізді бар жасайтын да,жоқ жасайтын да баламыз.Келешекте бір дара тұлға болып жатса одан артық бақыт жоқ,ал егер надан болып жатса одан артық сорақылық жоқ.Баламды дүниеге алып келуден бұрын көп ойлайтынмын менің қолымнан бала тәрбиелеу келе ма,ауырғанда емдей аламын ба,қарны ашса тойдыра аламын ба,жылағанда жұбата аламын ба?деп.Дүниеге алып келген соң дұрыс тәрбиелеуге тиіспін,қарынын тойдыру керек,аурыса емдеу керек,жыласа жұбату керек деп қана білемін.Әр бір ана дүниеге сәби алып келді ма осыған міндетті.

Автор: Орынбек Нилуфар Ильясқызы 

Пікірлер5
  1. Инкарим

    Әр бала үшін ананың орны бөлек. Оның махаббаты, ақылы ерекше.

  2. Салтанат

    Ана махаббатына шек жоқ қой. Баласы үшін тауды да, тасты да қопаруға дайын.

  3. Жауқазын

    Ата аналар канша жерден бос болмасада балаларына махаббатын аямау керек

  4. Кундызай

    Ананың шексіз махаббатынан артық ештеңе жоқ

  5. Ляззат

    менің де өмірімде қызым пайда болғалы өмірім 360 градуска өзгерді. Жұмыска кеткенде ол жылап қалады, қимай кетемін. кейде ойламын ерте шыгып кеттім ау деп, мына макаланы окып кызымды ойлап сагынып кеттім….

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ