Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Үш тілді елімнің ертеңі ерекше


«Қазақ тілін оқыту әрдайым басымдықта бола береді. Ағылшын тілінің қажеттігі – бұл әлемдік бағыт және сондай-ақ, көзге көрініп тұрған қажеттілік. Ал орыс тілін жақсы білу – бұл біздің байлығымыз, одан айырылу өте ойланбағандық болар еді. Егер біз қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерсек, бұл біз үшін аса зор артықшылық болар еді». Н.Ә.Назарбаев

Мұғалімдер съезінде сөйлеген елбасымыздың осы сөзінде қазақ елін әлемге әйгілі, алдыңғы қатардағы елдердің қатарына қосуды мақсат тұтып, бүкіл Қазақстан халқына, соның ішінде жастарымызға насихат ретінде айтылғаны белгілі.

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте –
деген сөз бар емес пе қазақта?

Осы сөзден де халымыздың бұрынғы даналарының ойы мен президентіміздің алға қойған мақсаты тұспа-тұс келіп тұр.

Сондықтан, еліміздің әрбір азаматы өз ана тілін біліп қана қоймай басқа да тілдерді меңгерсе, Отанымыздың өркендеуіне қосқан үлкен бір үлесі деп есептеймін. Себебі, дүние жүзіндегі белсенді дамыған елдердің халықаралық қатынастары үшін әлемдік тіл, яғни ағылшын тілін жақсы меңгергенінің арқасында біршама жетістіктерге қол жеткізіп отырғанын көреміз.

Сонымен қатар бұрынғы Кеңес одағы кезінде ортақ тіл болған орыс тілін де айта кетуді жөн санаймын. Олай дейтінім ТМД елдері арасында әлі күнге дейін қолданыста келеді.

Осыған байланысты елімізде үш тілді саясаттың жүріп жатқанына да біршама уақыт болды. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы үшін барлық жоғарғы және арнайы мамандандырылған оқу орындары мен мектептерде, лицейлер мен гимназияларда, тіптен балабақшалардағы бүлдіршіндерімізге үш тілді үйретіп, тіл байлығын дамыту қолға алынған.

Өзім балабақшадағы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болған соң бұл атаулы үрдіске оң көзіммен қараймын. Себебі дүниенің түпкір-түпкірнен күн санап емес, минут санап ғылыми және басқа жаңалықтар ашылып жатқан уақытта қазіргі жастарымызға көп тілді меңгеру өте қажет.
tildin-ereksheligi

Соның бастауын балбақшадан алған дұрыс. Өйткені қазіргі бүлдіршіндеріміздің алғырлығы жоғары. Өзге тілді үйренуге ынталы. Ағылшын тілі сабағын асыға күтетін бүлдіршіндеріміздің саны өте көп. Олар айналасындағы қоршаған ортаға аса қызығушылықпен қарайды. Кейбіреулері тіптен кейбір заттарды іштен біліп туылғандай пайдаланады.

Өзім қызмет етіп жүрген «Рахат» балабақшасындағы балалар ағылшын тіліндегі жаңа сөздерді жаттау арқылы өзара кішігірім диалог құрай біледі. Құрылған диалогты қазақ, орыс тілдеріне аударуға талпынып отырады. Сондай-ақ өлең жолдарын тәтті үндерімен дауыстап айтқанды жақсы көреді.

Сабақта балалар сергіту сәттеріне дейін қолданылатын сөздерді қазақ, орыс тілдерінде естіп, одан сайын жаңа дүниелерді көріп, білгісі келеді. Мысалы: Ағылшын тілінде: I fly, fly,fly, by plane to sky…..Орыс тілнде: Я летаю, летаю, на самолете в небеса….. Қазақ тілінде: Мен ұшамын, ұшамын, ұшақпенен аспанға…. . Осы үш тілді үйренуде балалардың өздеріне деген сенімділігі, жауапкершілігі арта түседі. Бірақ, ата-аналардың бір қатары қосымша тілді қиынсынады.

Қиын ештеңесі жоқ.«Ұядан не көрсең? Ұшқанда соны ілесің» демеуші ме еді. Балаға сәби күннен жаманнан тиып, жақсысынан, пайдалысынан аса ауыртпалық салмай үйретсе, қабылдайды.
Олардың шет тілінің пайдасын білмесе де зор ынтамен үйреніп жатқандарын көрсеңіздер, алдарынан жарқын болашақ күтіп тұрғаннын байқайсыздар.

Авторы: Аманқосова Зайра Баянқұлқызы

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Әдемі моншақ
  • Ашық сабақ «Құстар біздің досымыз»
  • Үй жиһаздары(Ашық сабақ)
  • Жанартаудың атқылауы қалай жүзеге асады?
  • Қуыршақты серуенге киіндірейік

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Арай 29.10.2019 күні 22:51 уақытында

    үш тілдікті мен өзім қолдамаймын. Дегенмен жақсы жұмыс жасаған екен. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.