Ана әлдиі сәбиге ән салдырады


Erketai / Сен.15.2014. / Пікірлер жоқ

Cәби  жарық  дүниенің  есігін аттап, ананың ақ уызына тойып манаурағаннан, тіршіліктің ырғағын сезіне бастайды.  Тамағы бүлк-бүлк етіп, үш күннен кейін анасын исінен – ақ таниды.  Анасының дауысы естілгеннен қимылы жылдамдап, тыпыршып кетеді . Жөргегінен алып , бауырына басқаннан тыныштала қояды.  Жан жылуын сезініп , рахат сезіміне бөленеді.
Анасы  оны тал бесікке бөлеп ,ыңылдап ән салса пысылдап тыңдап жатады , сөйтіп ,  тәтті ұйқыға беріледі.  Бала ән тыңдауға бірте –бірте  осылай  қалыптасады.

Телеарнадан ән есіле қалса ,кәдімгідей елең ете қалады.  Сәбиге нені үйретсе , соны қабылдайды. Бұл дағды нәрестенің  әнге қызығушылығын тудырады. Осылай дағдыланған алты айлық Сырым  екі мыңыншы жылы

өтетін Ақ олимпиаданың гимні алғаш рет телеарнадан орындалып жатқанда,

Ана әлдиі, сәбиге, ана туралы шығарма  , Ананың тәрбиесі

« Азиада» деп әндетіп айқайлай бастады. Анасы Мақпал ұялы телефонын қосып:

—          Ой, Жарайсың? Сырым, кәне, кәне?  Тағы айтшы?- деп өтінгенде ,

Сырым түсінетін адамдай, « Азиада» деп тағы әндете жөнеледі.

Бұрын — соңды сөйлеп көрмеген,  енді отырып үйренген Сырымды арқаландырған ұлттық рух екенін анасы ғана ұқты. Осы жайға куә болған нағашылары қуанып, жиендерін төбелеріне көтеріп,  түкіріп  қуанып жатты.  Ананың тәрбиесі – ұрпақты ізгілікке үйретеді.   Ән — баланы көңілін жадыратып, қиялын дамытады.  Болмысын шыңдап, ұлттық әуенді тыңдап жетіледі.  Ана  әлдиі сәбиге ән салдырады.

     Автор: Темірхан Әбдіков

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!