Қуыршақ Айгерімнің туған күні

Тіл дамытудан ашық оқу қызметі
Ортаңғы «Айналайын» тобы Өткізген: Успанова А.О.
Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Коммуникация», Тіл дамыту
Тақырыбы: Қуыршақ Айгерімнің туған күні әңгіме құрастыру.
Мақсаты: Өз бетінше сөйлеу мәнері мен дауыс күшін тиісінше өзгертіп отыру іскерлігін қалыптастыру, өз ойларын толық жеткізе білуге, ойыншықтар туралы қызықты әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру.
Үштілдік компоненті: Қуыршақ-кукла-doll,
Туған күн-день рождения-birthday,
Туған күніңмен-с днем рождением-happy birthday to you

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
І кезең- мотвациялық- қозғаушы
-Сәлеметсіздер ме балалар!
-Здраствуйте дети!
-Good morning children!

— Балалар, айтыңдаршы сендер үшін өз отбасыңда қай күн ең қуанышты күн?
-Туған күн болғанда, нелер береді.
-Сыйлық бергенде сендер не істейсіңдер?
-Дұрыс айтасыңдар. Қуанасындар, шаттанасындар.
Себебі, дәл осы күні туған күн иесінің қасына туған — туысқандары жиналып, түрлі сыйлықтар сыйлап, дастархан жайылады.
Туған күнде жылы лебіздер мен жақсы тілектер айтылады.
1.Сөздікен жұмыс. Бүгін сендермен жаңа сөздер үйрендік. Қане, қайталайықшы.
-Туған күн
-Сыйлық
-Тілек
қуыршақ сабақ жоспары-Шаттану, қуану. -Сәлеметсіз бе апай!
-Здраствуйте Айнура Оразбековна!
-Good morning teacher !

-Туған күн
-Сыйлықтар

Қуанамыз, шаттанамыз.
-Туған күн
-Сыйлық
-Тілек
-Шаттану, қуану.
ІІ кезең-ұйымдастырушылық-ізденушілік

Күтпеген сәт: Топтың ішіне шар мен хат ұшып келеді. Балалар қараңдаршы топқа шарға байланған хат келді. Мен ішін ашып көрейін, ішінде не жазылыпты. Балалар ішінде шақыру билеті бар. Бізді туған күнге шақырыпты. Құрметті «Айналайын» тобының бүлдіршіндері сендерді туған күніме шақырамын. Кешікпей келіңдер. Туған күнге шақырушы қуыршақтарын Айгерім.
Балалар туған күнге бармас бұрын, біз туған қалай өтілетінін біліп алайық.
2.Суретке қарап жұмыс жасау.
-Балалар тақтадағы суретке қарайықшы,
Мына суретте не көріп тұрсындар?
-Қуыршақтың есімі кім?
-Бөлменің іші қандай?
-Бөлмеде нелер бар?

Біз Қазір туған күнге барамыз дедік. Туған күнде Айгерімге дастарқан жасасамыз. Өйткені ол жасау білмейді. Біз болсақ, білеміз. Қазір, біз барып, көмектесеміз. Көмектеспес бұрын өзіміз дайындық жасап алайық.
Дастарқанда не болады?
3.Воскобович ойыны: «Посудная лавка»

Жарайсыңдар, қандай алғыр балалар.

Енді дайынбыз, жүріңдер, Айгерімнің туған күніңе барайық.
4.Әуенмен «Туған күн»
5. Жолда билеп бара жатып, дүкеннен сыйлық сатып аламыз.
6. Әрі-қарай жүріп, гүл сатып аламыз.
Айгерімге қонаққа келдік.
Балалар, қане Айгерімді құттықтайық
7. Балалар Айгерімге тілек айтайықшы.
Қандай ақылды балаларсындар, жарайсыңдар.
8.Айгерім балаларды дастарқан жасасуға шақырды.

Дастарқан, тарелке, саптыаяқ, қасық, қант салғыш, кәмпит салғыш, қағаз майлықтар қоямыз.
Айгерім: балалар сендер туған күніме келдіңдер ғой, печенье жеңдер, кәмпиттен қалталарына салып алыңдар.
Тәрбиеші: Айгерім саған рахмет. Қане балалар, қолымызды қағаз майлықпен сүртейік. Аллаһа акбар деп қол жайып, рахмет айтамыз.
Әуенмен топқа қайтамыз. Балалар таң қалып, қарайды.
Балалар мұқият тыңдайды.
-Туған күн
-Айгерім
-Бөлме әдемі безендірілген.
-Бөлмеде түрлі-түсті шарлар ілінген.
-Туған күнге достарымен, туыстары келеді.
-Айгерімнің туған күніңе әртүрлі сыйлықтар әкелуде. -Оған көйлек, туфли, ойыншықтар сыланған.
-Туған күнге торт қойылған.

-Қант салғыш
-Сүт құйғыш
-Май салғыш.
-Нан салғыш
-Құманша
-Құман

Құттықтаймыз, құттықтаймыз, құттықтаймыз.
1.Денсаулығын мықты болсын.
2.Ақылды, тәртіпті бол,
3.Сүйікті де, сүйкімді қызы бол.
4.Ауырмай ұзақ жаса.
5.Біздің ортамызда күліп, ойнап жүре бер.

балабақшада қуыршақтың туған күнін жасау.Балалар дастарқан жасасып, атауларын айтып барып, дастарқанға отырады.
Рахмет
ІІІ кезең- рефлексивті- түзеуші -Сендермен қандай жаңа сөздер үйрендік.
-Балалар бүгін қандай мейрам?
-Кімнің туған күні болды?
-Туған күнде адамның көңіл-күйі қандай болады?
-Сендерге бүгінгі туған күн ұнады ма?
-Бөлме қалай безендірілген?

-Сау болыңдар балалар!
-До свидания дети!
-Good bye children!
Ұйымдасқан оқу-іс-әрекетке жақсы қатысқан балаларды мадақтау. Туған күн, шаттану, қуану, сыйлық.
Туған күн.
Айгерімнің туған күні
Қуанады, шаттанады.

Ұнады.
Әдемі безендірілген. Шар ілінген. Сыйлықтар берілді.
-Сау болыңыз апай!
-До свидания Айнура Оразбеквна!
-Good bye teacher

Күтілген нәтиже:
Ұғынады: Қуыршақтың туған күнің.
Түсінеді:Қонақта өздерін қалай ұстау керек екендерін.
Қолданады:Суретпен жұмыс, сұрақ-жауап әдісі,практикалық әдістерді қолдану.

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Қатынас»
Кіші сала: Тіл дамыту
Тақырыбы: Дидактикалық ойын көкеністер мен жемістер: «Бұл не?»,
«Бауда ма,бақта ма?» .
Мақсаты:Балаларды көкеністер мен жемістерді ажырата алуға,атай білуге үйрету және топтауға дағдыландыру.
Билингвалдық компоненті: Көкөніс- овощи
Жемістер-фрукты
Бау-сад
Бақша-огород

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті
І кезең- мотвациялық- қозғаушы
Балалармен таңғы шеңбер жасау.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінде неше ай бар?
Айларды атап беріндерші?
Күзде қандай өзгерістер болады?

Күз мезгіліңде нелер піседі? Неткен сұлу туған өлкем
Жаралғандай нұрдан өлкем
Даңқын биік асқақтасын
Тағайын гүл нұрдан өлкем.
Қазір күз мезгілі.
Күз мезгіліңде үш ай бар.
Қыркүйек, қазан, қараша.
Жапырақтар сарғайып жерге түседі.
Күзде жеміс-жидектер піседі.

ІІ кезең-ұйымдастырушылық-ізденушілік
Қызықты сәт:
Есіктең қоян жылап кіреді.Қолында жемістер мен көкеністер салынған себеті бар.
Тәрбиеші қояннан не болғанын сұрап. Балалардан қоянға көмек бере ала ма екенің сұрайды.
Себет ішіндегі жемістер мен көкеністерді көрсете отырып,қандай зат екенің сұрайды.
Жемістер мен көкөністердің қайда өсетінін анықтау.
Қоянға арналған қандай өлең шумақтарын білетіндерін балалардан сұрау.

Сергіту сәті

Қоян қимылдарын жасайды.

Балалар қоянның қимылдарын қоянмен бірге орындайды.
Ойын: «Пішініне қарап жеміс немесе көкеніс екенін айт.»
Тәрбиеші ойын шартын түсіндіріп өтеді.
Қоян алғысын білдіріп,орманға оралады. -Балалар аянышпен қоянға қарайды.

Балалар қояанға қолдарынан келгенше көмектесетінін айтады.
— балалар сұраққа жауап береді
-балалар естерінде бар өлен шумақтарын айтады.
-Балалар қоянның қимылдарын қызыға қайталайды.
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды
-Балалар жеміс, көкөністерді ажырата атап,пішіндерін неге ұқсататынын айтады.
ІІІ кезең- рефлексивті- түзеуші Бүгін кім келді бізге?
Жемістер бізде қайда өседі?
Ал көкөністер қайда өседі?
Барлықтарын бәрі біледі екенсіндер.Сендерге үлке рахмет. -Балалар бізге қоян келді.
Жемістер бауда өседі.
Көкөністер бақшада өседі.

Күтілген нәтиже:
Ұғынады: жемістер мен көкеністерді ажырату.
Түсінеді: ұжымдық жұмыстың дағдылары.
Қолданады:Сұрақ-жауап әдісі,практикалық әдістерді қолдану.

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы

Білім бері саласы: Шығармашылық.
Кіші сала: Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Қиярлар».
Мақсаты: Алақанның тік қозғалуымен ермексазды сопақ қалыпқа келтіру,
тәсілдерін жетілдіру.
Билингвалық компоненті: Қиярлар – огурцы
Көкөністер – овощи.
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

І кезең- мотивациялық- қозғаушы Таңғы шеңбер.
Сәлем бердім күнге мен
Сәлем бердім мен саған
Сәлем бердік апайға
Қонақтарға достарға.

Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінде неше ай бар?
Айларды атап беріндерші?
Бүгін аптаның қай күні?
Күз мезгіліңде қандай ерекшіліктер болады?

Мен сендерге күз жайлы тақпақ оқып берейің.
Күзім-ау,күзім-ау!
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау. Дос болайық бәріміз.
Жарасып түұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп танымыз.

Қазір күз мезгілі.
Күз мезгіліңде үш ай бар.
Қыркүйек, қазан, қараша.
Бүгін сейсенбі,аптаның екінші күні.
Күн суытады,құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Балалар тақпақтарды қайталайды.
ІІ кезең-ұйымдастырушылық-
ізденушілік
Жұмбақ жасыру.
Жасыл қияр,жасыл қияр
Ішінде дән мен су жияр.
Ол не балалар?
Балаларға қиярды көрсету.
Бұл не балалар?
Қиярдың пішіні қандай?
Түсі қандай?
Ол жеміске жатады ма, әлде көкөніске жата ма?
Ойын қиярды жинау.
Балаларға қиярды ермексаздан қалай мүсіндеу керек екендігін көрсетіп, түсіндіру.
Балалар ермексаздан керек бөлігін үзіп аламыз, алақан арасына салып сопақша пішінді қиярды мүсіндейміз.

Қияр.
Бұл қияр.
Сопақша пішінді.
Түсі жасыл.
Қияр көкніске жатады.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Балалар мұқият тындап, өз беттерімен жұмыс жасайды.
ІІІ кезең- рефлексивті- түзеуші Балалар біз бүгін нені мүсіндедік?
Қиярдың пішіні қандай?
Түсі қандай?
Жарайсындар балалар, өте жақсы. Қиярды мүсіндедік.
Сопақша пішінді.
Түсі жасыл.
Күтелетін нәтиже:
Ұғынады: Көкөніс, қияр, өседі, бақташы сөздерді толығымен меңгеру.
Түсінеді: Қиярдың қайда өсетінін, не үшін керектігін. Қалай пайдаланатынын.
Қолданады: Сулы шүберек, ермексаз, қияр, клеенка, мүсіндеу.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер3
  1. Куралай

    Сабақтың құрылымы өте жақсы. Туған күн туралы түсінік бере алған.

  2. Данагуль

    Өте жақсы жазылған сабақ жоспары екен!!!

  3. Жанар Тажибаева

    қуыршақ Әйгерім туған күні ,үш тілде айтылған ,бірақ ортаңғы топ балаларына қиындау,себбебі мен осы топппен зжұмыс жасаймын,олардың зейіндері өте шашыраңқы ,

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ