Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Тасбақаны бақылау


Қоршаған ортамен таныстыру.
Балалармен тасбақаны бақылау.

Мақсаты: Тасбақа туралы түсінік беру. Тасбақаны бақылап, таныстыру, алдын ала жұмыс жасау. Балаларға тасбақаны көрсете отырып, тасбақаның дене құрылысымен таныстыру. Немен қоректенетінің әңгімелеу. Сөздерді дұрыс айтуға үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Табиғатты қорғауға, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Алдын ала өткізілген жұмыс:
Сабақта балалармен тасбақаның суретін құрастыру. Ойыншығын қарап сипаттамасын жасау. Тасбақа қайда тұратынын, не жейтінін балаларға түсіндіру.
 Балаларды, Қоршаған  ортамен  танысу, Тасбақа  туралыСабақтың барысы:
Балаларды дөңгелетіп ортаға отырғызамын.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түсті даламыз,
Қайырлы таң, балалар!
— Бүгінгі сабақта біз табиғат бұрышындағы мекендеушілердің бірімен таныс боламыз.
Балаларға жұмбақ жасыру:
Аяғы бар, басы бар
Арқалаған тасы бар.
(тасбақа)
Балалардың жауабын тыңдаймын
— Дұрыс: «Тасбақа»
Балалардың алдына тасбақаны әкеліп қоямын. Балалар, 1 – 2 минут тасбақаны бақылаймыз:
— Бұл не?
Тасбақа.
— Тасбақаның қандай дене мүшелері бар?
Басы, ауызы, көзі, денесі, аяқтары.
Балалардың жуабын тыңдаймын. Тәрбиеші тасбақаны қолына алып әр балаға көрсетеді. Балалардың назарын тасбақаның
сүйекті сауыты болатының ескертіп, басы, аяғы, құйрығы бар екеніне назар аударады. Тәрбиеші сұрақ қоя отырып, балалармен әңгімені жалғастырады. Балалар тасбақаны қолымен сипап ұстап, сипаттап береді. Балалардың жауабы: Қатты, жуан сүйекті сауатының арасында басы, аяғы көрінеді.
Балаларға тәрбиеші тасбақа туралы мәлімет береді.
— Тасбақа қауіпті жағдайда басы мен аяқтарын жинап сүйекті сауытына тығылады. Тасбақа шөптің арасында далада өмір сүреді. Шөппен қоректенеді. Қыста ол тамақ жемейді. Ол ұйықтайды. Тасбақа екі түрлі болады. Жерде және суда өмір сүретін болады.
Тасбақаны топта ұстауға болады.
Сергіту сәті: Алақанды ұрайық,
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық. (2 рет)
Балалар сендер білесіндерме тасбақа немен қоректенеді?
Қырыққабат, сәбіз, алманы жақсы көреді.
Сабақтың қорытындысы:
— Балалар бүгін біз не істедік?
— Тасбақаны бақыладық.
— Тасбақа қандай? Дене мүшелерін атап кетейікші.Тасбақада не бар?
— Басы, көзі, ауызы, аяқтары, құйрығы.
Балалар біздің табиғат бұрышында тасбақа мекендеушіледің біреуі болсын, онымен достасайық.
Дидактикалық ойын: «Тасбақаны құрастыру».
Балаларға ойын шартын түсіндіру. Сабақты ойыннан кейін аяқтау. Балаларды мадақтау.

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Қосу және азайту
  • Хайуанаттар бағына саяхат
  • Туған күнге сыйлық
  • Дәрумендер денсаулық кепілі
  • Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым

комментария 4 Пікір қосу

  • Инкар 30.09.2020 в 20:06

    Жұмыстарыңызға нұр жаусын. Өте керемет,рахмет сіздерге

    Ответить
  • Салтанат 28.08.2020 в 19:47

    танымдылықты танытатын дүние

    Ответить
  • Асел 27.04.2020 в 15:46

    Шығармашылығызға нұр үстіне нұр, тасбақа жайлы акпаратка каныгатын болды балаларға коширип алдым.

    Ответить
  • Галия 26.11.2019 в 11:21

    Мынаған қараңыз, бастауыш сынып оқушысын дүниетану сабағы мен жаратылыстанудан алға жүргізетін, оқушы үшін жыбырлаған тіршілік иесі туралы қызықты сабақ қой! Еңбектеріңіз жансын!

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Кім жылдам турнирі

    25 Авг 2025 / Толық оқу

  • мақал мателМақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

    14 Авг 2025 / Толық оқу

  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы

    12 Авг 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Фев 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы
  • Жұмбақтар жауабымен
  • Су перісінің бар екеніне сеңесін бе?

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.