Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Ағылшын тілі
Тақырыбы: «Toys. Letter Dd».
Мақсаты:
• Балаларды «Toys» тақырыбындағы жаңа лексикамен, жаңа әріппен таныстыру.
• Жаңа: car, doll,robot,ball,girl,boy лексикалық бірліктерін беру. жаңа Dd әрпін және осы әріптен басталатын dragon сөзін үйрену.1 Сұраулы «How тапу?» сөз тіркесін қолдануды үйрету. «How тапу?» сұрағына жауап беруді үйрету, қажетті әріптен бастала тын сөздерді табуды үйрету. Тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамыту.
Ағылшын тілінде санауға баулып, тілге деген жалпы қызығушылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: түрлі түсті қарындаштар, оқу іс-әрекетіне арналған карточкалар, аудиодиск, CD плеер.
Билингвальді компонент: doll — қуыршақ — кукла, boy — ұл бала — мальчик, car- көлік — машина, girl — қыз бала — девочка, robot — робот, dragon — айдаһар — дракон.
Мотивациялық – қозғаушылық кезең:
Педагог балалармен амандасады:
Hello children!. Бүгін біз достарымыз Батыр, Дана, Ира және Димаға
қонаққа барамыз.Жаңа а bоу, а gіr1 сөздерімен таныстыру. «bоуs» сөзін айтқанда ұл балалар бастарын изеуін, «girls» сөзін айтқанда қыздар тізелерін бүгіп отырады.
Педагог балалармен тағы да амандасады: hello boys! Hello girls!
Балалардың іс-әрекеті:
Балалар шеңбер құрып,достарымен амандасады.Балалар «I say hello» музыканың сүйемелдеуімен қозғалады. Ұл балалар жаңа bоуs сөзін қайталап, бастарын изейді. Қыздар жаңа girls сөзін қайталап, тізелерін бүгіп отырады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік кезең:
1-тапсырма.
Балалар ойыншықтарын көрсеткісі келетінін айтады: а car, а ball, а robot,а doll. Педагог суретке қарап, жаңа ойыншықтарды көрсетулерін сұрайды.
Данада, Димада, Батырда және Ирада қандай ойыншық бар екендігін айтуды сұрайды.
— Достарымыз бізге ойыншықтар туралы ән үйреткісі келеді. Сол әнді тыңдап көрейік.
Балалардың іс-әрекеті:
Сөздерді қайталап, оларды жаттайды.
Балалар суретке қарап, ойыншықтарды көрсетеді. олардың атауларын ағылшын тілінде атайды.
Тгаск 7:
One and two,
One and two
A doll for me,
A robot for you.
One and two,
One and two.
A car for me,
A doll for you.
Зат есімнің көпше түрінің құрылуын
түсіндіреді, көпше түрде айтылғанда «s» жалғауы жалғанады.
А bоу — bоуs.
А girl — girls.
Балалар педагогтің басшылығымен әнді үйреніп, айтады.
Балалардың іс-әрекеті:
Қайталайды.
А bоу — bоуs.
А girl — girls.
2-тапсырма.
Кейіпкерлеріміз ағылшын тілінде
қалай санайтынымызды естігісі келеді.
Олар бізден суреттерге қарап,сұрактарға жауап беруімізді өтінеді:
Ноw manу bоуs?
Ноw manу girls?
Ноw manу robots?
Ноw manу dolls?
Ноw manу сагs?
Ноw manу balls?
Балалардың іс-әрекеті:
Балалар суретке қарап, сұрақтарға жауап береді.
5 boys
3 girls
1 robot
3 dolls
2 cars
1 balls
Сергіту сәті.
Доп сияқты секіреміз!
А ball, ball, ball!
Қуыршақ сияқты билейміз!
А doll, doll, doll!
Машина сияқты жүреміз!
А саr, саr, саr!
Робот сияқты жүреміз!
А rоbot, rоbot, robot!
Балалардың іс-әрекеті:
Мәтінге сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.
3,4-тапсырмалар.
Педагог балаларды Dd әрпімен таныстырады, әріпті дауыстап айтып,балалардан тақпақты қайталауды сұрайды. Осы әріптен басталатын «dragon» сөзін айтады.
Педагог әріпті бояуды ұсынады.
Балалардың іс-әрекеті:
Балалар педагогтің артынан тақпақ пен жаңа «dragon» сөзін қайталайды.
5-тапсырма.
Достарымыз ойын ойнауды ұсынып отыр.
«Сөзді тап» дидактикалық ойыны.
Балалардың іс-әрекеті:
Балалар жаңа әріпті бояйды. Балалар Dd әрпінен басталатын суреттерді тауып белгілейді.
6-тапсырма.
Педагог қолдың моторикасын дамытуға арналған тапсырманы
орындауды ұсынады. Үзік сызық бойынша бастырып сызу.
Жапсырмалар дәптердің соңғы бетінде.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырма (8-6.)
— Достарымыз бізге ойыншықтарды сыйға тартты. Сөрелер жасап, оларды орындарына орналастыру керек.Балалар жаңа «ball» сөзін қайталай отырып, үзік сызықтарды бастырып сызады.
Балалардың іс-әрекеті:
Балалар сөрелердің толық суретін салып, ойыншықтарды аталған әріпке сәйкес орналастырады.
Рефлексиялық – түзетушілік кезең:
Педагог оқу іс-әрекетін қорытындылайды.
Достарымыз бүгін біз қандай ойыншықтар мен ойнағанымызды еске түсіріп, ағылшын тілінде атап беруді ұсынады.Кейіпкерлер балалармен қоштасады.
Good bye boys and girls!
Балалардың іс-әрекеті:
Балалар жаңа сөздерді атайды. Кейіпкерлердің әрқайсысымен қоштасады:
Good bye,Ваіуr.
Good bye,Dana
Good bye,Ira
Good bye,Dima
Күтілетін нәтиже:
Орындайды : Жаңа: car, doll,robot,ball,girl,boy лексикалық бірліктерін беру. жаңа Dd әрпін және осы әріптен басталатын dragon сөзін.
Түсінеді: «How mапу?» сұрағын жіне оның жауабы туралы ұғымды.
Қолданады: «How mапу?» сұрағына жауап беруді, қажетті әріптен басталатын сөздерді табуды, ойыншықтардың ағылшын тіліндегі атауларын.
сәлеметсіздер ме, «Ойыншықтар» тақырыбындағы сабақтарыңыз ұнады. Рахмет коп коп.тех картаны накты әрі түсінікті етіп жазгансыз.өзіме кажетті дүгиелерді алып жатырмын.білмегенімді толыктыруга үлкен кқмегі тиіп жатыр
English әдістемелік құралының көшірмесі емес пе? Авторы Рахимжанова мен Волкова