Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ана мен бала

 

Болашақ ананың тамақтануы


        Нәрестенің жағдайы аяғы ауыр кезінде ананың қалай тамақтанғандығына байланысты болады. Егер анаға қажетті тамақ жеткіліксіз болса онда балаға да жаман, ал өте көп болса, одан да жақсы болмайды.
Тамақты өте көп ішу болашақ анаға, дүниеге келгелі тұрған баланың аман тууына қауіпті болады.

zhukti-aielge-kenes
Егер анасы тамақты көп ішсе, баланың денесі тиісті қалыптан қарқынды өсіп, туу кезінде оның салмағы 4000-4500 грамға жетеді. Алайда ірі бала біз ойлағандай мықты бола бермейді.

Қажеттен артық ішілген тамақ әдетте пайдасыз, құрамы жағынан тағамдар теңестірілмеген болып шығады. Артық қорек алған перзенттің дұрыс өсіп, дамуы үшін аса қажетті кейбір заттардың жетіспеушілігі байқалады.

Зерттеулердің көрсетіп отырғанындай, көптеген аналар рационының калориялылығы кондитер заттары: ұннан жасалған тағамдар, варенье, тәтті сусындар, углеводтар есебінен шамадан тыс көбейтіліп, нормадан асып кетеді. Ал екіқабат кезде бұл тағамдарды ішуді шектеу қажет. Тәттіні көп жеуден организмде сұйық көп жиналады да, семіріп, бала салмағының өсуіне және онда ауруға биімділіктің (диатез) дамуына мүмкіндік туады. Тамақта нашар қорытылатын қой, шошқа, сиыр еті майларының болуы зияннан басқа ештеңе бермейді.

Қазіргі кезде аяғы ауыр әйел «екі адам үшін тамақ ішуі керек» деген түсінік бар. Ол дұрыс емес. Ішетін тамақтың жалпы мөлшері сол күйінде сақталады. Бірақ олардың құрамындағы қоректік заттарға, сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Екіқабат болған күннен бастап ана организмі өте қажет құнарлы белоктардың кідіріссіз үнемі келіп тұруын қалайды, өйткені ол-ұрықтың клеткалары мен тканьдарын құрайтын негізгі құрлыс материалдары. Бұлардың негізгі көзі балық пен ет қана емес, сонымен қатар сүт және сүт өнімдері, сүзбе де саналады. Осы кезде витаминдер мен минералды заттарға деген қажеттілік те күрт артады.

Рациондағы витаминдердің жеткіліксіздігі ана мен бала организміндегі заттар алмасуының бұзылуына себеп болады, екіқабат мерзім ішінде әртүрлі аурулар дамып, жұқпалы ауруды өте қабылдағыш келеді. Организмде С және В витаминдері жетпесе бауырдың қызметі нашарлайды да, перзенттің нерв жүйесіне теріс әсер етеді.

Егер жүктіліктің алғашқы кезеңінде анасы А витаминін алмаса , бала жолдасының теріс қалыптасуына жағдай жасайды, онда балаға қатер төнеді, яғни: сол бала жолдасы арқылы оған қоректік заттар келеді де, организмнен заттар алмасып шығады.

Жүктілік кезде рационда Д витамині жетіспесе, перзенттің сүйек қаңқасы нашар өсіп, ол туғаннан кейін мешел (рахит) ауруына бейім болады. Е витамині жүктілік кезең ішінде баланың бойының өсуіне әсер етеді. Егер ол жетіспесе, жүктілік мезгілінен бұрын аяқталуы мүмкін.

Дәріханада сатылатын витаминдерді пайдалану үшін дәрігермен кеңесу керек. Ал тағамдарды дұрыс ішіп, тиімді пайдаланғанда мұның қажеттілігі болмайды. С витаминінің негізгі көзі- барлық көкөністер, жемістер мен жидектер. Бұларда витаминдермен қатар ас қорытуды жақсартуға қажетті және іштің қатуын болдырмайтын клетчаткалар, сондай-ақ минералдық тұздар көп болады.
В тобындағы витаминдер еттің, бауырдың, жұмыртқаның, ашытқының, кебектің, ұннан дайындалған нанның, қарақұмық пен сұлы жармасының құрамында болады.

Организмдегі каротиннен А витамині жинақталады. Ол сәбіздің құрамында көп болады.
Майдың қатысуымен А витамині бойға тез сіңеді. Үгілген сәбізді қаймаққа қосып берсе, ол оның согынан едәуір пайдалы болады. Егер үгітілген сәбіздің құрамында Е витамині және май қышқылы бар өсімдік майымен қосса, одан да жақсы болады.

Д витамині мал өнімдерінен жасалған тағамдарда: сары майда, жұмыртқаның сары уызында, бауырда болады.

Жүктілік басталған күннен бастап кальциге деген қажеттілік екі есе өседі, өйткені ол перзент сүйегінің қалыптасуына қажет. Егер ол тамақпен аз баратын болса, болашақ ананың тістері бұзыла бастайды. Кальций негізінен: сүт, сыр, сүзбе, жұмыртқаның сары уызында, қара бидай нанында, жармада болады.

Әрине, рационды құрастырғанда ананың әдеті мен дағдысын, еңбегінің түрін, жеке басының ерекшелігін ескеріп жасайды. Жүктілік қай мерзімде өтетінінің де мәні бар. Аяғы ауырлықтың екінші жартысында тағамның калориялығын біршама көбейту керек және күндізгі ішетін тамағы мынадай мөлшерде болуы тиіс: ет(соның ішінде колбаса, сосиска)-120 г, балық-100, майсыз сүзбе-170, айран-200, сүт-250, сары май-15, өсімдік майы-25, қант-40, ұн тағамы-100, қара бидай наны-100, ақ нан-100, жарма мен макарон түрлері-60, картоп-200, көкөніс-500, жеміс, жидек немесе шырындар-200 г.
Күніне ішетін сұйық тамағы екі литрге дейін, оның ішінде: шай,сүт, шырынды сусын, сорпа,кеспе, ал ісінуге бейім болса, онда одан да аз ішеді. Аяғы ауырлықтың бірінші жартысында тұзды 10 грамға дейін, ал екінші жартысында-6-8 грамға жеткізе пайдаланылады.

Тамақтану режимі үлкен роль атқарады. Тамақты күніне 5-6 рет ішу керек. Мал өнімдеріндегі белок қарында ұзақ кідіретіндіктен, ол нерв жүйесін қоздыруға әсер етеді, ет пен балықты күннің бірінші жартысында, ертеңгі және түскі тамақта жеу керек, ал кешкі тамаққа сүт пен өсімдік майы тағамдарын-ірімшік, сүзбе, көкөніс запеканкасын, бөктірілген көкөністі пайдаланады, жатарда бір стакан айран ішуге болады.
Етті, балықты, картопты қайнатқан немесе от табына пісірген жақсы. Егер аяқ ауырлықтың бірінші кезеңінде кейде қуырылған тағам жесе, екінші жартысында оны жеуге болмайды.

Тамақтанудың дұрыс көрсеткіші-дене массасы өсуінің реттелуі. Жүктіліктің екінші жартысында оны ерекше қадағалау қажет, дене массасы аптасына 250 грамннан аспауы тиіс. Егер екіқабат әйел осы мерзім ішінде 8-10 кг салмақ қосса, онда мұны дұрыс деп санайды.

Сіздерге мына мақалалар оқуға кеңес береміз:

  • Бала жынысын жоспарлау(қытай күнтізбесі)
  • Қалай жүкті болуға болады
  • Жүктілік күнтізбесі
  • Ана болғалы отырғандарды сақтаңыздар!
  • Сәбидің үйдегі алғашқы күндері
  • Нәресте күтімі

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Бала тәрбиесі – игілікті іс
  • Ана болудың өзі…
  • Балаңыз жылай берсе
  • Бұзықтық жасаған балаға қандай шара қолданамыз?
  • Қалай жүкті болуға болады

Пікірлер 5 Пікір қосу

  • Айнур 05.11.2021 күні 20:19 уақытында

    Пайдасы манызы зор

    Жауап беру
  • Динара 01.09.2021 күні 19:10 уақытында

    Қазіргі таңда тамақтану басты мәселе. Түсінікті, нақты ақпараттар берілген

    Жауап беру
  • Асем 25.05.2021 күні 07:18 уақытында

    Рақмет өте қажет ақпарат екен! Ана сау болса бала сау дейді! Сауатты тамақтану, денсаулық кепілі

    Жауап беру
  • Елена 28.11.2020 күні 22:03 уақытында

    Рахмет, ия анаға дұрыс тамақтану өте маңызды, бұл бүлдіршіннң жақсы дамуына үлкен септігін тигізеді.

    Жауап беру
  • Набира 16.01.2019 күні 20:51 уақытында

    тәрбиелі мәні бар,пайдалы кеңес екен

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.