Балаларға арналған әндер


Erketai / Янв.9.2015. / комментариев 12

balalarga-arnalgan-ander

Ән: «Қазақстан»

Қарт алатау
Бұлтты құшқан
Көгінде «Ту»
Зулап ұшқан,
Менің жерім
Туған елім
Күн сәулелі — Қазақстан — 2 рет

Күн елісің
Күлімдеген
Гүлі берен,
Мейірбанды
Ізгі жанды
Туған елім — Қазақстан — 2 рет

Жерін
Ескен майда,
Толқындаған,
Егін жайда,
Далам менің
Анам менің
Туған елім – Қазақстан – 2 рет

 Ән: «Отан»

1. Отан – таңның арайы
Күн нұрынан тараған
Отан – бақыт сарайы
Ел қызығып қараған

Қайырмасы: Ән сыйлаған жер көктем
Отан – біздің жыр – көктем
Отан бізді тербеткен
Отанымда ер жеткен

2. Отан тынық түндегі
Өшпес жарық жұлдыздар
Отан — әрбір үйдегі
Шат көңілді ұл-қыздар.

Қайырмасы: Ән сыйлаған жер көктем
Отан – біздің жыр – көктем
Отан бізді тербеткен
Отанымда ер жеткен

 Елтаңбасы елімнің

1. Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.

Қайырмасы: Құт-береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.

2. Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда.
Еркіндігім- Елтаңбам!

Қайырмасы:

Құт-береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.

ӘНІ САЗГЕР ДАБЫЛ ОМАРОВТІКІ

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы «Еркетай» сәбилер-балабақшасы КМҚК ересек «Көгершін» тобының тәрбиешісі Бектурсунова Сагадат Ергалыевна

smile

комментариев 12 Пікір қосу

  • ТАМАША ӘНДЕР! ЕЛТАҢБАСЫ ЕЛІМНІҢ ӘНІ АРАЛДЫҚ САЗГЕР ДАБЫЛ ОМАРОВТІКІ

  • Сәлеметсіздерме? Менің атым Самғат. Жасым 9 дамын. Менің салған суреттерім бар. Сол суреттерімді сіздерге қалай жібере аламын?

  • Салем, Самғат суреттеріңізді hat@erketai.kz немесе erketaikz@mail.ru почтасына жіберуіңізге болады.

  • Өте жақсы сайт. 5+++++

  • Дабыл кармакшылык болса менин группаласым болганы

  • Дабыл кармакшылык болса группаласым болды

  • Қайырлы күн.Менің жіберген мақалаларым неліктен шығарылмайды?

  • музыкасын кайдан алуға болады???

  • Саламатсыз, қай күні жібердіңіз?

  • Салеметсіздер ! erketai.kz балабақшаға арналған əндерді минусымен тауып бере аласыздарма өтініш Күз, балабақша,көктем ,дос туралы əндер болса жақсы болар еді. Алдын ала рахит. Алла разы болсын ағайын! !!!

  • Саламатсыз,Гулбану бізде бар барлық минусовкаларды сайттың минусовкалар бетіне жариялағанбыз.

  • Осы әндерді кім жибере алады маған???

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!