Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Үй жануарлары (тіл дамыту)


Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімнің аты: Тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы:  Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап, балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.

Тәрбиелік:Үй жануарларына қамқор болуға, оларды күте білуге және қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:  Үй жануарларының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу арқылы кез келген тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге баулу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар

Пәнаралық байланыс:  Көркем әдебиет

Сабақ жоспары, үй жануарлары,бастауыш сынып

Іс -әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық І.Ұйымдастыру кезеңі:1) Оқушылардың оку-құралдарын түгендеу.2) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

-Қайырлы күн балалар!

-Қазір бізде «Тіл дамыту» сабағы.

– «Тіл дамыту» сабағынан суретке қарап әңгіме құрастырамыз, жануарлармен, құстармен танысамыз, ертегілерді тыңдаймыз т.б.

-Балалар, мына өлең шумақтары жылдың қай мезгіліне арналған тыңдайықшы:

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің қызық-ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер бар?

 

 

 

-Күздің қай айы?

– Дұрыс айтасыңдар, қараша айы екен.

ІІ. Өтілген сабақты қайталап, еске түсіру.

– Ендеше өткен сабағымызды еске түсірейік . Өткен сабақта «Жемістер» тақырыбын өткен болатынбыз.

Қазір «Ойлан тап!» ойынын ойнаймыз.

Мақсаты: жемістер мен көкністерді сипаттау арқылы атын тапқыздыру,  ажырата білуге үйрету ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Шарты: Балалар суретке қарап жемістерді бақта, көкністердің бақшада өсетінін ажыратып табады.

 

 

-Сәлеметсіз бе апай!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Күз айы

-Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғаяды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

-Қараша айы

 

 

-Жемістер

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар белседілік танытады.

 

 

Ұйымдастыру -ізденушілік ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.-Балалар, мына суреттерден нелерді көріп тұрсыңдар?-Ия, дұрыс айтасыңдар бұлар жануарлар мен құстар, яғни бұларды үй жануарлары және үй құстары деп атайды. Олай болса, біз бүгінгі сабағымызда

«Үй жануарларымен» танысамыз.

-Үй жануарларына қандай жануарлар жатады? Білесіңдер ме?

 

-Дұрыс айтасыңдар, бұл жануарларды төрт-түліктер деп те атайды?

-Олай болса. қазір үнтаспадан шыққан дыбыстың қай үй жануарының даусына ұқсайтынын табайықшы.

Барлығымыз тыңдайық.

-Қай жануардың дауысы?

-Сиыр. Сиырдың төлі, баласы қалай аталады?

-Сиыр төрт түліктің бірі.Сүті, еті, терісі бағалы. Сүтінен май, айран, құрт,қаймақ , етінен тағам түрлері, терісінен түрлі бұйымдар жасалады. Жайылымда жайылады. Төлін-бұзау деп атайды.

-Мына дауыс қай жануардікі?

-Жылқы. Жылқының баласын қалай атайды?

-Жылқы салт міну, жүк тасуға, ет пен қымыз өндіру мақсатында өсірілетін төрт түліктің бірі. Өте бағалы. Ата-бабамыз аса құрметпен баптап өсірген. Таза су ішеді, жайылымды талғай біледі. Төлін-құлын, құлыншақ дейді. Жылқының етінен  қазы-қарта жасайды.

-Қай жануардың дауысы деп ойлайсың?

-Қой. Қойдың төлін қалай атаймыз?

-Қозы. Қой төрт түлік малдың бір түрі. Еті, жүні терісі бағалы. Салмағы 20 кг шамасында. Жүні 3-7 кг-ға дейін болады. Төлі-қозы. 500-600 қойды отар деп атайды.

-Мына дауыс қай жануардікі?

-Ешкі. Ешкіні де қоймен бірге бағады. Ешкінің төлін лақ деп атайды. Ешкінің жүнінен түрлі киімдер тігеді.

-Мынау қай жануардың дауысы?

-Түйе. Түйе шөл керуені. 10 күнге дейін су ішпейді. Сүтінен шұбат алынады.Оның емдік қасиеті ерекше. Жүнінің жылуы өте ерекші. Төлі – бота.

-Мынау ненің дауысы?

-Дұрыс айтасыңдар, иттің. Итті де үйде тіршілік ететін жануарға жатқызуға болады. Ит-адамға дос. Осы үй жануарларын өсіруге, қорғауға иттің көп көмегі бар.

-Енді бұларды қалай күтіп-баптаймыз?

-Дұрыс, таза су береміз,  жем, шөпті уақытылы беріп тұру керек. Қорасы таза, жылы болуы керек. Түрлі ауруларға қарсы тиісті екпелерін жасатып тұру керек.

Сергіту сәті

-«Маша және аю» физминутка

-Әліппе-дәптермен жұмыс

-Суреттерді сәкестендір 

 

-Жылқы, бұзау, тауық, үйрек, қой.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Ия, қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе.

 

 

 

 

 

 

-Сиыр

 

 

 

 

-Бұзау деп аталды.

 

 

 

 

-Жылқы

-Құлын

 

-Қой

Қозы

Ешкі

Түйе

-Ит

 

 

 

Жем, шөп береміз. Су береміз.

 

 

 

 

-Балалар қимылмен орындайды.

 

-Балалар өз беттерімен жұмыс жасайды.

 

Кері байланыстылық-түзетушілік  Сабақты қорытындылау:«Үй жануарлары» дидактикалық ойыны.Мақсаты: балаларды үй жануарлары мен төлдерін ажыратуға, олардың қимылын көрсетіп, қалай дыбыстайтынын дыбыстауға үйрету.

Шарты: Балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі. Әр бала сурет бойынша үй жануары туралы білетінін немесе өз ойын, пікірін баяндайды дыбысын салып береді.

 

 

Балалар белсенділік танытады.

Күтілетін нәтиже:Нені біледі:  Үй жануарлары туралы  жалпы түсінік алады. Олардың  қасиеттері мен дыбыстарын ажыратадыҚандай түсініктерді  игерді:  Қай жануардан қандай пайдалы өнім өндірілетінін түсінді Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Үй жануарлары туралы ойларын еркін жеткізуге дағдыланады. Жануарларды дауысынан ажыратады және өздері дыбыстай алады.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Тазалықты сүйеміз
  • 5 саны мен цифры(ашық сабақ)
  • Қосуға берілген есептер
  • Ашық сабақ «Аққала – ақ бала»
  • «Туған күніңмен, балабақша» атты ертеңгілік

Пікірлер 4 Пікір қосу

  • Ботагөз 25.12.2020 күні 20:12 уақытында

    Үй жануарлары сабақ жоспары тамаша құрастырылған. Өте керемет десем де болады. Себебі: түсінікті, балалардың қызығушылығын арттырады. Сабаққа деген зейіні қалыптасады. Көп рахмет.

    Жауап беру
  • Лаура 08.10.2020 күні 16:33 уақытында

    Сабақ сәтті құрастырылған. Қолданылған әдіс- тәсілдері де тиімді. Ұнады

    Жауап беру
  • Гульжихан 17.12.2018 күні 17:50 уақытында

    «Үй жануарлары» сабағы керемет басталған, балаларды қызықтыру мақсатында «Ненің даусы» аудиосы алынған. Ол балалардың есту дағдысын жетілдіреді. Сергіту сәті келесі сабаққа кіріспе ретінде алынған деп ойлаймын, ол да сәтті, Қосарым, жаңа сабақ сұрақ – жауап ретінде өткен сияқты. Орнына топтық жұмыс беріп балаларды жұмыстандырған дұрыс болар еді

    Жауап беру
  • кумис 21.09.2014 күні 14:08 уақытында

    өте керемет .4 сынып математика мен қазақ т көрнеілік кажет

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.