Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Ұлттық тәрбиесіз, ұлттық намыс болмайды!


Заман талабына орай, ақыл-ойы озық, білімі мен ұлттық рухы күшті, өзін еркін ұстайтын тұлға тәрбиелеу бүгінгі күннің талабы. Қазақстан жаңару үстінде.Ұрпағымыз өнегелі тәрбие беруде, білім мен өнерге деген құштарлығын арттыруда өз халқының беделін көтеріп, барын бағалап, жоғын жоқтауға ата-бабаларымыз тәлімдік тәрбиелері, ғұлама ойшылдардың ой толғамдары мен ұстамдарының ықпалы зор.Тәрбиесіз ұлттық намыс болмайды, ұлттық тәрбиесіз, ұлттық намыссыз жеке тұлғаның өркендеуі мүмкін емес, осы орайда ұлы ойшыл ғұламаларымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасына сүйенбеу мүмкін емес.
ulttik tarbyeЕндеше ойшылдарымыздың ой тебіренісіне назар аударсақ, Ж.Баласағұнның «ата-анадан ұрпақ өсіп тараған жақсы, жаман болса, бала солардан».Яғни, ата-анада адам, сондықтан олардың да қателігін, ағаттық жіберген кездерін еске алады.Және де «Арсыз адамның қоры, Адам өз атын кісілікпен көтереді», деген сөзінде ар адамның асыл қасиеті,сондықтан абыройдың төгілмеуін тілейді. Абыройына дақ түссе, жан азабын шегеді, қорланады. Ақыл — шамшырағың түндегі,
Білімділік – жарық көз күндегі, — деп Баласағұн айтқандай, адамзаттың рухани даму, ақыл ой тарихына көз жіберсек, білімді болу көптің игілігі, оның жарығы айналасына түседі, ол әрқашан өзінің ісіне сын көзбен қарап, үлгі өнегені зердесіне ұстайды. Тарихқа көз жіберсек, адам баласының ең аяулы арман – мұраты — әділдік.
«Киімнің тозбайтыны – әділдік тоны, Туралық тонын киіп, өтіріктің тонын шеш», — деп А. Йегунеки айтқандай, әділдікке бойыңды үйрет бұл дүниеде киіп жүретін киімің болсын дейді. Демек, әділдік адамның ең асыл қасиеті- өтірік бір тұтам құрығын шабу үшін керек. « Игі адамнның жомарт аты шығар, ол өлсе де, тірі деп ұғады жұрт», — деген Баласағұн.Жомарт адамдар қай заманда , қай елде де ардақталып келген. Қазіргі заман психологтарының зерттеулері көрсетіліп отырғандай, басқаларға жақсылық жасамайтын адамның шынайы мағынасында бай болуы мүмкін емес. Басқаларға жақсылық жасау, ең алдымен, дос көбейту деген сөз. Ғұламаның тағы бір ойы көкірекке қонымды: «Дос табу оңай – сақтау қиын, Жау болу оңай – тоқтау қиын». Адамдар арасында достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан шынайы тіліектестікпен өзіндей көріп сезінуінен бір-біріне тірек, медет болуынан көрінеді. Тұлға бойындағы ерекше қасиет – сабырлық. Сабырлық – адамның ерік-жігерінің күштілігінің көрсеткіші. Баласағұнның «Асығыста – салмақты бол» дегені адамның бірден қызбалыққа, жеңілтектікке салынбай, әр істің байыбына көз жіберіп, ойлануды меңзейді.
Бүгінгі жаһандану заманында ғылым мен білімнің өркендеген шағында Баласағұнның « Артық кетсе – түйсік түзер хал-жайды.
Ел бүлінсе – білім түзеп талмайды» дегені кемелдене елдің болашағын ойлайтын ұрпақтың саналы білімді, өнегелі болуы, туған жерін, тілін, дінін, тарихын көзінің қарашығындай сақтауы керек дегені. Сонымен қатар Ж.Баласағұнның зерделі ойларындай М.Қашқаридің де келешек санасына саңлауы бар, өсіп келе жатқан әрбір жеке тұлғамызға психологиялық ой түрткі боларлық асыл сөздері жетерлік. Әдет және тәрбие тұрғысында «Түріне қарама, тәрбиесіне қара» деп әр нәрсе тәрбиеден басталатынын, тәрбие мен адамның құндылығын, нәзіктік адамгершілігінен көруге болатынын айтады.
Ж.Баласағұн айтқан: «Күле келіп сұрағанның ісі тоқтамайды», — деп. Адамның қабағы ашық, жайдары жүргеннің тек өзіне ғана емес, қоршаған ортасына әсері, ықпалы психологиялық тұрғыда тез тіл табысып, жақсы қарым-қатынаста болатынын дәлелдеп тұр және де « ойлай білу мұрындық жіп сияқты, оны ұстаған адам мұратына жетеді» деген сөзінде қазіргі біздің ұрпақтың ойлау қабілеттері жайында толғанады. әрине, мүлдем ойсыз деу мүмкін емес, ой еркін болмайды. Ойы жинақы, жүйелі, мазмұнды тұлға ғана ұстаған мұратына жетеді. Түйіндей келе, жоғарыда айтылған ғибрат, нақыл сөздерінің астарына үңіле отырып, жастарымызды жақсы мен жаманның не екенін психологиялық тұрғыда, ой таразысынан өткізіп, өздеріне рухани байлық алуға, ойларын тұжырымдай білуге тәрбиелеу керек.

Автор: Опорный орта мектебінің психологы  Тасмағанбетова А

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Ойыншықтар сыры
  • Армысың Алтын күз мерекелік іс-шара
  • Күзгі баққа саяхат (балабақшада)
  • Табиғатты аялайық адамзат!
  • Балабақшада баланың тілін дамыту

комментария 2 Пікір қосу

  • Арай 30.11.2021 в 00:28

    Ұлттық тәрбиесіз ұлттық намыс болмайды… Өте дұрыс айтылған. тек мектеп қабырғасында ғана емес отбасында да ұлттық салт -дәстүрлерді ұстанып,өзара әңгімелескенде де балалардың қасында айтып отырса ата анасы,бала да отанға,ұлтқа деген сүйіспеншілігі оянады

    Ответить
  • Гулзира 15.04.2019 в 15:20

    «Дос табу оңай – сақтау қиын, Жау болу оңай – тоқтау қиын».
    «Арсыз адамның қоры, Адам өз атын кісілікпен көтереді»
    Керемет нақыл сөздер. Қазақ халқы қашанда сөзге шебер болған. Сөзбен сөз күшімен әр дауды шешіп білген

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Кім жылдам турнирі

    25 Авг 2025 / Толық оқу

  • мақал мателМақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

    14 Авг 2025 / Толық оқу

  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы

    12 Авг 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Фев 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы
  • Жұмбақтар жауабымен
  • Су перісінің бар екеніне сеңесін бе?

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.