Балалардың тақпақтары

balalardin-takhpahtari

Күз келді
Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.

Жеміс-жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.

Бала тілегі
Соғыс мүлдем болмасын,
Бейбітшілік орнасын.
Елбасымыз аман болып,
Қазақ елін жайнатсын!

Аман болсын елім,
Аман болсын жерім.
Аман блсын барлығы,
Аман болсын жанұям.

Ұя салды
Құс қанатын қақты,
Біздің ауыл жақты.
Ұя жасап жайлы,
Балапанын бақты.

Авторы: Кауменова Сания Кусановна Алматы облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» кмм-нің мектепалды даярлық тобының жетекшісі

Өте жаманЖаманОрташаЖақсыӨте жақсы (Жазбаның бағасын беруіңізді сұраймыз)
Loading...
Erketai / Авг.21.2015

комментария 2 Пікір қосу

  • 1-2 жастағы балаларға арналған ойындар тақпақтар санамақтар бар ма

  • Сайтта мұғалімдерге тəрбиешілерге қажетті ең керекті материалдар жарияланады. Қолдануға өте ыңғайлы жəне балалардың əр жас ерекшеліктеріне сай жасалған.

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!