Армансыз адам қанатсыз құс


Erketai / Ноя.7.2014. / комментария 2

armansiz-adam-kanatsiz-kuspen-ten

Армансыз адам қанатсыз құс секілді,адамның кеудесінде жүрегі соғып тұр екен ол армандауын тоқтатпау керек.Армандау,қиялдау деген ғажап сезім емес пе? Шын ниетпен армандап адал еңбек еткен адам ғана арманына жетеді.Өскелең ұрпақ ертеңгі күніміздің болашағы жастарға айтатыным қандай жағдай болмасын адам әр қашан армандау керек.Арманы жоқ адамның өмірінің де мәні жоқ.Себебі арманы бар адам  арманына жету үшін еңбек етеді, өмірдің қиыншылықтарымен күреседі.Сол сәтте ол кісіде батылдық, еңбекқорлық, сенімділік, кіші пейілділік қалыптаса бастайды. Мен өзім әкесіз өскендіктен жас кезімнен еңбек етуге мәжбүр болдым. Мен ол үшін еш қашан намыстанбаймын қайта сол қиыншылықтардың арқасында төзімді, еңбекқор, батыл өз -өзіме сенімді кісі болып есейдім. Мен әкемнен 5 жасымда айрылдым содан үй күйсіз қалдық. Нағашы атамның үйінде 2-3 жылдай өмір сүрдік.Содан анам әкем қайтыс болғанан соң бір жылдан соң екі гектар үлес жерді жалға алып егіншілікпен айналыстық.Сонда күнде күннің астында жаңағы қияр, помидор, бұрыштың арам шөптерін жұламыз оның астынан құрт құмырсқа шығатын. Сол кезде әр шөпті жұлған сайын ойлайтынмын осының барын жинап терсек жеке өзімізге үй аламыз деп, соны ылғи армандап, құдайдан сұрап отыратынмын.Егіндерді жинап алатында сәт келді, бірақ біз ертең егінді жинаймыз деген күні түнде қар жауып кетті. Сонда таң ертең тұрып анамның қалай жылағанын сөзбен жеткізу қиын. Мен анама жылама мама жарайды биыл болмаса келесі жылы үй аламыз жеке үйіміз міндетті түрде болады деп демеу бердім. Менде сонда арманымды жоғалтпадым өз-өзіме сенімді болдым.Сол күні анам түсте егін алқабына барып үсік алмаған егіндерді жинаймын деп барса барылық егілген егіндер сол күйінде еш теңені үсік алмапты. Оған қоса сол егіндерді сол сәтте алатын адамда табыла кетіпті.Әрине егінен алған ақшаның барлығы үй алуға жетпеді. Нағашы атамның көлігі болған сол көлікті сатып анама үй ал деп берді. Анам сол ақшаның басын біріктіріп 1 бөлмелі пәтер алды.Қандай жағдаймен қалай болмасын біз пәтер алдық менің арманым орындалды мейлі бір бөлемелі болсада ең бастысы өзіміздікі. Сондықтан да қандай жағдай болмасын кандай кез болмасын армандап сол арманың орындалатына шын көңілмен сеніп адал еңбек ету керек.

Мақала авторы: NiLuFaR

smile

комментария 2 Пікір қосу

  • Сәлеметсіздерме Құрметті Сайт әкімшілігі? Сайтқа тіркелейін десем символ көрінбейді , қалай тіркелуге болады? Рахмет….

  • Салем! F5 басып қайта қарап көріңіз.

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!