Балалардың спорт ойындары


Erketai / Дек.26.2012. / Пікірлер жоқ

Спорт ойындары

1.Баскетбол. Допты екі қолымен кеуде тұсынан бір-біріне тура лақтырып, қағып алу; допты жүріп келе жатып лақтырып, қағып алу; допты екі қолымен жерге кезек-кезек соғып ыршыту; допты жүріп келе жатып жерге соғып ыршыту; допты кәрзеңкеге екі қолымен
лақтырып түсіру; өз беттерімен баскетбол ойнауға жаттығу.

2.  Футбол. Бір-біріне допты екі аяқпен кезек-кезек соғу (тоқтату); екі бала қатар тұрып, допты аяқпен тебе қуып жүгіру; кақпашы болып, доп ұстау; қақпашыға допты екі аяқпен кезек соғу; ұлдар мен қыздар болып бөлініп, футболдың ең қарапайым ережелерін сақтап ойнау ( міндетті түрде төреші сайланады),

3.  Хоккей. Хоккейдің таяғын дұрыс ұстауға үйрету; шайбаны (допты) үй қабырғасына таяқпен соғып, ыршыған допты тоқтатып, қақпаға соғу; ұлдар мен қыздар болып бөлініп, жеңілдетілген ережемен ойнап жаттығу.

4.  Ақсүйек. Ойын ережесін дұрыс түсініп, ойын орнын анықтап сызып, ұлдар мен қыздар болып бөлініп, сүйектің орнына кішкентай резенке добын пайдаланып ойнау.

5.  Қазан доп. Бұл ойынға алдын ала тұрақты орын белгіленеді. Тәрбиеші балаларды ойын ережесімен таныстырып, өзі бірнеше рет ойнатып көрсетіп, жақсы игерген баланы ойын бастаушы етіп сайлайды.

sporttik-oyndar
Спорттық жаттығу лар

1. Сырғанау. 1) Аяқпен сырғанау: төбешіктен әртүрлі әдіспен сырғанап түсуге, қоса су құйып әзірленген мұздақ жолмен жүріп келе жатып, тік тұрып, жүресінен отыра қалып сырғанау. 2) Шанамен сырғанау: шанаға 1-2 баладан отырғызып сүйрету; төбешіктен еңіске қарай шананың артынан итеріп келіп, үстіне жата қалып сырғанау.

2.  Велосипед. Тік жолмен, заттардың арасымен әртүрлі көріністер жасап тебу; 100-200 м. жерге жарыса тебу; артына тағы бір баланы тұрғызып алып тебу.

3.  Қазақша курес. Арнаулы параллон матаның үстінде, көгалда күресудің қарапайым әдістерін үйретіп, өздері қолдана білуге жаттықтыру; тізерлеп тұрып және белдесіп күресу; белдесіп тұрып, шалуға жаттығу; ұлдарды екі-екіден шығарып, 1 минут күш санастыру, күрестіру.

4.  Жүзуге дайындық. Судың тайыз жерлерінде етпеттерінен жатып, аяғымен суды шалпылдату; суға етпетінен жатып, қолды жерге тіреп жүріп, аяқпен әртүрлі қимылдар жасау.

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!