Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Cу – өмір нәрі


Сабақтың тақырыбы: «Су – өмір нәрі»

 Мақсаты:  Су және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету.

Білімділік: Су –тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғау, суды ластамауға, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, су, сүт, қасық, бояу түрлері, шырын, түтікше, жұмыртқа, тұз, стакан, қар, мұз, бу

Қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, көрсету, тәжірибелер, суреттерді құрастыру.

Интеграция: Қоршаған орта, тіл дамыту, құрастыру.(2 слайд)

su-omir-nari-erketai

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

«Жылулық шеңбер»

Самал жел бізді желдетші,

Күн нұры бізді жарқырат.

Таза ауа дем берші,

Мөлдір су бізді салқындат. (3 слайд)

 Тәрбиешінің кіріспе сөзі: Балалар, «су» деген сөзді естігенде кезде көз алдарына ең алдымен не елестейді?  (балалардың жауаптары тыңдалады)        -Дұрыс айтасыңдар арине. Суды адамдар не үшін пайдаланады?           Жануарлар мен өсімдіктерге не үшін қажет? (балалар өз ойларын ортаға салады). Ал судың пішіні болады ма? (тарелкага суды құйып көрсету) Өте дұрыс, жарайсыңдар! Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Ал сендер суға байланысты қандай мақал-мәтелдер билесіңдер?

  1. Судыңда сұрауы бар.
  2. Су анасы — бұлақ,

Сөз анасы — құлақ.

  1. Судың жолын құм бөгер,

Ердің жолын сұм бөгер.

  1. Сумен ойнама — батарсың,

Отпен ойнама — жанарсың.

  1. Түнгі су — ну, күңдізгі су — бу.

Жұмбақтар: (жауабын тапқан бала сол суреттерді тақтаға іледі)

1 Дәміде жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.  (Су)

2 Моншағым көктің,

Тестім түбін шөптін.  (Тамшы)

3 Көз жасын төгіп елжіреп,

Жүреді көкте көлбіреп,

Жел қуса кетер селдіреп.  (Бұлт) (4 слайд)

Тәрбиеші: – Міне осылардың барлығы сумен байланысты. Балалар  ал сендер білесіңдер ме су қайдан, қалай пайда болатынын?  (балалардың жауаптары тыңдалады) Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мен сендерге толығырақ түсіндіре кетейін.

Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.

Табиғаттағы судың айналымы туралы сызба-нұсқасы (№1 қосымша)

kun

(Балалардан сызбаны қайтадан қайталатқызып сұрау) Ал, енді сендермен бірігіп бірнеше  тәжірибелер жүргізіп көрейік. (5-6 слайд)

I Тәжірибе «Су – мөлдір» (7-8-9 слайд)

● Балалардың алдына екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдір емес».

● Балаларға бояу беріп, судыңда түсін өзгертуге болатынын да тәжірибе жүзінде біледі.

su

 

II Тәжірибе «Суда дәм жоқ» (10 слайд)

● Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін шырынның дәмін көрулерін ұсынады. Суға қант қосып, дәмінде өзгертуге болады. Балалар өз ойларын айтады, неліктен судың дәмі өзгергендігін.

III Тәжірибе «Судың иісі жоқ» (11 слайд)

● Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.

Сергіту сәті

Ал, балалар тұрайық, мойнымызды бұрайық,

Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап,

Қане, жүзіп алайық,

Оңға бір, солға бір қарап, денемізді бұрайық. (12 слайд)

Тәрбиеші: Ал, балалар жаңа ғана біз сендермен жұмбақтардың жауабын шештік, бірнеше тәжірибелер жасадық. Ал енди мен сендерге бир еки сыйқыр көрсетейін….(13 слайд)

I Сыйқыр (фокус) көрсету: (осы сәтте жай ғана музыка ойнап тұрады)

Керек заттар:шикі жұмыртқа, стақан, бірнеше шай қасық тұз. (14 слайд)

 

1.Стақанға таза су құйып, суға шикі       2.Жұмыртқаны стаканнан шығарып

жұмыртқаны саламын.Жұмыртқа           қоя тұрып, стақандағы суға  тұзды

су түбіне батып кетеді(15 слайд).               Жақсылап ерітемін. (16 слайд)

su1

3.Енді жұмыртқаны қайтадан      ♦Тұз судың тұздылығын арттырады. судағы

осы суға саламын. Жұмыртқа       тұздың мөлшері көбейген сайын оның

суға батқан жоқ!(17 слайд)            тығыздылығы күшейіп, ол суға түскен кез

келген зат батып кетпей су бетінде қалқып

жүреді.(18 слайд)

su2

II Сыйқыр (фокус) көрсету: (19-20 слайд)

Керек заттар: стақан, су, бояу (марганцовка)

Бірінші стақанға су құямын. Балаларға айтамын мұқият қарап отырыңдар деп….Еш нәтиже шықпады. Екінші стақанға су құймастан бұрын сыйқырлы сөз айтамын (сим салабим!)  ішіне су құямын, сол сәтте судың түсі қызыл түске боялады. Балалар аң-таң болып қалады…

 Дидактикалық ойын: «Табиғат аясында» (21 слайд)

Шарты: Балаларды екі топқа бөліп, алдарына бір бірден А4 қағазы мен қоса түрлі түсті қима суреттерді беремін. Сол суреттер арқылы балалар өз еріктері бойынша қандайда бір компазиция құрап, дайын болған бейнені әңгімелеп берулері керек. Яғни, сурет бойынша жұмыс жасайды. (№2 қосымша) (22-23слайд)

Міндеттері:  Баланың тез ойлау қабілеттерін дамытып қана қоймай, дайын болған суретті мазмұндап беруге дағдылану. Тіл байлығын дамыту.

 

Сабақты қорытындылау:  (24 слайд)

Сонымен балалар, бүгіңгі сабақта не туралы айтылды?

Жер бетінде су қандай күйде кездеседі?

Су қайдан пайда болады екен?

Сендермен бірге қандай тәжірибелер жасадық?

(балалар жауаптары)

Су-түссіз, бояу қосқанда өзгеред і.

Су-дәмсіз, бірақ қант қосқанда дәмі өзгереді.

Судың пішіні болмайды.su3

Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы, Доскей ауылы

«Ақбота» балабақшасы

Ашық ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті

Білім беру саласы: «Таным»

Қоршаған ортаны қорғау (1 слайд)

Тақырыбы: «Cу – өмір нәрі»

Дайындаған: Асқарбаева Саягуль Рахымберлыевна

«Аққу» алғашқы даярлық тобы  2013ж.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Дыбыстар мен әріптер сыры
  • Заттық ойындар (ашық сабақ)
  • Шегіртке мен Құмырсқа
  • БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭТНОСТЫҚ ӨЗІНДІК САНАСЫ
  • Ара Майямен саяхат

Пікірлер 43 Пікір қосу

  • Ырысжан 25.02.2021 күні 11:58 уақытында

    Әрине судың адам өмірі үшін маңызы өте үлкен.Адам ағзасы да судан құралады.Сусыз өмір жоқ.

    Жауап беру
  • Таймасова Рахила Жарасқызы 30.01.2021 күні 22:14 уақытында

    Суға тәжірибе жасаған, мақал мәтелдер мен жұмбақ жасырып, судың адам өміріндегі пайдасын ашып айта кеткен. Сабақтың құрылымы мен жазылымыз жақсы

    Жауап беру
  • Инкар 30.09.2020 күні 20:04 уақытында

    Тәрбиелік мәні бар сөздер екен, рахмет сіздерге

    Жауап беру
  • Сәуле 19.05.2020 күні 23:23 уақытында

    жүйелі түрде құрылған екен.

    Жауап беру
  • Асел 27.04.2020 күні 15:15 уақытында

    Су тіршілік көзі бекерден айтпаған, балаларға тәжірибелер арқылы нақты, мазмұнды түсіндірілген

    Жауап беру
  • лаура 26.04.2020 күні 16:30 уақытында

    Кремет. суреттері де. Жаңартылған біліммен қатыстырылғаны барма екен.

    Жауап беру
  • Айгул 08.04.2020 күні 13:49 уақытында

    Калай слайд жасауга болады су такырыбына

    Жауап беру
  • Гульбарам 30.03.2020 күні 17:49 уақытында

    Сабағыңыз қалай грамотына жазылған. Тәжірибелері де ұнады. Алланың нұры жаусын. Сіздердей әріптестеріміз көп болсын. Рахмет!

    Жауап беру
  • Балкен 16.01.2020 күні 20:53 уақытында

    Саягүл мына ашық сабағың керемет тамаша.Ізденімпаз жақсы,мықты,білімді тәрбиеші екенсің.Рахмет сабағыңа биіктен көріне бер.

    Жауап беру
  • Загира 11.11.2019 күні 10:04 уақытында

    Керемет көптеген слайдтар мен тажирбиелер колданыска енген. Менин танкалып отырганым осыган уакытты калай жеткизди екен

    Жауап беру
  • Саягуль 26.02.2017 күні 14:14 уақытында

    Сәлеметсіздер ме?! менің үйымдастырылған оқу іс әрекетім сіздерге қатты ұнағандарыңызға өте қуаныштымын. Меніңмен хабарласуға болады: sayagul_88_02@mail.ru

    Жауап беру
  • мухая 26.04.2015 күні 12:16 уақытында

    мен калай жуктеп аламын

    Жауап беру
  • Арайлым 14.04.2015 күні 21:10 уақытында

    Оте жаксы жасалган

    Жауап беру
  • Лунара 09.04.2015 күні 15:36 уақытында

    тамаша

    Жауап беру
  • Лунара 09.04.2015 күні 15:36 уақытында

    оте керемет

    Жауап беру
  • Айнұр 30.03.2015 күні 11:53 уақытында

    Оқу іс-әрекет өте жақсы құрылған. Жарайсың!

    Жауап беру
  • Nazi Magmur 23.02.2015 күні 19:19 уақытында

    Саламатсызба? Слайдты калай кошируге болады?

    Жауап беру
  • Армангуль 18.12.2014 күні 16:22 уақытында

    жақсы екен…

    Жауап беру
  • Армангуль 18.12.2014 күні 16:21 уақытында

    ГЕНА! алдында марганцовка керек деп жазылды гой не тусинбейтини бар манганцовканы алдын ала стаканга салып койган. Кишкентай балалар емес пе)

    Жауап беру
  • Гулбану 16.11.2014 күні 23:29 уақытында

    су -омир нари туралы такырыптын слайды жибере аласызба?

    Жауап беру
  • muslima_97.02@mail.ru 13.11.2014 күні 17:00 уақытында

    keremet

    Жауап беру
  • Анар 11.11.2014 күні 18:07 уақытында

    тақырып өте жақсы, оны ашықтай білген. маған суреттер ұнады.

    Жауап беру
  • Лаура 13.10.2014 күні 20:15 уақытында

    Маған сабақ өте қатты ұнады, осындай сабақтар арқылы тәжірибе алмасуға болады деп ойлаймын.

    Жауап беру
  • Гүлбүбі 08.10.2014 күні 14:10 уақытында

    Маған ұнады.Осы сабақты қалай жүктеп алуға болады?

    Жауап беру
    • Erketai 08.10.2014 күні 14:14 уақытында

      Сайтқа тіркеліп, тіркелген кездегі мәлметтеріңізді(логин және пароль) жазып сайтқа кірсеңіз көшіруге болады.

      Жауап беру
  • гулсум 30.09.2014 күні 15:02 уақытында

    жаксы жазыпсыз,студенттерге оте улкен комек

    Жауап беру
  • дамели 05.05.2014 күні 22:46 уақытында

    kalai tirkelet

    Жауап беру
  • дамели 05.05.2014 күні 22:34 уақытында

    ote jaksy

    Жауап беру
  • Баянсулу 17.04.2014 күні 12:07 уақытында

    өте жақсы жасалған!!

    Жауап беру
  • Жанара 14.04.2014 күні 12:38 уақытында

    күшті

    Жауап беру
  • Жанара 14.04.2014 күні 12:05 уақытында

    жақсы сабақ слайд қайдан көруге болады

    Жауап беру
  • лунара 28.03.2014 күні 00:09 уақытында

    калай көшіріп аламын

    Жауап беру
  • sivi 04.03.2014 күні 10:26 уақытында

    су туралы әдемі сабак Сусыз омір жок

    Жауап беру
  • гулнар 13.02.2014 күні 10:08 уақытында

    Жақсы сабақ ұнады.

    Жауап беру
  • гена 14.01.2014 күні 15:31 уақытында

    2-ші фокусты түсінбедім?

    Жауап беру
  • Галия 22.12.2013 күні 20:05 уақытында

    Оте керемет сайт рахмет

    Жауап беру
  • Асем 28.10.2013 күні 14:21 уақытында

    «Су өмір нәрі» тақырыбы бойынша слайдтарды қайдан алуға болады.

    Жауап беру
    • erjanbei 05.11.2013 күні 16:49 уақытында

      Ол жағын білмеймін

      Жауап беру
      • Таймасова Рахила Жарасқызы 30.01.2021 күні 22:14 уақытында

        Суға тәжірибе жасаған, мақал мәтелдер мен жұмбақ жасырып, судың адам өміріндегі пайдасын ашып айта кеткен. Сабақтың құрылымы мен жазылымыз жақсы

        Жауап беру
  • Асем 25.10.2013 күні 13:50 уақытында

    Жақсы. Слайдтарды қайдан алуға болады?

    Жауап беру
    • erjanbei 25.10.2013 күні 13:51 уақытында

      Қай слайдтты ?

      Жауап беру
  • Meru 30.05.2013 күні 23:46 уақытында

    жаксыыыы

    Жауап беру
  • nurgul khazmu 29.04.2013 күні 21:51 уақытында

    керемет

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.