Қыркүйек айының — 1 аптасы
Білім беру саласы: «Денсаулық» , «Таным»
Оқу іс — әрекет түрі: Дене шынықтыру, қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Жүру түрлері», «Айналадағы табиғат»
Мақсаты: Жүру әдістерін үйрету, дене қимылын дамыту, аяқ бұлшық еттеріне жаттығу жасау. Жерде өмір сүреміз, суды ішеміз, бізді жасыл желек қоршайды, төбемізде аспан, онда күн болатының меңгерту.
Әділ – тәсіл: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, көрсету.
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Балаларға қораптағы сылдырмақтарды көрсетіп таратып беріп жаттығуға ұйымдастыру, бір – бірінің соңынан сылдырмақты қолына ұстап жүру, баяу жүгіру, шеңбер болып тұру. | Жаттығуларды тәрбиеші көрсеткен үлгі бойынша орындау. |
Іздену — ұйымдастырушы | Жан – жақты дамыту жаттығулар:I -Бастапқы қалып: аяқты бірге, қол төменде.1 – қолды жоғары көтеру. 2 – оңға, 3 – солға сылдырлату, 4 – бастапқы қалып. 3-4 рет қайталау.II – Бастапқы қалып: аяқтың арасы ашық, қол төменде.1-отыру, 2- сылдырмақты тізеге ұру, 3 – шыдырлату, 4- қалыпқа оралу. 4 – 5 рет қайталау.III – Бастапқы қалып: аяқтың арасы ашық, қол жанында 1 – 2 алға қарай сермеу, 3 – 4 артқа қарай сермеу. 4 – 5 рет қайталау.IV — Бастапқы қалып: аяқтың арасы ашық, қол төменде.1- қолды созу, 2- аяқты ұшына тигізу, 3- бастапқы қалыпқа оралу. 4 – 5 рет қайталау.V — Бастапқы қалып: аяқты бірге қойып.Қояндарша қос аяқтап секіру. Негізгі қимылдар: Тізбекпен, тізені жоғары көтеріп қатармен және шеңбер бойлап сылдырмақты сылдырлатып жүру, арқан байлап жүру. Содан соң «Ғажап тоғайға» балаларды ертіп келу. (ауладағы табиғатқа серуен). Онда балаларға жасыл ағаштарды көрсету, жапырағын ұстау, бұл не қандай? Деген сұрақтар қойып түсіндіру. Аспанға қаратып онда не көріп тұрғанын сұрау немесе айтып көрсету. Гүл теріп құмыраға жинатып салғызу, өсіп тұрған гүлдерге су құйғызу. | Торғай, гүл, аспан жер, су деген сөздерді түсініп сұрақтарға жауап береді. Гүлдерге су құйып, ұнаған гүлді жұлып алып құмыраға суға салып қояды. |
Рефлексивті коррекциялаушы | Балалардан не ұнағанын сұрау, қолында не бар оны құмыраға не үшін салатынын түсіндіру мен сұраққа жауаптар алу. Балалардың қимыл әрекетін мақтау. |
Күтілетін нәтижелер:
Жаңғыртуы: қимылдарды қайталап орындау, гүлді тану.
Түсінуі: жаттығуды дұрыс орындауды, гүлдерді тамашалауды.
Қолданады: табиғатқа өз бетінше бақылау жасауы, сылдырмақпен ойнауды.
Сәбилер «Құлыншақ» тобының ұйымдастырылған оқу іс — әрекеттің технологиялық картасы
Құркүйек айының — 1 аптасы
Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»
Оқу іс — әрекет түрі: Көркем әдебиет, сурет.
Тақырыбы: «Түрлі – түсті түймелер», Өлең жаттау «Бақшада» Ә. Табылдиев.
Мақсаты: Балаларды қағазбен таныстыруды жалғастыру, қыл қаламды дұрыс ұстауға үйрету, қолының қимылын дамыту және бағыттау. Сөздерді анық айтуға үйрету, есте сақтау қабылеттерін дамыту.
Көрнекілігі: қызыл, көк түсті бояулар, үлгі қағазға салынған көйлек пен жейде балабақша жайлы үлкен картиналар.
Әділ – тәсіл: Әңгімелеу, үлгі көрсету.
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Балаларға қораптан екі қуыршақты алып көрсету біреуі ұл, екіншісі қыз бала. Олардың үстіндегі киімдерін таныстыру.Қыз көйлегінде қызыл түймелер, ұл жейдесінде көк түймелерге назарын аудару.Содаң соң олардың көп көйлектері мен жейделері бар екен бірақ , түймелері үзіліп қалыпты, біз түйме салып берейік деп үлгі киімдер трафаретін көрсетеді. Ол үшін әзерленген өнер орталығына барамыз деп балаларды арнайы жасап қойылған өнер орталығына әкеледі. | Балалар қуыршақтармен сәлемдеседі, киімдерін тамашалайды, сұрақтарға жауап қайтару арқылы олар жайлы әңгіме айтады. |
Іздену — ұйымдастырушы | Өнер орталығында: Тәрбиешінің көрсетуімен қызыл бояу қойылған үстелге отырған балалар қыз қуыршақ көйлегіне қызыл түймелер салады. Көк бояу қойылған үстелге отырған балалар ұл бала жейдесіне көк түймелерді салады.Балалардың салған суреттерін арнайы тақтаға ілінген жерде тамашалап оның қасында картиналар бар екенің айтады. | Қыл қаламды қолдануды үйренеді, бояуға батырып оны қағаз бетіне таңбалап басады. Орындаған суреттерін тәрбиешіге береді. |
Рефлексивті коррекциялаушы | Ол картиналарда балабақша суреттері бейнеленгенін көрсетіп, балаларды картина алдына отырғызып Ә. Табылдиевтын «Бақшада» өленің жаттатады. Балаларды мақтап суреттерін бағалайды. | Картинамен суреттерді көріп тамашалап өлеңді қайталауға тырысады. Тәрбиешінің сұрақтарына жауап қайтарады, ұнаған жағдайды айтады. |
Күтілетін нәтижелер:
Жаңғыртады:
Түсінеді:
Қолданады:
Сәбилер «Құлыншақ» тобының ұйымдастырылған оқу іс — әрекеттің технологиялық картасы
Қыркүйек айының — 1 аптасы
Білім беру саласы: «Шығармашылық», «Денсаулық»
Оқу іс — әрекет түрі: Дене шынықтыру, мүсіндеу.
Тақырыбы: «Таба нан, тәтті томпақ нан», «Жүру жаттығуларын қайталау»
Мақсаты: Жүру әдістері мен дене қимылын дамыту, аяқ бұлшық еттеріне жаттығу жасауды жалғастыру. Қамыр қасиеттерімен танысу. Балшықты екі алақанның арасына салып жұмырлап дөңгелектеу қысу әдісімен бауырсақ жасау.
Көрнекілігі: үлгі мүсін, сылдырмақтар.
Әділ – тәсіл: Көрсету, дәмін татқызу, әңгімелеп түсіндіру, сұрақ қою.
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Топқа мысық келеді ол қарны ашқаның айтады. Тәрбиеші балаларға мысыққа көмек береміз мен сендерге нан және томпақ нан жасауды үйретемін.Оны аспазымыз пісірген соң досымыз мысық пен бөлісіп жейміз бе деп сұрайды. Содан соң балаларды аспаздық орталығына ертіп апарады. | Балалар мысыққа қарайды оның өтінішіне көмек береміз деп келіседі. |
Іздену — ұйымдастырушы | Онда әр балаға бір түйір қамыр әзірленген содан таба нан мен томпақ нанды жасауды тәрбиеші балаларға көрсетіп үйретеді. Балалар жұмысын аяқтаған соң тәрбиеші оны аспазға береді пісіріп әкелу үшін.Балаларды ашық аланға шығарып мысыққа қандай нан жасағандарын суретке қарап айтуын сұрайды. Нанның дәмі қандай екенін әңгімелетеді. Сол сәтте аспаз пісірген (алдынала) нандарды әкеледі балалар одан дәм татады мысыққа да береді. Содан соң тәрбиеші балаларды мысықпен ойнап жаттығу жасайық деп ортаға шығарады. Шеңбер бойлап тұрғызады, денені жан жақты дамытушы жаттығуларды жасатады. Тізбекпен, тізені жоғары көтеріп шеңбер бойлап сылдырмақтарды сылдырлатып жүру, арқан бойлап сылдырмақтарды сылдырлатып жүру, арқан байлап жүру, ирек жолмен жүру әдістерін қайталайды. | Тәрбиешінің көрсеткен үлгісімен нандарды жасайды. Қолдарына берген нан жайлы карточкалы суреттерді тамашалап, мысыққа көрсетіп әңгімелейді. Ашық алаңда мысықпен бірге жаттығуларды орындайды. |
Рефлексивті коррекциялаушы | Балалардың мысыққа қамқорлық жасау және онымен ойнау ұнады ма деп сұрақ қою арқылы немен айналысқандарын айтқызу, жауаптарын іс – әрекеттерін бағалап мақтайды. | Не ұнағанын айтады. |
Күтілетін нәтижелер:
Жаңғыртады: нан жасау әдістерді, мысыққа қамқор болуды.
Түсінеді: жаттығуларды дұрыс орындауды, нанның қажеттілігін, қамырдың қасиетін.
Қолданады: Балшықтан нан түрлерін жасауды, жүру түрлерін.
Сәбилер «Құлыншақ» тобының ұйымдастырылған оқу іс — әрекеттің технологиялық картасы
Қыркүйек айының — 1 аптасы
Білім беру саласы: «Таным», «Әлеуметтік орта»
Оқу іс — әрекет түрі: Қарапайым математикалық ұғымдар, сабырлық.
Тақырыбы: «Тік төртбұрышпен таныстыру, сабырлық»
Мақсаты: Геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту, қарапайым математикалық ұғымдарын дамыта отырып тік төртбұрышпен таныстыру. Үстел – үсті ойыны арқылы геометриялық пішіндерді жасап, қол саусақ моторикасын дамыту. Сабырлықпен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: мозаика құралы, қиынды геометриялық пішіндер дөңгелек, тік төртбұрыш.
Әділ – тәсіл: көрсету, түсіндіру, саусақтарға жаттығу жасау.
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Балаларға мозайка шағын тақтасында теріп жасалған дөңгелекті көрсету. Неге ұқсастығын сұрап, доп туралы өлең оқу. | Балалар тәрбиеші ұсынған үлгіге қарап кілемше, дөңгелек құрастырады. |
Іздену — ұйымдастырушы | Содан соң топқа еденде жатқан тік төртбұрыш кілемшені көрсету, сондай кілемшені мозайканы теру арқылы тақтада жасату оның пішіні тік төртбұрыш екенін түсіндіру және дөңгелек жасап салыстыру. Мозайканы құрастыру барысында түсіне көніл аудару, асықпай сабырлы болуға үйрету. | Құрастыру барысында асықпауды, сабырлы болуды үйренеді |
Рефлексивті коррекциялаушы | Балалардың жасаған мозайкасын қарап тамашалау, бағалау, мақтау. | Балалар барлық мозайка түрлерін тамашалайды қайысысы әдемі екенін айтады. |
Күтілетін нәтижелер:
Жаңғыртады: үлгіге қарап түсіндіру, теру әдістерін орындауды..
Түсінеді: теру арқылы ұсынылған шеңберден шықпауды, сабырлы болуды.
Қолданады: мозайка құралында дөңгелек пен тік төртбұрышты өз бетінше теруді, әңгімелеуді.
Сәбилер «Құлыншақ» тобының ұйымдастырылған оқу іс — әрекеттің технологиялық картасы
Қыркүйек айының — 1 аптасы
Білім беру саласы: «Денсаулық», «Қатынас»
Оқу іс — әрекет түрі: Дене шынықтыру, тіл дамыту.
Тақырыбы: Лақтыру жаттығу – ұсақ заттарды алысқа лақтыру. 1 м қашықтыққа. «Жазғы киім»
Мақсаты:Күнделікті жазғы киімдерін атауын меңгертіп. Киім деген сөзге қандай бұйымдар жататынын, тануын қалыптастыру. Сөздік қорын дамыту. Лақтыру әдістерін меңгерткізу.
Көрнекіліктер: майда лақтыруға лайық доптар немесе құм салынған қапшықтар, түрлі балалар киімдерінің үлгісі, суретті карточкалар.
Әділ – тәсіл: көрсету, сұрақ қою, үлгі бойынша қимыл жасату.
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Балалрды шеңберге жинап денені жан жақты дамытушы жаттығуларын жасату. Балаларға майда доптарын көрсетіп оларды алып нысанаға тигізу керек екендігін айту, нысана ретінде жазғы киімдер. | Балалар майда доптарды алып нысанаға – жазғы киімдерге лақтырады, тигізіп алған киімді алып тәрбиешіге береді атын айтады. |
Іздену — ұйымдастырушы | Әр бала нысанаға – жазғы киімге допты лақтырып тигізген соң оны әкеліп атын айту, әңгімелету. Қимылды ойын: «Поезд».Балалар колонаға бір – бірден тұрады (бір – бірімен қолдаспай), Біріншісі паравоз, ал қалғандары – вагондар. Тәрбиеші гудок береді де, поезд алға жылжи бастайды, ең әуелі баяу, кейін жылдам, жылдамырақ және ең соңында балалар жүгіреді. «Поезд станцияға келді» — дейді тәрбиеші. Балалар жүрісті бірте – бірте баяулатады да, поезд тоқтайды. Балалар серуенге шығады. Олар жан – жаққа тарап, гүлдер, жеміс, санырауқұлақтар тереді. Гудокты ести сала олар қайтадан колоннаға тұрады да, поездің қозғалысы жанадан басталады. Ойын 4 -5 рет қайталады. | Қимылды ойынға қатысады |
Рефлексивті коррекциялаушы | Балалардың белсенділігін бағалау, мақтап мадақтау. | Балалар ойыннан алған әсерін сөзбен әңгімелейді. |
Күтілетін нәтижелер:
Жаңғыртады: тәрбиешінің айтуымен киімдердің атын қайталап айтады.
Түсінеді: жаттығуды дұрыс орындауды, ойынға қатысуды, киімдерді атауды.
Қолданады: киімдерді қолданып аттарын атайды.
Сәбилер «Құлыншақ» тобының ұйымдастырылған оқу іс — әрекеттің технологиялық картасы
Ақпан айының — 2 аптасы
Білім беру саласы: «Таным»
Оқу іс — әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру, математика қарапайым ұғымдары.
Тақырыбы: Жоғалған ойыншықтар, «Кімнің құйрығы»
Мақсаты:Ойыншықты жоғары, төмен, стол үстіне, астына жасыру арқылы осы түсініктерді түсініп бағдарлай білуді үйрету. Қоянның, мысықтын, күшіктің дене мүшелерімен таныстыру, құйрықтарын салыстыру, айырмашылығын әңгімелеу. Олардың айырмашылығын түсіндіру.
Әділ – тәсіл: Интеграциялау, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, ойын, сұрақ – жауап.
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Дидактикалық ойын: «Не қалай дыбыстайды?» Балаларға «Ғажайып қоржынға» қол салып көруді ұсыну. Не сезгенін айтқызып қолына ілінгегін алып шығуды тапсыру. Шығарға ұүйрық кімдікі екен әңгімелету. | Дидактикалық ойынға қатысады, ғажайып қоржыннан алған мысық, ит, қоян, тышқан құйрықтарын атап әңгімелейді, салыстырады. |
Іздену — ұйымдастырушы | Содан соң балаларға екі ойыншықты көрсету, оларды тығып қойып қай жерде екен іздеп табайық деймін.Балалар көзін жұмған кезде ойыншықтарды терезе алдына, есік артына қойып қайда тығылды деп сұраймын. Ойын бір неше рет қайталанады.Сергіту сәті:Біз қандаймыз, қандаймыз?Шұғылалы таңдаймыз.Күлімдеген күндейміз,Еш уайымды білмейміз. | Балалар ойыншық тұрған ежерін атап көрсетіп оны алып келеді. |
Рефлексивті коррекциялаушы | Балалардың іс – әрекетін сипаттап бағалау. | Өз білгендерін қорытады. |
Күтілетін нәтижелер:
Жаңғыртады: Жануарлардың құйрықтарын таниды, кеңістікті бағдарлайды.
Түсінеді: жануарлардың дене мүшесін айтуды, ойыншықтардың орналасқан орынын атауы.
Қолданады: қимыл әрекет асауды, ойыншық жасырып ойнауды.
Сәбилер «Құлыншақ» тобының ұйымдастырылған оқу іс — әрекеттің технологиялық картасы
Ақпан айының — 2 аптасы
Білім беру саласы: «Денсаулық», «Қатынас»
Оқу іс — әрекет түрі: Денешынықтыру, тіл дамыту.
Тақырыбы: «Бесікке бөлеу», өткен жаттығуларды пысықтау
Мақсаты: Сәбилерге қандай жағдай жасау қажет екендігін айтып, сол қызметті орындауды қалыптастыру. Ана әлдиін айтқызу. Жан жақты денені дамытушы жаттығуларды пысықтау, белгілі затқа дейін 6 м қашықтыққа биіктігі 30 – 40 см жіптің астынан еңбектеп өту, заттар арасына жарыса еңбектеуді қалыптастыру.
Әділ – тәсіл: Көрсету, түсіндіру, ойын.
Көрнекіліктер: бесік жабдығы, спорттық құралдар.
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Топқа әже келеді, бесікті жабдығымен әкеледі. Балалардың бір құыршағы жылап ұйықтағысы келгенін білгенсоң бесік әкелгенін айтады. | Әжемен сәлемдеседі. Оның әңгімесін тыңдайды. |
Іздену — ұйымдастырушы | Балаларды бесік айналасына отырғызып, бесік жабдықтарымен таныстырады. Балалардан өздерінің төсегін атауды сұрайды.Бесікті тербетіп «әлди» әнін айтады. Содан соң балаларды ашық алаңға шақырып тынығу жаттығуларын жасайық дейді.Шеңбер бойлап жұру әдістерін орындаған соң оларды екі кіші топқа бөліп белгілі затқа дейін 6 м қашақтыққа биіктігі 30 – 40 см жіптің астынан еңбектеп өту, заттар арасына жарыса еңбектеуін ұйымдастыру.Қимылды ойын: «Тырналар — тырналар» | Төсек атауларын – ақ жайма, көрпе, жастық және оладың қаптағыштарын айтады. Әженің әлдиін тыңдайды. Ұсынылған жаттығуларды ептілікпен орындайды.
|
Рефлексивті коррекциялаушы | Балалардың іс – әрекетін сипаттап бағалау, мақтау, қолдау. |
Күтілетін нәтижелер:
Жаңғыртады: Дене жаттығуларын жасауға қызығушылығын арттырып, жүгіру, еңбектеу, тепе – теңдікті сақтауды орындайды, әже сұрақтарына жауап береді..
Түсінеді: жаттығулар арқылы қимыл белсенділігін меңгерді. Бесік жабдығын атады. Қолданады: құыршақты өз бетінше бесікке бөлеуді, жұбатуды.
Интеграция арқылы жасалған екен, жақсы.
Өте жаксы Қалай жуктесек болады?
маган жаратылстану тех картасы керек кимде бар жыбере салындарш жане музыка тех картасы
рахмет!!!!
Маған +4 +5 тің техкартасы керек!
саламатсыздарма кимде или саитта ағылшын тилинен балабақшаға арналған тех карталар барма
Сәлеметсіздерме! Сіздерде мектепалды даярлық тобының циклограммасы бар ма?
Саламатсыз, бізде бар материалдың барлығы сайтта жарияланған.
ән сабағынан ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы керек. көмектесе аласыздар ма?
Толык ашылып жазылмаган
қалай көшіруге болады
Өте жақсы
Өте жақсы
Magan unady, jaksy kurylgan
маған музыкадан технологиялық карта керек
Құрастыру сабақ жоспары керек
керемет екен, маған ұнады.
Мектепалды даярлық тобының сабақ жоспарын қайдан алсам болат?
Сәлеметсіздер ме маған мектепалды даярлық тобының сабақ жоспарлары ба хабарласыңыздаршы бауырмал қазақ халқы өтінем
өте жақсы жазылған.бірақ маған ағылшын тілінен керек.болса жибересізба
өте жаксы 3 аптансыныңкі болса жазып жибериниздерши
кушти жазылган
Magan tehnologialik karta ote jaksi uandi magan kerek edi!!!!
Өте жақсы жазылған. Маған унады.
маған технологиялық карта керек.
маған технологиялық карта қажет
Денешынықтыру мен математика басқа пәндермен кіріктірілмейді
Түсінбедім, бұл қандай технологиямен жазылған
білім-инемен құдық қазғандай