Уақыттың қадірі және енжарлық салдары

Мектепке барамын,
Бет-қолымды жуамын,
Таң ертең тұрамын.
Ой, ұмытшақтығым-ай,

Қайтадан бастайын.
Басталар күн түннен,
Түнімен ұйықтаймын,
Ұйқымды қимаймын.

Мен үшін таң ертең,
Басқаға тал түс,
Яки, таң ертең тұрамын.
Мектепке барамын,

Сөмкемді ала барамын.
Кейде оны ұмытып,
Өзім ғана барамын.
Е, айтқандай,

Кешігіп барамын,
Тентектігім көп менің,
Тыныштықты сақтамай,
Бар уақытты аламын.

Барамын, қайтамын,
Қызықты қуамын.
Ішемін-жеймін,
Жүремін, тұрамын.

Кітап бетін ашпаймын,
Ашпақ түгіл кітапты,
Мектепке алып бармаймын.

Күндер, айлар, өтті жылдар,

өлең сатира

Жылдар, жылдар,
Балалықпен қоштасып,
Болды соңғы қоңырау.
Мектеп. Қайран, балалық шақ,

Есігі тарс жабылды.
Басқа, басқа, тіптен басқа,
Басқа өмір есігі,
Айқара маған ашылды.

Өтті күндер, айлар, жылдар,
Тағы жылдар, жылдар, жылдар.
Айналаға көз тастап,
Отырмын міне ойлана,

Айнаға да қарап қоям,
Үнсіздікпен жәй ғана.
Мына есікті қақтым кеп, жұмыс іздеп,
Жоқ! Жо-жоқ! Деді, болмайды, лайықсыз деп,

Анау есікті қақтым кеп, жұмыс іздеп,
Жоқ! Жо-жоқ! Деді, болмайды, лайықсыз деп.
Осылай қаға бердім, қаға бердім,
Қапыда қала бердім, қала бердім.

Қайран! Сол күндер, еркелікке бой алдырған,
Ешкімде, оқы демес, үйрен демес, енді маған.
Жоқ, жо-жоқ! Бар есік жабылмапты,
Қап-қара мыра есік қалып қойып, қағылмапты.

Сонаудан мені көріп күлімдеді,
Ол мені шақыруды ұмытпапты.
Сен сияқты адамдар, өмірге керек деді,
Қолыңа ал, міне саған күрек деді.

Осы жолды таңдағандаймын,
Тағдырыма балағандаймын.
Ех, шіркін алтын уақыт,
Құныңды енді ұққандаймын.

Автоматтандыру мына заманда,
Ойланайық, ойлайық.
Енді міне, ақыл кіріп,
Болыппын, мен де ақылшың:

Үнемдей білсең уақытты,
Мәнді болар өмірің,
Антонимі осы өлеңнің,
Болар сенің ғұмырың.

Пікірлер17
  1. Айгерим

    Авторы кім

  2. Нұргүл

    Уақыттың құнды бағалы екендігін түсіндіруге түсіруге көп көмегі тиді

  3. Жанар

    Ұйқастары сәл келіңкіремейді екен, дегенмен идеясы жақсы.

  4. Диана

    материалдар ушін рахмеет

  5. Бимария

    Балаларға уақыттың қадірін түсіндіруге ыңғайлы екен. Рақмет сіздерге.

  6. Айгүл

    Өлең жолдар оте тамаша. Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерімізге жаттауға өте ыңғайлы. Көңілімізден шықтты, балларда мәз. ата-аналарда осындай әдемі тақпақтарды естіп қуанып жатады. Барлығы сіздердің арқаларынызда.

    1. Дина

      Рақмет, барлығы балалар үшін.

  7. Айгерім

    Мағынасы терең, кез келген жерден таптырмайтын мәліметтер бар екен.

    1. Дина

      Рақмет. Барлығы балалр үшін.

  8. Айгерім

    Өлең жолдар оте тамаша. Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерімізге жаттауға өте ыңғайлы. Көңілімізден шықтты, балларда мәз. ата-аналарда осындай әдемі тақпақтарды естіп қуанып жатады. Барлығы сіздердің арқаларынызда.

  9. Аружан

    Өлең шумақтары мағыналы әрі терең.Өте керемет.Біз уақыттың қадірін біле бермейміз.Уақыт зулап жатқан сенің өмірің.Сол уақытта біраз нәрсені істеп қалуға тырысуымыз керек, әйтпесе өміріміздің қалай өткенін білмей қаламыз.

    1. Дина

      Рақмет. Баларға пайдасы тиіп жатса қуанамын.

  10. Гулмира

    Уақыт туралы тақпақты іздеп жүр едім жақсы болды

  11. Аманкелді Жайлыханұлы

    бастауыш сынып балаларына жаттатып қоюға жақсы өлең шумақтары екен.

  12. Меруерт

    керемет өте жақсы қазақша бірден бір көмек

  13. Айболек

    Ой қандай керемет таптырмас материалдар риза болдым сіздерге, тағыда осындай дүниелер болса екен

  14. Насиева Фая Хисметуллаевна

    Балалық шақ бақытты кезең.Өлең жолдары тақырыпқа сай өте жақсы жазылған,Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап адам баласы тәрбие мен білім алады.Өлең жолдары сол балалық кезден білім алуға деген құлшыныстың болмағаның,енжарлықпен уақыт өткізіп алғанды дұрыс көрсетеді.Білім алмаған адамзат баласы ешбір маманның иесі бола алмайды,оған тек қолға күрек алып қара жұмыс жасау.Қазіргі заманда ең алдымен әрбір азамат білімді болу керек.Енжарлықты,жалқаулықты тастау керек,себебі біз дамыған жаңа технологиямен жұмыс жасаудамыз.Өлең мағынасын түсіне білсек уақыттың өткеніне қайғыру,өкініш бар.Осы өлеңді өз өмірімізге үлгі тұтып,ен алдымен білім мен тәрбие алуға,алған біліміміз арқылы армандаған мамандықтың иесі болуға,сол мамандыққа қол жеткізген соң
    халыққа еңбек етуге тырысу керек.Сатиралық өлең жолдарын дайындаған Алтынбекова Динаға шығармашылық табыс тілеймін.Маған ұнады,бұл өлең жолдары әрбір азамат пен азаматшаға сабақ болады деген ойдамын.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ