Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Спорттық ойын (балабақшадағы сабақ жоспары)


Тақырыбы «Джунгли шақырады»
Мустаханова Еркеш Серікқызы «Алтын сақа» балабақшасының тәрбиешісі Қарағанды қаласы

Сабақтың мақсаты: Балалардың жер шарындағы әр-түрлі табиғат климаттарымен танысып, оларға деген қызығушылықтарын арттыру.
Дамыту: Джунгли туралы ойларын одан әрі дамыту (климат, өсімдіктер, жануарлар).
Білімділік: Сөздік қорларын одан бетер өсіріп, жаңа сөздермен таныстырып, тіл байлықтарын дамыту (джунглиде, әр-түрлі жануарлар, құстар, жыртқыштар және шөпқоректілер).

Тәрбиелеу: Спорттық ойындар мен жаттығу кезінде ұқыпты, мұқият тыңдап, дәл солай жасауға, бір-біріне кедергі жасамауға тәрбиелеу.
Алдын ала жұмыс: Айналаны қоршаған ортамен таныстыру сабағында («Джунгли», «джунглидегі қызықтар», «Сиқырлы қауырсын», т/б) оқу.

Джунглидегі жыртқыш аңдармен таныстыру. Сол аңдарға келтіріп эмблемелар дайындау (ата-аналармен бірігіп).
Керекті құралдар: Глобус, эмблемалар, жұмысақ ойыншықтар мен суреттер, теңіздің шуылы жазылған үнтаспа, қағаздан жасалған «банандар мен сүйектер», медальдар, спорттық инвентарлар, балаларға банандар.
sporttik-oyin-sabak-zhospariСабақ барысы:
Залды немесе ауланы джунглидегіндей безендіру, балалар спорттық киімде, кеуделерінде эмблемалар.

Жүргізуші:
– Бізде әлі қыс, қар жатыр, күн аяз, күн шығып тұр, бірақ жылытпайды, себебі қыс. Білесіңдер ме, жер бетінде күн шығып, ыстық болып тұратын жерлер бар. Ой, сонда барса ғой?!
– Сендердің барғыларың келе ме?
– Иә барғымыз келеді!
– Глобусқа қараңдаршы, міне біз мына жерде тұрмыз. Бұл солтүстік жартышар.
– Ал қазір жаз қай жерде деп ойлайсыңдар?
– Оңтүстікте.

– Иә, солтүстікте қыс болса, оңтүстікте жаз.
– Келіңдер глобусқа тағы бір қарайықшы. Қай елдерде қазір жаз екен. (Бірнеше елді көрсетіп айтқызу).
– Дұрыс айтасыңдар Оңтүстік Америкада, Бразилияда жаз өте ыстық болады.
– Сол жаққа барғыларың келе ме?
– Иә, барғымыз келеді.
– Немен баруға болады?
– Бірінші ұшақпен, содан соң кемемен барамыз, – деп музыкамен қимылдарын келтіреді.
– Міне біз Оңтүстік Америкадағы джунглиға келдік. Джунгли – жер шарындағы үлкен маңызды орман. Мұнда неше түрлі аңдар, құстар бәрі мекен етеді (балалар көптеген аңдарды атайды). Джунглида үлкен алаң бар, онда жарыстар, ойындар өткізуге болады.
– Біз қазір сонда барамыз, келісесіңдер ме?
– Иә!

– Олай болса жолға түсейік! (балалар алаңға жол белестерінен өтеді, аттау, еңбектеу, еңкейіп өту, секіру, т/б).
– Міне біз алаңға да келдік.
– Айналаға қараңдаршы, пальмалар, леаналар, тотықұстар қандай әдемі! Бұл жерде екі команда жарысқа түседі. Бірінші жыртқыштар (ырылдайды) және шөпқоректілер (шиқылдайды). Жеңіске жеткен жыртқыштарға сүйек, ал шөпқоректілерге банан беріледі. Осыларды санап ұтысқа жеткен команданы хабарлаймыз. Сондықтан, мұқият болу қажет.
Енді бастайық!

1 Сайыс
Жүргізуші:
Адамға ұқсайды, бірақ сөйлемайді, қолдары ұзын, ол не?
Ойын: «Маймылдарды ұстау».
Төртаяқтап жүгіріп жүріп, бірін-бірі екі командадан ұстау керек (уақытқа).

2 Сайыс
Тағы да жұмбақ,
Балалар шешіп көріңдерші.
Бір үй жүзиді әрі жүреді,
Шөпті жұлып, су ішеді.
Сендер білесіңдер ме,
Не тұрады бұл үйде?

Эстафета «Тасбақалар»
Балалар тасбақаларға ұқсап қол мен аяқтың көмегімен сырғанап жүру.

3 Сайыс
– Джунглида көп өсімдіктер бар: пальмалар, леаналар, гүлдер. Енді кокосты алу үшін пальмаға өрмелеу керек.
– Дайынсыңдар ма?
Жарыс: «Пальмаға өрмеле» (гимнастикалық сатыға өрмелеу)

4 Сайыс
Піл, тасбақа, жолбарыс, крокодил, т/б жұмбақтарды екі топқа кезек-кезек қою.

5 Сайыс
– Джунглиде сондай-ақ көп әдемі құстар да бар. Қараңдаршы қандай әдемі тотықұстар. Мына құс қалай аталады?
– Колибри.
– Дұрыс айтасыңдар. Бұл құс өте кішкентай, бұлар бір гүлден екінші гүлге қонып, нектарларын жинайды, осындай құс болғыларың келе ме?
– Иә!
Ойын «Гүлдер және колибрилер» (Гүлдерді қиып жерге тастайды, бес гүл болса, алты құс болу керек. Музыка тоқтағанда гүлге қону, кімге жетпей қалады сол ойыннан бір гүлді алып шығады. Екі командадан шығару.)

6 Сайыс
Джунглиде құрғақшылық болғанда өте қиын болады, сондықтан бір тамшы су санаулы болады. Енді тапсырма – екі команда бірдей мына джунглимен өтіп, өзен бойымен алаңға жету керек. Ыдыстағы суды төкпеуге тырысу. Қай команда суын төкпей әкеледі, солар жеңіске жетеді.
Қызықты сауықтырудан кейін банандар мен сүйектерді санап, жеңімпаздарды анықтау, медальдарын беріп, барлық балаларға банандарды тарату.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Көктем келді гүл алып
  • Мектеп жасына дейінгі тәрбиедегі қазақ халқының зергерлік қолөнерінің орны
  • Көркем әдебиет «Мақта қыз ертегісі» слайд
  • Мектепалды даярлық тобына арналған тест
  • Ақ мамам (музыкалық сабақ)

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.