Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

«Сәнді үкім» ертеңгілік


Музыка әуенімен залға балалар кіреді, жүрекшелермен би билейді.
Шолпан: Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар.

Ән: «Көктем келді»
К. Айлана: Тосын сый бар аналарға
Бұл дегенін керемет.
Кафемізге шақырамыз
Орнығамыз тезірек.

Жанерке: Қош келдің дейді кафеміз
Қуанышын білдіріп.
Сондықтан да сіздерге
Ән арнаймыз бірігіп!
Жулдыз: Біздің кафе ерекше
Иесі оның балалар.
Таныстырып сіздерге
Өтейікші аналар.

Алишер (аспазшы): Мен аспазшы боламын.
Шын жүректен жасалған
Көңіл күйіміз қосылған
Мәзіріміз бүгінгі
Алуан түрлі тоқаштар.

Шолпан: мерекелік бағдарламаны дайындаған ди джей Руслан мен Кайсар
Сіздердің көңілдеріңізден шығатына сенімдіміз
Руслан (ди джей): Сәлем, сәлем
Бүгін, осында
Сендерге арналған бағдарлама!
Біздің шоу басталады
«Сәнді үкім» жарияланады!

8 наурыз ертеңгілік Жулдыз: Біздің «Жанұя» кафемізде «Сәндік үкім» атты шоумыз басталады. Сіздерді осында қызықты және көңілді бағдарлама тосып тұр. Сіздердің көңіл күйлеріңізден шығатынына сенімдіміз.

Би: «Джентельмендер»
Жулдыз: Ал енді балалар,
Біздің білгіміз келеді,
«Сәндік үкімде» кімді айыптауға
Қолдарыңыздан келеді?

1–айыптаушы Алинур:
Аналарды айыптаймыз
Көйлектеріне ақшаны көп жұмсаймыз.
Күнде түрлі көйлек киюге
Не үшін керек уайымдаймыз.

Жулдыз: Аналарымыз заманға сай киінгілері келеді, сондықтан да әртүрлі көйлектер алады.
1– айыптаушы Алинур: Біздің сән басқа,
Ең арзан және қарапайым.
Аналарға арналған
Бірінші дефилені бастаймыз,
(ортаға Наргиз полиэтелен пакетінен жасалған көйлекпен шығады)
1–айыптаушы Алинур:
Қараңыздаршы қандай сәнді,
Таң қалдырар баршаңды.
Кірлемейді, су өптейді,
Ұнтақ та, ақша да кетпейді.

Жүргізуші: Қыздар, ал сендер осы айыптаумен келісесіңдер ме?

1–қорғаушы Медина:
Айыптаумен келіспейміз
Аналарымыз әдемі болсын дейміз.
Өз дефилемізді ұсынамыз
Аналарымызды шақырамыз.
(ортаға бір екі ана шығады)

Шолпан: Ал енді аналарымыздың пікірлерін сайлау арқылы білейік. Сайлау үшін алдарыңызда жатқан дөңгелешемен көк түсті – бірінші дефилеге, қызыл түсті дөңгелекшемен – екінші дефилеге сайлай аласыздар. Бастайық.

Кайсар ди–джей: Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары

Ән: «Анаға сыйлаймыз»
Жулдыз: Ал енді жігіттер кімді айыптайсыңдар?

2–айыптаушы Аңсар:
Әжелерді айыптағымыз келеді
Күні бойы асханада жүреді
Түрлі түрлі көйлек киіп
Ақшаны далаға жібереді.
Әжелерге арналған
Дефилені ұсынғымыз келеді!
(ортаға Жанерке қақпақтардан жасалған көйлекпен шығады)
Қараңыздаршы қандай сәнді,
Таң қалдырар баршаңды.
Кірлемейді, жыртылмайды
Әжелердің бәріне ұнайды.

сұлулық туралы ертеңгілік сценарийі.Жулдыз: Қыздар, ал сендер осы айыптаумен келісесіңдер ме?

2– қорғаушы Сабина: Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге
Ой десе ойы бар,
Бой десе бойы бар
Екінші дефилені қарсы алындар
(ортаға әжелер шығады)

Шолпан: Ал енді көрермендердің пікірлерін сайлау арқылы білейік.

Ди – джей Руслан: Сұлу да ақжарқын әжелер. Келесі ән сіздерге арналады.
Ән: «Әжеме»

Алишер: Жұмсағанда барамыз,
Тілін дәйім аламыз
Әже–біздің панамыз,
Әже үлкен анамыз.

Наргиз: Әжелерді сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әрқашан біз ардақтап,
Әжеге бас иеміз.

Мансүр: Әжемдей данадан
Ертегіге қанамын
Шақырса даладан
Жүгіріп барамын.

Жулдыз: «Сән үкімі» жалғасады.
Қыздарымыздың би билегісі келіп барады.
Кайсар ди–джей сен қалай ойлайсың?

Ди–джей Кайсар: Қане биге басайық,
Салтанатты көңілді.
Таң–тамаша салайық,
Шалқытып шат өмірді.

Би: «Қыздар»

Жулдыз: Шолпан Бауржанқызы, сіз білесіз бе биыл түрлі түсті ленталар сәнге кіріпті

Шолпан: түрлі түсті ленталар біздің үкімге не қатысы бар?

Жулдыз: түрлі түсті ленталармен біз қазір біздің балалармен ойын ойнаймыз.

Ойын: «Түрлі түсті ленталар»

Жулдыз: Ал енді біздің балалардың орындауында аналарға арналған өлеңдер:

Саят: Әлпештеген аялаған
Ақсүт берген апатайым
Тақпақ айтып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.

Дария: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұрар панасың.
Еңбегінді ақтаймын,
Аман болшы анашым.
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген анашым!
Дияр Мақтаным ана
Шат әнім ана
Өзіңе тақпақ
Жаттадым ана.

Жулдыз: Ал енді сөзімізді стилистке берейік
Аналарға қандай макияж жасау керектігін білейік.

Самира – Стилист: Жаңа макияж ұсынамын
Қыздарға және аналарға.
Қараңыздаршы қандай сәнді,
Таң қалдырар баршаңды.

Ойын: «Аналарды әдемілеу»

Жулдыз: Ал, менің балаларым, «Сәндік үкімде» кімді айыптауға тағыда қолдарыңан келеді?

3–айыптаушы Альжан:
Дос қыздарымызды айыптаймыз
Олар үшін уайымдаймыз.
Күнде түрлі көйлек киюге
Өздері де шаршамайды.
Ақшаны да аямайды.
Қыздарға арналған дефилені қарсалыңыздар.
(ортаға Дария мен Айлана шығады, салфеткалардан жасалған көйлектерді көрсетеді)
Қараңыздаршы қандай сәнді,
Таң қалдырар баршаңды.
Ал қыздар айтыңдар
Ұнады ма сендерге?

Жүргізуші: Ал, қыздар жауабын беріңдер ұнады ма сендерге?
3–қорғаушы А. Айлана:
Ой, ұлдар, бұларын не?
Ұят болады бәріне.
Өздерін бұл көйлекті
Киіп көріңдерме?
Қазір біз сендерге
Көрсетеміз өзіміздің дефиле.(ортаға қыздар өз көйлектерімен дефиле көрсетеді)

Ән: «Мен қазақтың қызымын»

Жулдыз: Жеңімпазды білу үшін, сайлауымызды бастайық.
Ди–джей Руслан: Қыздардың көңілінен шығу үшін
Аналарымыз күлімсіреп күлу үшін
Дайындалдық бүгінгі мерекеге
Қыздарменен вальс билеу үшін

Би: «Вальс»
Жулдыз: «Сән үкімі» жетті міне соңына
Өздеріңнен ақшаны аяма.
Түрлі көйлек киіп, әдемі боп жүріңдер
Барлық жұртты таңқалдыра беріңдер!

Шолпан: Қымбатты әжелер мен аналар, сіздерді халықаралық әйелдер күнімен тағы да құттықтаймыз !Дендеріңізге саулық тілейміз, әрбір жанұяда сәбилеріңіздің сыңғырлаған күлкісі көбейсін, сіздер шаттыққа бөлене беріңіздер!.Мерекелеріңіз құтты болсын аналар! Сау болыңыздар!

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Золотая осень
  • 1 Желтоқсан – Тұңғыш президент күні
  • Мен және басқалар. Әдептілік
  • «Қызыл алма» (сабақ жоспары)
  • Оқу іс-әрекеті «Біз жайлауға барамыз»

Пікірлер 3 Пікір қосу

  • Шолпан Бауржановна Шаймерденова 04.01.2025 күні 18:07 уақытында

    өзімнің парақшама қалай кіруге болады?

    Жауап беру
  • ТАЗАГУЛЬ 12.10.2021 күні 11:35 уақытында

    Керемет жұмыс ? еңбектеріңіз жансын

    Жауап беру
  • Куралай 10.05.2020 күні 18:38 уақытында

    Балалардың ән айтқаны, таппақ айтқаны ұнады. Ертеңгіліктің сценарий жақсы жазылған.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.