Сахналық қойылым «Дала нұры»

«Төбеңнен елдік нұрын тұрған құйып, Өмірде ешнәрсе жоқ Тудан биік!»

Қатынасушылар: Бас кейіпкер – Елдос, Атасы-апасы, Әкесі-анасы, Үлкен әпкесі – Айдана, Кіші әпкесі – Нәзира, Досы — Жандос

 

Өмірден алынған: — Биік тау шыңына орнатылған көк байрақ – Ту, көлемді үлкен жазу «Қазақстан»; — Тау биігіне шығу жолындағы және өзен бойындағы киіз үй тәріздес күркелер, орындықтар; — Компьютерлік технология, 3D көрінісі,

 

Бірінші көрініс:

Жазғы демалыс. Аблакетка тауы. Шығыстағы Өскемен қаласы. Таң рауандап атып, күн ұясынан шығып келе жатқан мезгіл. Таудың биігінде еліміздің көк байрағы – Ту желбіреп тұр. «Қазақстан» үлкен жазумен жазылған. Атасы тұра салысымен терезеге қарады. «Мұзарттың» орындауындағы «Қазақ елі» өлеңін есіне түсіріп, ақырындап әндетті.

 

Атасы: Көңілі көлдей шалқыған

Қазақтай ел қайда!

Даласы жусан аңқыған

Өзіңдей жер қайда, киелім!

Тілегін тәңір берген,

Қасиет қонған елден,

Ел үшін туған ерден, айналайын!

Таңертеңгі астан кейін атасы домбырасын тартып отыр. Керемет саз естілгеніне Елдос елең ете қалды.

dala-nuri

Елдос: Ата, сенің домбыра тартып отырғаныңды естіп келдім.

 

Атасы: Ие, балам, аңда-саңда тыңқылдадып домбыра тартатыным бар ғой. Нұрғиса атаңның «Әлқисса» күйін тартайын. Ал сен тыңда.(Атасы күйді тарта жөнелді, немересі ұйып тыңдап отыр.) Балам, Абай атамыздың: «Жақсы ән мен тәтті күй, құлақтан кіріп бойды алар…» демекші домбыраның әуенін естіп, елең етіп келгеніңе қарағанда домбырашы боларсың! Егер қолыңа қазағыңның домбырасын алсаң, мен қуанамын.(сәл кідіріп) Қабілетің болса, өзің де тоқтамассың, ә!(Атасы домбырасын жоғарға іліп қойды. Атасы мереке күнінде ел байрағы – Туға тағзым етуге баратынын айтты. Елдостың әкесіне бұрылып:

 

Атасы: Ертең Конституция күні. Балам, ертең Елдосты ертіп жүр. Ертеңгі жас мамандардың «Ант» қабылдау рәсіміне барайық, қатысайық.

 

Тау шыңында тұрған Туды көруге көзін уқалай сала жүгіріп барып, терезеге қарады. Алыста Ту көрініп тұр. Аппақ кіршіксіз бала көңіл.

 

Елдос: (қуанып) Күн шығыпты ғой! Көк Туым аман-есен тұр ма екен!

 

Баланың әкесі: Ал таңғы асты ішейік, кешегі айтқан атаңның уәдесімен Туға барамыз, дайындал!

 

Елдос: Жарайды, әке! Мен дайынмын. Атам дайынба екен? Жандос та барса ғой! Әкесімен барар ма екен, телефонмен сөйлесейін. (телефонмен) Жандос, хал қалай? Мереке күнімен! Біз Аблакеткаға барамыз. Онда Қазақстанның Туы барын білесің бе? Жақында орнатқан. Сен барасың ба?

 

Жандос: (телефонмен) Ие, білемін. Әкем айтқан, барамыз, деп. Мен де дайындалып жатырмын. Жарайды, кездескенше! Ок! (ағылшынша)

 

Елдос: Жарайды, кездескенше! Ок!

 

Атасы: Балам, сен білесің бе? Сен туған жылы Конституция қабылданған.

 

Елдос: Рас па?

 

Атасы: Ия балам. Ол жыл – 1992 жыл.(Немересінің маңдайынан иіскеді.)

 

Апасы: Сонан бері талай жыл өтіп қалыпты. Сен есейдің, балам. Қазір ол жерге барғанда Әнұран орындалады. Сөзін білесің ғой. Қосылып шырқа, жарай ма, құлыным! (Немересінің бетінен сүйіп шығарып салды.)

karui

Жұрт белгіленген уақытқа жиналған. Елдостың екі көзі биікте желбіреп, кең ауаны есіп тұрған көк байрағы – Туда. Төмендегі қала көрінісіне, қоршаған табиғатына, күннің алтын шұғыласына тамсана қарауда. Әкесімен Жандос та келді. Бірімен-бірі қол аласып, құшақтасып амандасты. Салтанатты жиын. Сап түзеген жас мамандар. Әнұран орындалды. Елдос пен Жандос та оң қолдарын жүрегінің тұсына қойып, кеудесін тік ұстап қосылып тұр. Еліне адал қызмет етуге жас мамандар ант қабылдады.

 

Атасы: (Елдоспен Жандосқа қарап) Екеуің Азамат болдыңдар! Міне, нағыз патриоттар! Бүгінгі мынандай салтанатты жиынға келгендеріңе қуанып тұрмыз. Бойларыңда мынандай қасиеттер: үш қуатың – білімің, ақылың, терең ойың болса, еліңнің нағыз патриоты боласыңдар. Патриот болу – елін, жерін, халқын шын ниетімен сүю деген сөз.

 

Жандос: Ата, Елдос екеуміз биыл 1 сыныпқа барамыз ғой. Мен дайындалып жатырмын. Мектепте оқимыз, білім аламыз, сосын ер жетеміз…

 

Елдос: Мен де дайындалып жатырмын. (Атасына қарап)Ата, алғашқы қоңырауда да Әнұран орындаймыз ғой! Ие, ата!

 

Атасы: Ия, балалар! Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығасыңдар. Елдің нарын көтеретін арқа сүйер Азаматы боласыңдар! Біз сендерге сенеміз.

 

Елдос пен Жандостың мақтанышында шек жоқ. Тудың жиегіндегі оюына, шаңырақ пен сұңқарға ерекше көңіл аударды. Қош айтысып, үлкен толғаныспен үйге қайтты.

 

Апасы: Ия, ботам, қалай болды? Нендей қызық көрдің?

 

Елдос: (қуанышпен)Апа, керемет болды! Жандос та барды.

 

Әкесі: Әсіресе, өз елін, өз жерін сүйген патриотқа. Туған еліне шын ниетімен адал қызмет ету әрбір қазақстандықтардың міндеті.

 

Айдана: Апа, Елдос керемет болды деп тұр ғой. Мен де баратын едім…

 

Назира: Сонда Елдос ғана патриот па?

 

Айдана: (Назираға бұрылып) Сондай жиынға қатысқан адам ғана емес, кез келген адам патриот. Сен де, мен де, бәріміз де.

 

Назира: (кеудесін тік көтеріп, мақтанышпен) Мен де патриотпын! Мектепте бәрін үйреніп жатырмыз. Тіпті балабақшадан білемін. Өлең-тақпақтардың нешеуін білемін.(өлеңдерін айта жөнелді)…Аялар бізді, қамқоршы ізгі, Сүйікті Отанды мақтап, айтамыз тақпақ, шырқатып әнге саламыз…

 

Айдана: Дұрыс айтасың, бауырым!

 

Елдос:(үйде тұрған қолға ұстайтын еліміздің кішкене жалаушаны қолына ұстап, бала тілімен «Қазақстан!» «Қазақстан! «Қазақстан!» деп, жоғары көтеріп желбіретіп тұр) Біздің Туымыз қандай әдемі. Аспан түстес. Жиегіндегі оюына менің әжемнің сырмағындағы ою ұқсайды екен-а!

 

Екінші көрініс.

Үй іші. Теледидардан Ибрагим Ескендірдің орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнінен бейнебаян көрсетіліп тұр.

 

Анасы: Осы өлеңнің сөзі керемет. Көңілің толқиды.

 

Елдос: Мен білемін бұл өлеңді. (әнге қосылады)

Көк тудың желбірегені,

Елімнің асқақ беделі

Көк тудың желбірегені,

Жаныма қуат береді,

Таласқа түссе Жан мен Ту

Жан емес маған керегі,

Көк тудың желбірегені!

Теледидардан естіп-үйреніп, сөзін жаттап алғанмын.

 

Анасы: Жарайсың, балам! (баласына сүйсініп, разы болды) Бұл өлеңді нағыз патриоттар айтады. Апаң кітапханашы ғой. Сол кітапханада Айдананың үйірмесі бар. Назира да кітапханаға барады. Онда қызықты кітаптарды оқып, үйірмелерге қатысып, фильмдер көруге болады.

 

Айдана: Ия, анашым. Ертең кітапханада мәнерлеп оқу үйірмесі, бүрсігүні шахмат.

 

Назира: Мен онда шахмат мектебіне қатысайыншы.

 

Елдос: (жарасып) Мен де шахмат мектебіне жаздыршы.

 

Назира: Сен әлі кішкентайсың, келесі жылы сегіз жасқа келгенде жазылуға болады.

 

Елдос: Неге? Егер мен шахматқа қызығып, ойнағым келіп тұрсашы.

 

Анасы: Жарайды, бара көресіңдер. Есіңде болсын, шахматты ойлы, ақылды адам ойнай алады.

 

Елдос: (ойланып қалды. ішінен күбірлеп) Ойлы, ақылды…

Кешкісін әкесі үйдегі компьютерді қосып, қала сайтын қарай бастады.

 

Әкесі: (үйдегі компьютерді қосып сайттарды қарап отыр…) Балалар, міне қараңдар! Мына сайтты ашып, үйде отырып-ақ қаланың көз тартатын, назар аударатын жерлерін қарауға болады екен.

Айдана мен Назира (жарыса сөйлеп): Әке, керемет қой! Қане, қане?

 

Елдос: Әке, апамның кітапханасының ішіне кіруге болар ма екен?

 

Әкесі: Ие, кәнеки, көрейік! Компьтерлік графиканың бұл технологиясын «3D» дейді. (Виртуалды тур жасайық, әңгімелеп отыр) Кешегідегі Ант қабылдау. Көк байрағымыз желбіреп, «Қазақстан» деген жазу ап-анық көрініп тұр. Ашық аспанда қалықтап бұлттар жүр. Мынау жүрген Елдос пен Жандос қой (күліп қояды.) Көк байрағым қазақ даласын нұрға бөлеп тұр. Виртуалды кітапхана, мұражай тағысын тағылар. Мінеки, кітапхана іші. Міне, «Бала қиялдарының әлемі» — Балалар қалашығында ұйымдастырған көрме екен. Мифологиялық аңыздар мен қиял-ғажайып ертегілердің кейіпкерлері — жалғыз көзді дәу, албасты, жалмауыз кемпір, айдаһар, Насмеяна ханша және тағы басқа үлкенді-кішілі қуыршақтар.

 

Елдос: Кәдімгі сол жерде жүріп келе жатқандайсың, ие, әке!

 

Әкесі: Міне, қала көшелері. Тамаша гүлзарлар, әр жерде орнатылған шығарма кейіпкерлерінің мүсіндері. Ертістің жағасындағы аллея. Біздің «Бәйтерек» те қандай әсем. Субұрқақтың іргесіндегі амфитеатр. Түндегі көрініс керемет. Түрлі түске бөленіп тұр. Мекеме, әкімшілік ғимараттарының маңдайында еліміздің жалауы – Ту ілініп тұр. Әр азамат мемлекет рәміздері — еліміздің көк байрағы мен Елтаңбасына, Әнұраны мен Ата Заңына ерекше құрметпен қарайды. Әрбір қазақстандықтар көздерінің қарашығындай сақтайды. (әкесі тәптіштеп, бәрін түсіндіруде)

 

Атасы: Елдос балам! Кеше домбыра үніне елең етіп, мені қуантып едің. Жүр, ботам, домбыраны тартып көңіл шерін тарқатайын. (домбыраны алып, сәл кідірген. Сол кезде әпкелері Айдана мен Нәзира да келді) Домбыраның жөні ерекше. Домбыра — қазақтың жаны болса, ал көк Ту – даламыздың нұры. Егеменді қазақ даласына көк Туымыз нұрын төгіп, қуат беріп тұр.

 

С.Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» күйін тарта жөнелді. Үш немересі атасының күйін ұйып тыңдап отыр. Домбыра әуені естіліп тұрады. Экраннан күннің қызыл арай сәулесі. Таң шапағы қызарып келеді. Тағыда жаңа Күн туады. Көк Ту төбемізде желбіреп тұр.

Авторы: Балжан Төлешқызы

   
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ