Болашақ аналарға кеңес


Erketai / Ноя.11.2014. / Пікірлер жоқ

bala-densauligi

Қазіргі қоғамдағы басты мәселердің бірі бала денсаулығы яғни дүниеге келіп жатқан сәбилердің 30 пайызға жуығының дендері сау емес болып дүниеге келіп жатыр.Бала денсаулығы өте жауапты да қиын мәселелердің бірі.Кезінде жасалған қате немесе болашақ ананың салғырттығы баланың бүкіл өмірін өзгертіп жібереді.
Басқалардан өзгеше туылған бала бүкіл өмірі бойы өзін кінәлап,өзін басқалардан төмен санаумен өтеді. Менің бір құрбым бала көтеріп үш ай толғанда тұмаумен аурып, дәрігерлерге қаралмай қазақшылыққа салып өтіп кетеді мен койды. Содан бала сегіз айға толғанда дәрігерлер баланың денсаулығында ахау бар екенін байған, құрбым дәрігерлерге сенбей қайта қайта УДЗ(УЗИ)ге түсті. УДЗ-де дәрігерлердің сөзін жоққа шығармады. Сонымен құрбымның ай күні жақындап босанды. Бала солай өзгелерден кішкене өзгеше яғни таңлайсыз туылды.Оған қаншама операциялар жасалды.Қазір құдайға шүкір жағдайы жақсы таңлай қойылды ерні қалпына келтірілді.Бірақ сол уақыт аралығында құрбым қаншама қиындық көрді.

Құрбымның жұбайы қолдау көрсетудің орнына достарыма баламды көрсетуга ұяламын деп баласынан теріс айналды. Ал енесі болса бір баланы дұрыс туа алмадың деп сан рет бетіне салды.Жұбайымен ажырасып баласын өзі емдетті.Сол сәттерде құрбым сан рет бұлай болатынын білгенде дұрыстап емделетін едім деп қатты өкінді. Сондықтан болашақ аналар балаңыз дені сау туылсын отбасымды бақытқа бөлеймін десеңіз денсаулықтарыңызға жауапкершілікпен қараңыз, дәрігерге уақтылы барып айтқанын екі етпей орындаңыз! Сонда ғана  көптеген қиыншылықтың алдын алуға болады.

Мақала авторы:NiLuFaR

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!