Cу – өмір нәрі

Сабақтың тақырыбы: «Су – өмір нәрі»

 Мақсаты:  Су және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету.

Білімділік: Су –тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғау, суды ластамауға, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, су, сүт, қасық, бояу түрлері, шырын, түтікше, жұмыртқа, тұз, стакан, қар, мұз, бу

Қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, көрсету, тәжірибелер, суреттерді құрастыру.

Интеграция: Қоршаған орта, тіл дамыту, құрастыру.(2 слайд)

su-omir-nari-erketai

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

«Жылулық шеңбер»

Самал жел бізді желдетші,

Күн нұры бізді жарқырат.

Таза ауа дем берші,

Мөлдір су бізді салқындат. (3 слайд)

 Тәрбиешінің кіріспе сөзі: Балалар, «су» деген сөзді естігенде кезде көз алдарына ең алдымен не елестейді?  (балалардың жауаптары тыңдалады)        -Дұрыс айтасыңдар арине. Суды адамдар не үшін пайдаланады?           Жануарлар мен өсімдіктерге не үшін қажет? (балалар өз ойларын ортаға салады). Ал судың пішіні болады ма? (тарелкага суды құйып көрсету) Өте дұрыс, жарайсыңдар! Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Ал сендер суға байланысты қандай мақал-мәтелдер билесіңдер?

  1. Судыңда сұрауы бар.
  2. Су анасы — бұлақ,

Сөз анасы — құлақ.

  1. Судың жолын құм бөгер,

Ердің жолын сұм бөгер.

  1. Сумен ойнама — батарсың,

Отпен ойнама — жанарсың.

  1. Түнгі су — ну, күңдізгі су — бу.

Жұмбақтар: (жауабын тапқан бала сол суреттерді тақтаға іледі)

1 Дәміде жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.  (Су)

2 Моншағым көктің,

Тестім түбін шөптін.  (Тамшы)

3 Көз жасын төгіп елжіреп,

Жүреді көкте көлбіреп,

Жел қуса кетер селдіреп.  (Бұлт) (4 слайд)

Тәрбиеші: — Міне осылардың барлығы сумен байланысты. Балалар  ал сендер білесіңдер ме су қайдан, қалай пайда болатынын?  (балалардың жауаптары тыңдалады) Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мен сендерге толығырақ түсіндіре кетейін.

Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.

Табиғаттағы судың айналымы туралы сызба-нұсқасы (№1 қосымша)

kun

(Балалардан сызбаны қайтадан қайталатқызып сұрау) Ал, енді сендермен бірігіп бірнеше  тәжірибелер жүргізіп көрейік. (5-6 слайд)

I Тәжірибе «Су — мөлдір» (7-8-9 слайд)

● Балалардың алдына екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдір емес».

● Балаларға бояу беріп, судыңда түсін өзгертуге болатынын да тәжірибе жүзінде біледі.

su

 

II Тәжірибе «Суда дәм жоқ» (10 слайд)

● Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін шырынның дәмін көрулерін ұсынады. Суға қант қосып, дәмінде өзгертуге болады. Балалар өз ойларын айтады, неліктен судың дәмі өзгергендігін.

III Тәжірибе «Судың иісі жоқ» (11 слайд)

● Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.

Сергіту сәті

Ал, балалар тұрайық, мойнымызды бұрайық,

Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап,

Қане, жүзіп алайық,

Оңға бір, солға бір қарап, денемізді бұрайық. (12 слайд)

Тәрбиеші: Ал, балалар жаңа ғана біз сендермен жұмбақтардың жауабын шештік, бірнеше тәжірибелер жасадық. Ал енди мен сендерге бир еки сыйқыр көрсетейін….(13 слайд)

I Сыйқыр (фокус) көрсету: (осы сәтте жай ғана музыка ойнап тұрады)

Керек заттар:шикі жұмыртқа, стақан, бірнеше шай қасық тұз. (14 слайд)

 

1.Стақанға таза су құйып, суға шикі       2.Жұмыртқаны стаканнан шығарып

жұмыртқаны саламын.Жұмыртқа           қоя тұрып, стақандағы суға  тұзды

су түбіне батып кетеді(15 слайд).               Жақсылап ерітемін. (16 слайд)

su1

3.Енді жұмыртқаны қайтадан      ♦Тұз судың тұздылығын арттырады. судағы

осы суға саламын. Жұмыртқа       тұздың мөлшері көбейген сайын оның

суға батқан жоқ!(17 слайд)            тығыздылығы күшейіп, ол суға түскен кез

келген зат батып кетпей су бетінде қалқып

жүреді.(18 слайд)

su2

II Сыйқыр (фокус) көрсету: (19-20 слайд)

Керек заттар: стақан, су, бояу (марганцовка)

Бірінші стақанға су құямын. Балаларға айтамын мұқият қарап отырыңдар деп….Еш нәтиже шықпады. Екінші стақанға су құймастан бұрын сыйқырлы сөз айтамын (сим салабим!)  ішіне су құямын, сол сәтте судың түсі қызыл түске боялады. Балалар аң-таң болып қалады…

 Дидактикалық ойын: «Табиғат аясында» (21 слайд)

Шарты: Балаларды екі топқа бөліп, алдарына бір бірден А4 қағазы мен қоса түрлі түсті қима суреттерді беремін. Сол суреттер арқылы балалар өз еріктері бойынша қандайда бір компазиция құрап, дайын болған бейнені әңгімелеп берулері керек. Яғни, сурет бойынша жұмыс жасайды. (№2 қосымша) (22-23слайд)

Міндеттері:  Баланың тез ойлау қабілеттерін дамытып қана қоймай, дайын болған суретті мазмұндап беруге дағдылану. Тіл байлығын дамыту.

 

Сабақты қорытындылау:  (24 слайд)

Сонымен балалар, бүгіңгі сабақта не туралы айтылды?

Жер бетінде су қандай күйде кездеседі?

Су қайдан пайда болады екен?

Сендермен бірге қандай тәжірибелер жасадық?

(балалар жауаптары)

Су-түссіз, бояу қосқанда өзгеред і.

Су-дәмсіз, бірақ қант қосқанда дәмі өзгереді.

Судың пішіні болмайды.su3

Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы, Доскей ауылы

«Ақбота» балабақшасы

Ашық ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті

Білім беру саласы: «Таным»

Қоршаған ортаны қорғау (1 слайд)

Тақырыбы: «Cу – өмір нәрі»

Дайындаған: Асқарбаева Саягуль Рахымберлыевна

«Аққу» алғашқы даярлық тобы  2013ж.

   
Пікірлер43
  1. Ырысжан

    Әрине судың адам өмірі үшін маңызы өте үлкен.Адам ағзасы да судан құралады.Сусыз өмір жоқ.

  2. Таймасова Рахила Жарасқызы

    Суға тәжірибе жасаған, мақал мәтелдер мен жұмбақ жасырып, судың адам өміріндегі пайдасын ашып айта кеткен. Сабақтың құрылымы мен жазылымыз жақсы

  3. Инкар

    Тәрбиелік мәні бар сөздер екен, рахмет сіздерге

  4. Сәуле

    жүйелі түрде құрылған екен.

  5. Асел

    Су тіршілік көзі бекерден айтпаған, балаларға тәжірибелер арқылы нақты, мазмұнды түсіндірілген

  6. лаура

    Кремет. суреттері де. Жаңартылған біліммен қатыстырылғаны барма екен.

  7. Айгул

    Калай слайд жасауга болады су такырыбына

  8. Гульбарам

    Сабағыңыз қалай грамотына жазылған. Тәжірибелері де ұнады. Алланың нұры жаусын. Сіздердей әріптестеріміз көп болсын. Рахмет!

  9. Балкен

    Саягүл мына ашық сабағың керемет тамаша.Ізденімпаз жақсы,мықты,білімді тәрбиеші екенсің.Рахмет сабағыңа биіктен көріне бер.

  10. Загира

    Керемет көптеген слайдтар мен тажирбиелер колданыска енген. Менин танкалып отырганым осыган уакытты калай жеткизди екен

  11. Саягуль

    Сәлеметсіздер ме?! менің үйымдастырылған оқу іс әрекетім сіздерге қатты ұнағандарыңызға өте қуаныштымын. Меніңмен хабарласуға болады: sayagul_88_02@mail.ru

  12. мухая

    мен калай жуктеп аламын

  13. Арайлым

    Оте жаксы жасалган

  14. Лунара

    тамаша

  15. Лунара

    оте керемет

  16. Айнұр

    Оқу іс-әрекет өте жақсы құрылған. Жарайсың!

  17. Саламатсызба? Слайдты калай кошируге болады?

  18. Армангуль

    жақсы екен…

  19. Армангуль

    ГЕНА! алдында марганцовка керек деп жазылды гой не тусинбейтини бар манганцовканы алдын ала стаканга салып койган. Кишкентай балалар емес пе)

  20. Гулбану

    су -омир нари туралы такырыптын слайды жибере аласызба?

  21. muslima_97.02@mail.ru

    keremet

  22. Анар

    тақырып өте жақсы, оны ашықтай білген. маған суреттер ұнады.

  23. Лаура

    Маған сабақ өте қатты ұнады, осындай сабақтар арқылы тәжірибе алмасуға болады деп ойлаймын.

  24. Гүлбүбі

    Маған ұнады.Осы сабақты қалай жүктеп алуға болады?

    1. Erketai (автор)

      Сайтқа тіркеліп, тіркелген кездегі мәлметтеріңізді(логин және пароль) жазып сайтқа кірсеңіз көшіруге болады.

  25. гулсум

    жаксы жазыпсыз,студенттерге оте улкен комек

  26. дамели

    kalai tirkelet

  27. дамели

    ote jaksy

  28. Баянсулу

    өте жақсы жасалған!!

  29. Жанара

    күшті

  30. Жанара

    жақсы сабақ слайд қайдан көруге болады

  31. лунара

    калай көшіріп аламын

  32. sivi

    су туралы әдемі сабак Сусыз омір жок

  33. гулнар

    Жақсы сабақ ұнады.

  34. гена

    2-ші фокусты түсінбедім?

  35. Галия

    Оте керемет сайт рахмет

  36. Асем

    «Су өмір нәрі» тақырыбы бойынша слайдтарды қайдан алуға болады.

    1. Erketai (автор)

      Ол жағын білмеймін

      1. Таймасова Рахила Жарасқызы

        Суға тәжірибе жасаған, мақал мәтелдер мен жұмбақ жасырып, судың адам өміріндегі пайдасын ашып айта кеткен. Сабақтың құрылымы мен жазылымыз жақсы

  37. Асем

    Жақсы. Слайдтарды қайдан алуға болады?

    1. Erketai (автор)

      Қай слайдтты ?

  38. жаксыыыы

  39. керемет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ