Балабақшаға арналған ойындар жинағы

Жай жүріп өт ойыны

Тәрбиеші залдың шыға берісінде көзін жұмып тұр. Балалар колоннамен бірінен кейін бірі аяқтарының ұшымен жайлап өтіп бара жатады. Егер балалардың біреуі онша тыныш жүрмей бара жатса, тәрбиеші оған қолын тигізеді. Бала кейінірек барып тұрады да, бері өтіп болғаннан соң барып, тағы жүріп өтеді. Колоннаның соңындағы бала тәрбиешіге жайлап: «Бәрі кетіп-қалды»,-дейді. Тәрбиеші көзін ашады.

Нұсқау. Тәрбиешінің қасынан тек ақырын жүріп өтпей, жайлап жүгіріп өте шығуға да болады.

Шеңберге түсір ойыны

Балалар ортада жатқан диаметрі 1-1,5 м үлкен шеңберден немесе дөңгелектен (жіптен немесе еденге сызылған) 2-3адам жерде дөңгелектеніп тұрады. Балалардың қолында құм салынған қап бар. Тәрбиешінің «Лақтыр!» деген сигналы бойынша балалардың бәрі қаптарын шеңбрге лақтырады. Одан кейін тәрбиеші: «Қаптарды көтеріндер!» — дейді. Балалар қаптарын көтереді де, орындарына барып тұрады. Ойын 4-6 рет қайталанады.

Нұсқау.Қапты екі қолмен лақтырулары керек.

Поезд ойыны

Балалар колоннаға бір-бірден тұрады (бір-бірімен қол ұстаспай). Біріншісі – паровоз да, қалғандары – вагондар. Тәрбиеші гудок береді де, поезд алға жылжи бастайды, ең әуелі баяу, кейін жылдам, жылдамырақ және ең соңында балалар жүгіруге айналады. «Поезд станцияға жақындап келеді»,-дейді  тәрбиеші. Балалар жүрісті бірте – бірте баяулатады да, поезд тоқтайды. Балалар серуендеуге шығады; олар жан-жаққа тарап, гүлдер, жеміс, саңырауқұлақ, бүршік тереді. Гудокты ести сала олар қайтадан колоннаға тұрады да поездың қозғалысы жаңадан басталады. Ойын 4-5 рет қайталанады.

Нұсқау. Алғашында балалар колоннаға кез келген ретпен тұрады, ал жылдың аяғында өз орындарын есте сақтауды-өз вагонын табуды үйретеді. Ойынның сюжетін өзгертуге де болады, мысалы, поезд көлдің жанына тоқтай алады, онда балалар қайықта серуендеуді, балық аулауды және т.б. бейнелейді.

Erketai / Окт.16.2013. / комментария 32

  • каламкас

    Кунделикти сабак жоспарын жазасыздар ма балабакшага арналган ясли тобы

  • раушан

    оте жаксы екен маган унады

  • жадра

    маған да ұнады

  • http://wordpress@erketai.kz ainurkuzemvaeva19757

    Сайтқа кіргеніме қуанып отырмын. Өте жақсы екен.Рахмет.

  • erjanbei

    Қош келдіңіз! Жиі кіріп тұрыңыз!

  • эльмира

    унады

  • bekzat

    Маған да ұнады . Жақсы екен.

  • сауле

    Керемет ойындар

  • альфинур

    маган әр жасқа арналған дидатикалық ойындар керек ед

  • жансулу

    керемет катты унады

  • Алма

    сәбилер тобына арналган ойындар керек

  • Aly

    Балаларға сөзсіз ұнайтынына сенімдімін, керемет ойындар!

  • Асема

    өте керемет ойындар

  • айто

    керемет

  • Гүлдана

    рахмет керемет!

  • Гулдана

    МашаАллах. Маган комегi тидi.

  • Гульмира

    Қалай жүктеуге болады?

  • Asylbek

    коп рахмет

  • fz

    тамаша ойындар

  • айкенже

    oйын барысымен жаксы жазылган екен

  • Balym

    keremet

  • ЖҰЛДЫЗ

    ӨТЕ КЕРЕМЕТ.КӨП РАХМЕТ СІЗДЕРГЕ.ТАҒЫ ДА ЖАҢА ОЙЫНДАР БОЛСА КЕРЕМЕТ БОЛУШЫ ЕДИ

  • аман

    тамаша

  • Карагоз Кошербайкызы

    Оте жаксы ойындар!!!

  • Meirambek 3-4 jaska tarbiewi

    Ote jaksi eken magan unadi

  • dudar

    копиравать етуге болмайма???жуктеп калай алуга болады???

  • Макпал Ажимбекова

    0te keremet eken

  • арин кенжегул

    балаларға базарлықтарыңыз көп болсын. сіздерге рақмет!!!

  • Ақмарал

    маған ұнады қалай көшіріп алам көмек керек

  • anaru

    Өте керемет ойындар рахмет сізге

  • Жадыра

    жақсы. көп рахмет

  • БИРЖАН

    КЕРЕМЕТ ОЙЫНДАР ОЙНАУ КЕРЕК