Ортақ, майда және тілдің сөйлеу моторларының өзара байланысы көрнекті ғалымдардың зерттеуімен бекітіп, дәлелденген. Олар әсіресе сөздің қалыптасуымен, саусақтың нәзік қозғалысының дамуымен тығыз байланысты деген қорытындыға келді. Неліктен адам таппайтын керекті сөздерді түсіндіру үшін ымды пайдаланады? Немес керісінше: бала жазу немесе сурет салу үшін өзінің тілін шығару арқылы өзіне кеөмектеседі. Белгілі бала тілін зерттеуші М.М.Кольцов қолдың саусақ қозғалысы адам баласының дамуы, тарихи жүрісі, сөйлеу функциясымен тығызы байланысты екенін жазған.
Баланы сөйлеуге үйрету үшін артикуляциялық аппаратпен жаттықтырып қана қоймай қолдағы саусақтардың қозғалысымен жетілдіру керек, яғни шағын моторикамен. Логопедтік жұмыстарда балаға қызықты емес дыбысты автоматтандыру үшін мозайканы немесе панноны қатар қолдануға болады.
Ұқсас жұмыстың мағынасы мен құндылығы неде? Мозайка немесе панноны құрастырылуы бірден екі маңызды есептерді шешеді:
-қолдың кішкене моторикалық дамуы.
-қойылған дыбыстың автоматизациялық қызық, еріксіз, еркіндік формада шығады.
Мұндай жұмыстар әсіресе дизартриктік-балаларға пайдалы, ықыластық бекудің жанында дұрыс артикуляцияға синкинездік жиі пайда болады. Қалыпты жағдайда синкинезияның пайда болуы азаяды.
Мозайканың құрастырылуын жеке кезеңмен шағын топтық жұмыс қылуға болады. Дыбыстық бұзұлушылығы бар балаларды сараптап алған тиімді.Мектеп жасына дейінгі балалармен қолдың саусақтарына арналған жаттығудан басқа, қолдың шағын мотрикасының дамуына әртүрлі арнайы заттарды ұсынуға болады. Бұл түймелер әр түрлі өлшемде, сіріңке, қағаздан жасалған моншақтар, түрлі-түсті қақпақтар, өзендік тастар, ұлу қабыршақтары және т.б болуы мүмкін.
Сіріңкеден біз жасаймыз,
Үймен қайық құраймыз.
Сіріңке, қақпақ, түйме әшекейдің элементтік қызметін атқара алады. Балаларға сіріңкеден логопедтік үлгімен әр түрлі заттарды – шырша, машина, кеме, және т.б жасау ұнайды. Бұның барлығын қатты бетте және түрлі- түсті фонда шығаруға болады. Ұнаған композицияны жіппен немесе желіммен бекітуге болады.
Қызыл-жасыл қақпақтар. Түйме, түйме, түймедақ
Өз түсіңді тауып ал. Тезірек тізіп ойнамақ
Тескіш арқылы әр түрлі гүлдердің, құстардың, геометриялық пішіннің суреттерін қатырма негізінде істеуге болады. Содан соң түрлі түсті баудың көмегімен, саңылаудан өткізу арқылы фигуралардың шетінен өрнектер жасауға болады.
Парақты екі немесе төрт есе бүктеу арқылы баланы тескіштің көмегімен саңылау жасап, тарқатқанда симметриялық композиция алуды үйретуге болады. Бұл күтпеген шешіммен өте қызықты жұмыс. Пайда болған дөңгелектер түрлі түсті қатырмаға желімделіп, әшекей сапасында қолданылады.
Ойыншықтар майда,
Қол саусаққа пайда.
Егер әртүрлі өлшемді бүрлерге және түрлі –түсті тастарға ұсақ ойыншықтар қосса(киндер сыйы) баламен сюжетті ойындар ойнауға болады. Ойын уақытында баланың қиялы оянып, ойнағысы келеді. Сабақ үстінде арнайы оң және сол қолдың саусақтары қозғалысы үшін жасалған карточкаларды пайдалануға болады. Сұқ саусақпен және ортаңғы саусақпен, гүлден гүлге секіру арқылы 10-ға дейін санап үйренеді.
Қоян мен аюды аламыз
Қол аяғын қосамыз
Әртүрлі әлпетті қонжықтарды және көңілді көжектерді, жұмсақ, тығыз кездемелермен және жүқа түрлі түсті киіздерден жасауға болады. Табан, бас, құйрық, галстук және бантик денеге түйменің, ілмектің, кнопкалардың көмегімен бекітіледі. Бала ойыншықты өз еркімен шашып жинайды. Ересектердің көмегінсіз қонжықты өзі жинап, сонан соң ойнағанда бала көзінде қанша қуаныш болады.
Әр түрлі мағынадаға тапсырмалар баланың есте сақтауын дамытады, елестету, ойлау, берілген үлгі бойынша әсерлі орындаулар, төзімділік, шыдамдылық бастаған ісін ақырына дейін жеткізуге діттейді. Тапсырмалар балалармен басқа бағдарламада және жеке жұмыстарда пайдалануға болады. Олар қоршаған ортамен танысу сабағында және тіл дамыту тапсырмалары бар ойын мерекелерін әшекейлендіреді. Жоғарыда айтылған заттар бала саусақтарының жұмысына жағдай жасайды.
«Балбөбек» бөбекжай-балабақшасы
Мажитова Інжу Марданқызы
Бұл әдістер өте пайдалы. Балаларға пайдаланса баланың саусақ нүктелері арқылы миына әсер етеді. Бұндай жаттығулар балаларға да үлкендерге де өте пайдалы.
Осы әдістер арқылы ұсақ моториканы дамыта аламыз, мұғалімдерге жақсы кеңес болады деп ойлаймын!