New structure: “It`s red”. Letter G

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Ағылшын тілі
Тақырыбы: New structure: “It`s red”. Letter G

Мақсаты: “It is a car” жаңа лексикасымен “It is red” түріндегі тілдік қалыптармен таныстыру.

Міндеттері:Жаңа plane, train, book лексикалық бірліктерін беру. Жаңа Gg әрпін және осы әріптен басталатын «goose» сөзін үйрену. Заттардың түстерін атауды, « It is a car ». “It is blue” түріндегі жай сөйлемдерді құрастырып үйрету. Мәтінді тындау арқылы түсіну дағдысын қалыптастыру. Шет тілінде қарым-қатынас жасау ниетін тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: түрлі түсті қарындаштар, сыйлық салу үшін безендірілген қорап карточкалар, ойыншықтар, CD плеер, аудиодиск.
Билингвальді компонент: plane-ұшақ-самолет, train-пойыз-поезд, book-кітап-книга, goose-қаз-гусь.
Мотивациялық – қозғаушылық кезең:

Педагог балалармен амандасады: Hello, children!

Дөңгелек шеңбер құрып тұрып, туған күні айтылатын әнді еске түсіруді ұсынады.
Балалар шеңбер құрып тұрып, педагогпен амандасады.
Hello, teacher. Туған күн туралы әнді айтады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік кезең:
Педагог өткен оқу іс-әрекетінде түлкішектің туған күні болғанын, оған сыйлықтар берілгенін, бүгін ол сыйлықтарын көрсетуге әкелгенін айтады. Сыйлықтарды көрейік.
Айшықты безендірілген қораптың ішінен сыйлықтарды шығарып,
ағылшын тілінде: а train, а plane, а book, a robot, a dragon деп атауларын айтады.
Балалардың сыйлықтарға қарап, қызығушылықтары туады.Сыйлықтарды қарап, жаңа сөздерді қайталайды.

1-тапсырма.
Аудиожаттығу мәтінін тыңдап, оны аударуды ұсынады.
agilshin-tilinen-zhospar
Track 11.
It`s a car. It`s red.
It`s a plane. It`s blue.
It`s a book. It`s green.
It`s a robot. It`s yellow.
It`s a dragon. It`s orange.
It`s a train. It`s green.

2-тапсырма.
Балаларға тиісті жапсырманы тауып, жапсыруды ұсынады. Мысалға:
It`s a flower. It`s red.
It`s a butterfly. It`s yellow.
It`s an alligator. It`s green.
It`s a camel. It`s orange.
It`s a fish. It`s blue.

Мәтінді тыңдап, аудиожаттығуды педагогтің көмегімен аударады.
Балалар педагогтің айтқаны бойынша тиісті жапсырмаларды желімдейді.

3-тапсырма.
Педагог заттарды атап, ағылшын тілінде санауды және қанша зат болса, сонша нүкте қоюды ұсынады.
Балалар заттарды және олардың санын ағылшын тілінде айтады. Одан кейін төртбұрыштарға олардың санына сәйкес нүктелер қояды.

Сергіту сәті.
Clap – 6 times.
One, two,three, four,five,six.
Step – 3 times.
One,two,three.
Hop – 4 times.
One,two,three,four.
Stamp – 7 times.
One, two,three, four,five,six, seven.
Мәтінге сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.

4-6 тапсырмалар.
Жаңа Gg әрпін үйренеміз. Тақпақты және осы әріптен басталатын goose сөзін жаттап алуды, әріпті бояуды ұсынады.
Педагог әртүрлі сөздерде кездесетін g әрпін қоршап сызуды ұсынады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырма (12б). Педагог суреттен көбелекті, машинаны, гүлді, араны, итті, ағашты тауып, оларды санап, суреттен қанша зат тапса, сонша торкөзді бояуды ұсынады.
Балалар goose сөзін, тақпақты қайталайды.
«G» әрпін бояйды.
Балалар «g» әрпін дауыстап айтады, тақпақты қайталайды және g әрпі бар сөзді қоршап сызады.

Тапсырманы орындайды.
Балалар сөздерден жаңа әріпті тауып, оны қоршап сызады.
Балалар кестеден заттарды тауып, ағылшын тілінде дауыстап санын айтады. Одан кейін суреттен қанша затты санаса, кестедегі сонша торкөзді бояйды.

Рефлексиялық – түзетушілік кезең:
Педагог оқу іс-әрекетін қорытындылайды. Педагог балалардан оқу іс-әрекетінде нені, қандай жаңа сөздер мен әріптерді үйренгенін сұрайды. Оқу іс-әрекетінде үйренген «G» әрпі туралы тақпақты қайталайды. Педагог қоштасады: Stand up, please. The lesson is over. Goodbye, children!
Балалар жаңа сөздерді еске түсіріп, тақпақты қайталайды. Одан кейін педагогпен қоштасады:
Goodbye, teacher.

Күтілетін нәтиже:
Орындайды : Жаңа plane, train, book лексикалық бірліктерін, жаңа: Gg әрпін және осы әріптен басталатын «goose» сөзін үйрену. Түсінеді: мәтінді есту арқылы түсінуді және мәтінге сәйкес тапсырма орындауды, It is a car ». “It is blue” сияқты жай сөйлемдер құрастыруды.
Қолданады: жай сөйлемдерді қолданып заттың түсін айтады және суреттеп береді.
Педагог: _________________________________________________

   
Пікірлер1
  1. Гаухар

    ағылшын тілінде ересектер тобындағы балаларға алып қолданам, рахмет сіздерге. өте сауатты, әрі ұғынықты жазылыпты.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ