Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Табиғатты қорғау қасиетті іс


Мақсаты: оқушылардың «табиғат», «қарқорлық » құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, жерге деген мейірімі мен ықыласын , байлығы мен әсем табиғатын қорғай білуге үйрету; сөздік қорын дамыту; қоршаған ортаның тазалығы үшін күресуге үйрету.
Көрнекілігі : «Табиғатты аялай білейік!» атты сурет көрмесі,слайд, шарлар, нақыл сөздер.
Барысы:
І. Ұйымдастыру
Балалар назарын сабаққа аудару. Шаттық шеңберін құру.
Армысыз , шапағатты Аспан!
Армысыз , мейірімді Жер!
Армысыз, шұғылалы Күн!
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Сәлеметсіз бе , мұғалім!
Бәріміз күндей жарқырайық,
Бәріміз дос болайық!
Ұранымыз; «Табиғатты қорғайық!»
ІІІ. Әңгімелесу.
Мұғалім: Дұрыс. Достығымыз жарассын!
Балалар , күн сәулесі біздің бетімізге, саусақтарымызға, алақандарымызға мейірім шуағын төкті ғой. Енді осы жүрек жылуымызды бір – бірден қонақтарымызға сыйлайық! (Сыйлықтарын тарату)
Өте жақсы, балалар!
– Табиғат дегеніміз не?
– Бізді қоршаған орта.
– Табиғат нешеге бөлінеді?
– Екіге бөлінеді. (Өлі және тірі табиғат)
– Тірі табиғатқа нелер жатады?
– Адам , жануар, құстар, жәндіктер
– Өлі табиғатқа не жатады?
– Ауа, күн , жер, су т б
– Табиғаттың бізге қандай пайдасы бар?
– Балалар, бір сәт құс, аңсыз табиғатты елестетіп көріңддерші.
– «Табиғат сұлулығы» дегенді қалай түсінесіңдер?
Табиғат адам
Табиғаттың тынысы кең, тілі бай,
Ауасының шарбатын ай , тұнығы ай!
Бұлбұл болып сайрап кетсе,ал бірде
Адамдарша сөйлейді екен, күнім ай!
табиғатты қорғауИә, табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі. Ол адам баласының ортақ қазынасы. Өсімдіктер,жануарлар, таңғажайып құбылыстар, көркем көріністер – бәрі табиғаттың бір бөлігі, бізге берген сыйы.
Досымжан
Табиғат егіз адаммен,
Ұқсастық табам содан мен.
Мәңгілік болсын егіздер,
Жер ана , көл, теңіздер!
Дильназ
Табиғат қандай сұлу, қандай көркем!
Табиғат күлімсіреп күніменен,
Ән айтар бұлбұл сайрап түніменен
Көркіне көз тоймайды табиғаттың,
Сұлулықты сұйе біл шыныменен.
ІV. Жұмбақтар шешу
Кел , балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық!
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық.

Бар ма, жоқ па, оны білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүрмейсің. (ауа)

Еш жерге тұрақтамайды,
Ол жоқта жер қурайды. (су)

Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (күн)

Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста ақ көрпе жамылады. (жер)

V. «Табиғатты аялай білейік! » сурет көрмесі

Балалар өздерің салған суреттеріңе бір қараңдаршы! Табиғат алуан түрлі. Табиғат
Жерге қандай көрік беріп тұр десеңші! Егер табиғат сұлу болса, сендер де , бәріміз де сұлусыңдар! Осы дүниенің ішінде сендер де, менде бармын. Осын сұлу дүниені жаратқан –Табиғат Ана!
Біз оған қашанда қарызбыз. Шаршасаң көлеңкесін тосады, шөлдесең сусынын береді. Сондықтан табиғатты аялайық, қорғайық! (Есікті біреу қағады. Табиғат ана қонаққа келеді.)
Табиғат – ана: Сәлеметсіңдер ме балалар, менің кішкентай бүлдіршіндерім!
Мұғалім: Балалар ,Табиғат бізге ана қонаққа келді.Табиғаттың бәзге берері көп. Олай болса өнерімізді көрсетейік.
Табиғат – ана:Қане , өнерлеріңізді көріп бір сусындайын.
Мұғалім: табиғат ана біздің балалар сізді жақсы көреді, қорғайды. Оны мына тақпақтарынан білеміз.
Сұлтан
Қымбатты сұлу, табиғат,
Туған жерім,ардағым.
Күлкісіндей күлім көз,
Маған қарап тамсанды.
Бегайдар
Ауа ластанбай,
Көліміз тартылмай.
Суымыз лайланбасын десек,
Табиғатты қорғайық!
Бәрі:
Табиғатты сүю парыз,
Сүю үшін қорғау парыз!
Табиғатсыз күнің жоқ,
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
VI. Сергіту сәті. «Табиғатқа ұқсаймыз»
– Ағаш болып жайқалайық!
– Балық болып жүзейік!
– Құс болып ұшайық!
– Қоян болып секірейік!
VII. Ойын. «Жер, Су, Ауа»
Шеңбер болып бәрі тұрады. Ортадағы ойын бастаушы допты лақтырады. «Жер » дегенде жерде жүретін жануар, жәндіктердің, «Су» дегенде суда мекендейтін жәндіктерді, «Ауа» дегенде құстарды атауларың керек.
VIII. Жүректен жүрекке
Қане , балалар, сабақтың ұранын еске түсіріп, қайталайық!
«Табиғатты қорғайық!»
Дұрыс айтасыңдар, балалар, біз табиғатты әрқашан да қорғап, аялап жүруге тиіспіз!
Енді бәріміз шеңберге тұрайық, ортаға Табиғат ананы шақырып рақметімізді жақсы тілегімізді айтайық!
Аспанымыз ашық болсын!
Жеріміз кең болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз тұнық болсын!
Гүліміз жайқалып өссін!
Табиғат – ана! Балалар мен сендерге ризамын. Амандықта жүздескенше. Қош сау болыңдар, бөбектерім!
Мынау табиғаттың кәусар суы мен жемісі , сендерге берер сыйым.

IX. Қорытынды
Адам өмірі табиғатпен тікелей тығыз байланысты. «Туған жер, табиғат, Жер ана, Отан» деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын қасиетті сөздер бір бірімен мазмұндас, мағыналас. Табиғат –ананы сүйе білу, оны аялау – адамның борышы және парасатты парызы.
Біздің қазақ халқының табиғатқа деген жанашырлық сезімі ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған. Біз осы туған табиғаттың төл перзенті екенімізді ұмытпайық! Оған дәлел мына жыр шумағы:
Атамекен – жанға жайлы саябақ,
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.
Қанымызға сіңген екен ақ сүтінен ананың
Туған жердің табиғатын аялау.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Қысқа мерзімдік жоспар
  • «Қыз өмірдің,қызғалдағы» 8 наурыз мерекесіне ашық тәрбие сағаты
  • Ынтымақты отбасы
  • Жанартаудың атқылауы қалай жүзеге асады?
  • «Бізге көктем келді» сабақ жоспары

Пікірлер 3 Пікір қосу

  • Толғанай 28.02.2021 күні 15:37 уақытында

    Керемет сабақ. Жұмақтарыда жақсы. Керемет. Өте жақсы

    Жауап беру
  • Бибігүл 18.12.2020 күні 22:57 уақытында

    Сабақ жоспарының құрылымы жақсы, табиғатты қорғау туралы басымырақ айтылған

    Жауап беру
  • Бальнур 21.02.2019 күні 14:03 уақытында

    Керемет сабақ. Балаларға табиғат, қамқорлық туралы түсініктерін кеңейтіп, онын қадірлеуге үйретеді

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.